Күні: 20.11.2014 Сыныбы 10 «ә»
Сабақ тақырыбы: Вирустар мен бактериофагтар
Сабақ мақсаты: Вирустардың құрылысы мен табиғаттағы ролін оқып білу
Сабақ міндеттері:
Білімділік:Вирустар мен бактериофагтардың құрылысындағы ерекшеліктерін түсіндіру,вирустар туралы білім қалыптастыру
Дамытушылық:Оқушыны тірек конспектісін өз бетінше құруға үйрету,болашақта мамандық таңдауға бейімдеу
Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру,рухани адамгершілік көзқарас қалыптастыру
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта,кроссворд,үлестірмелі тест материалдары
Сабақ әдісі: рөлдік ойын, әңгіме, жұппен жұмыс
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2.Сабақта оқушылардың көңіл күйін білдіретін смайликтер таңдау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге «Ядроның биологиялық рөлі» деген тақырып берілген. «Үшқадамды сұхбат» әдісі арқылы үй тапсырмасын талдауға үш оқушы тақтаға шығарылады. Қалған оқушылар осы мезгілде өткен тақырыпқа байланысты тест сұрақтарымен жұмыс жасайды.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білу үшін келесі сөзжұмбақты шешіп көрейік.
Жасуша теориясын қалыптастырған ғалым
Жасушалардың бөліну арқылы көбейетінін дәлелдеген ғалым
Р.Броун ашқан органоид
Ағаш тығынынан жасушаны алғаш рет көрген ғалым
Барлық прокариот және эукариот жасушаларында болатын нәруыз синтезін жүзеге асыратын органоид
Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?
Вирус сөзі шықты,ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы-Вирустар мен бактериофагтар.(1-слайд)Бұл тақырыпты түсіндіріп бізге беймәлім вирустар мен бактериофагтар әлемі туралы баяндап бермекке бізге көмекке ғалымдар келіп отыр.Ендеше оларды ортаға шақырайық. Алдымен микробиолог ғалым бізге вирустардың құрылысы мен табиғаттағы ролін баяндап береді.
Микробиолог:(слайд 2) Вирустар мен бактериофагтар –бұлар жасушасыз тіршілік құрылымдары.Олар жасушадан тыс өмір сүре алмайды, сондықтан оларды жасушаішілік паразиттер деп атайды.Вирустар эукариот жасушаларын зақымдайды,ал бактериофагтар прокариот жасушаларын зақымдайды. «Вирус» латын тілінен аударғанда у деген мағынаны білдіреді.Бұл терминді құтыру ауруының қоздырғыштарын зерттеген француз ғалымы Луи Пастер енгізді. (слайд3). Сондай ақ 1892 жылы темекі теңбілі ауруын вирустардың туғызатынын зерттеген орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский биология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. (слайд4) 1917 жылы канадалық биолог Эррель бактерия жасушасын зақымдайтын бактериофагтарды ашты. (слайд5) вирустардың ашылуы биологияның жаңа саласы вирусологияның пайда болуына себепші болды. Вирустар екі түрлі формада болады
1.Жасушадан тыс,тыныштықтағы вирустар – вириондар деп аталады
2.Жасушаішілік вирустар-көбею сатысындағы вирустар
Слайд (6) Вирустардың өлшемі 20 нм ден 300 нм ге дейін жетеді. Оларды электронды микроскоппен көруге болады. Ең ірілері 700 нм ге дейін жетеді.
(Cлайд 7)Вирустар мен бактериофагтар дың құрылысы өте қарапайым,мысалы темекі теңбілі вирусы нәруызды қабықшамен қапталған РНҚ дан тұрады.Оны капсид деп атайды.Ал бактериофаг ішінде ДНҚ сы бар басынан,құйрығынан және денесінен тұрады. Вирустардың қабықшасында ДНҚ мен РНҚ дан басқа көмірсулар мен липидтер де болады. Вирустар мен бактериофагтарды жасушаның генетикалық тұрғыдан оқшауланған элементтері деп санайды.
2. Вирустар мен жасушаның арақатынасы туралы және вирустық аурулар туралы бізге дәріген терапевт баяндап береді.
(Слайд 8)
Терапевт: Вирус түрлі ағзаларда аурулар туғызады
Теңбіл ауруы Жолақ ауруры
Ширатылу
Құтыру
Тұмау
аусыл
Желшешек,қызылша,полиомиелит,
Шешек,гепатит,тұмау,ЖҚТБ
Вирустық аурулар өте ерте заманнан белгілі. б.з.б 413 жылы Гиппократ тұмау белгілерін сипаттап жазған болатын. (Слайд9) Вирустық ауру вирустың жасуша ішіне енуінен басталады.Вирустар жасуша ішіне жасуша қабықшасын зақымдай отырып,пиноцитоз не болмаса фагоцитоз жолымен өтеді.Жасушаға енген соң вирустың ДНҚ сы немесе РНҚ сы иесінің ДНҚ тізбегіне өз ақпаратын енгізіп, көбейе бастайды.Осы кезде жасушада жаңадан вирустық нәруыздар пайда болады. Олар нуклеин қышқылымен қосылып,жаңа вирустарды түзеді. Түзілген вирустар жасушадан сыртқа шығып, жасуша тіршілігін жояды. Вирустар адамға ауа тамшы жолдарымен(тұмау),бунақденелілер арқылы(кене энцефалиті),жануарлар арқылы (құтыру),қан арқылы (ЖИТС,гепатит) беріледі.
(Слайд 10 ) ЖҚТБ –ХХІ ғасыр обасы аталған қауіпті вирустық ауру. Бұл аурудың белгілері 1981 жылы АҚШ та тіркелді.Бұл ауру АҚТҚ вирусы арқылы жұғады. Жұғу жолдары жыныстық қатынас арқылы,қан құйғанда,жүкті анадан іштегі шаранаға ,бір егу инесін бірнеше мәрте пайдаланғанда жұғады. Бір айта кететінім, бұл вирус тұрмыстық жолдар арқылы жұқпайды.
Вирустық аурулардың эпидемиясы туралы тарихшы ғалымның әңгімесіне құлақ түрейік.
Тарихшы: ғаламшарымызда вирустық аурулар эпидемиясы ерте заманнан болып келеді,әлі де бола бермек.Мысалы шешек эпидемиясы ғасырлар бойы Еуропа,Азия,Америка елдерінде таралып келді.Эпидемия әрбір бес он жылда қайталанып тұрды. Мыңдаған адам сары безгек ауруының құрбаны болды. (Слайд 11) 1801 жылы Наполеон әскері Гаити аралында жеңіліске ұшырауының бірден бір себебі,сарбаздардың жаппай сары безгек ауруына шалдығуы еді.Ежелгі Египетте аса қатерлі полиомиелит ауруы пайда болып,осы күнге дейін жетті.ХХ ғасырдың ортасында полиомиелит Еуропа,Азия,Америка елдерін шарпыды. Әйгілі АҚШ президенті Франклин Рузвельт те полиомиелит ауруымен ауырғаны туралы дерек бар.Әрбір көктем,күз сайын белгі беретін тұмау да бір кездері қатерлі болған. Мысалы, тұмаудың «испанка» деген атқа ие болған бір түрі 1918 жылы таралып,одан 40 млн адам ажал құшты.Қазіргі кезде ЖҚТБ,құс тұмауы,атипті пневмония сияқты вирустық аурулар эпидемия қаупін туындатуда.
Вирустармен күресу жолдары мен алдын алу шаралары туралы эпидемиолог дәрігер кеңінен таратып айтып бермекші.
Эпидемиолог:
(Слайд12)Тарихшымыз айтқандай,вирустардан төнген қауіпке қарсы шаралар ойлап табу қажет болды. Ең алғашқылардың бірі болып сол қауіптің алдын алу шарасын ойлап тапқан ғалым Эдуард Дженнер.1798 жылы шешек ауруын зерттеген ғалым осы аурумен ауырып жазылған адамдардың екінші рет ауырмайтынын байқаған. Ол сегіз жасар баланың иығына сиыр шешегінің қоздырғышын егеді.Баланың иығында тыртық қалады.Содан кейін нағыз шешектің қоздырғышын еккенде бала ауырмайды.Осылайша вакцина пайда болады,яғни вакцина дегеніміз – өлтірілген немесе әлсіретілген вирустардың түрлері.вакцинаның арқасында көптеген аурулар бұрынғыдай эпидемия туындатып,қайғылы жағдайларға душар етпейтін болды. Алайда вакцина жасаудың бірқатар қиыншылықтары да бар.Себебі вирустар өте тез мутацияға ұшырап,өзгеруге қабілетті, және жасуша ішінде көптеген уақыт белгі бермей, жасырын жүре беруі мүмкін.Қазіргі таңда түрлі ағзалардың вирус геномдарының бірігуінен пайда болған вирустар күн санап көбеюде. Мысалы құс тұмауы мен атипті пневмония вирустары адам мен жануар вирустарының геномынан құрылады.Сондықтан,қазіргі таңда вирусологтардың алдында тұрған басты мәселе- вирустарды тереңірек зерттеп, алдын алатын күшті вакциналар ойлап табу.
ІҮ.Әңгімелесу
Оқушылардан ЖҚТБ дертін жұқтырған адамдарға деген қарым қатынасы мен көзқарасын сұрау.
Ү. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар жасау
ҮІ. Сабақты бекіту
1.Оқушылар вирустар мен бактериофагтар әлемімен танысты. Сыныптастарының әңгімелері мен оқулықты пайдалана отырып, тірек конспектісін құрып,оны дәптерге жазады
2. Жаңа тақырып бойынша тест сұрақтарымен жұмыс жасайды
Тест 1 нұсқа
1.Қандай ауру адамның иммундық жүйесін бұзады
А)ангина В)қызылша С) ЖҚТБ
2. жасушасыз тіршілік иелеріне жатады
А) вирус В) бактерия С) микроб
3.Вирустарды кім ашты
А) И.И. Мечников В) Д.И. Ивановский С) Р.Гук
4.Жасушасыз тіршілік иелерін зерттейді
А) вирусология В)цитология С)микология
5.жасушадан тыс жерде тіршілік ете алмайтындар
А) бактериялар В) бактериофагтар С) саңырауқұлақтар
Тест 1 нұсқа
1.Қандай ауру адамның иммундық жүйесін бұзады
А)ангина В)қызылша С) ЖҚТБ
2. жасушасыз тіршілік иелеріне жатады
А) вирус В) бактерия С) микроб
3.Вирустарды кім ашты
А) И.И. Мечников В) Д.И. Ивановский С) Р.Гук
4.Жасушасыз тіршілік иелерін зерттейді
А) вирусология В)цитология С)микология
5.жасушадан тыс жерде тіршілік ете алмайтындар
А) бактериялар В) бактериофагтар С) саңырауқұлақтар
.Бір біріне тест жауаптарын алмасу арқылы жұмыстарын оқушылар өздері тексереді. Нәтижелерін мұғалім кестеге түсіреді.
ҮІІ Бағалау
ҮІІІ Үйге тапсырма
Рефлексия
Түрлі түсті смайликтерді таңдау арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.