Пәні:Биология сынып: 9
Сабақ тақырыбы: Ядро және оның құрылысы мен қызметі.
Ядроның жетекші рөлі.
Сабақ мақсаты: Жасуша ядросының құрылысы мен қызметі, өсімдік пен жануар жасушасының құрылысының айырмашылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Ядро және оның құрылысы,қызметі, жетекші рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жасуша ядросы туралы білімдерін жетілдіру, тапсырмалар арқылы өз бетінше меңгеруге , жұмыстануға, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Дәстүрлі
Сабақ түрі: Аралас
Саб.қолд.әдістер: түсіндіру, ой қозғау әдісі, «биолог.почта», «түйінді сөздер», «биолог.диктант», тест жұмысы,бағалау парағы
Пәнаралық байл\с: зоология, цитология, физика
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер,плакаттар, маркер
Барысы: I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу
Оқушылардың оқу құралдарына назар аудару.
II. «Сәттілік» тренингі , бір-біріне жақсы тілектерін жеткізу.
III. Үй тапсырмасы. Жасуша құрылымдары
1. «Ой қозғау» әдісі
1.Цитология дегеніміз не?
2. Жасушаны алғаш зерттеген ғалым?
3.Жасуша құрылымдары?
2. Салыстырмалы кестені толтыру
Өсімдік
Жануар
3. «Биологиялық почта» әдісі. Сыныпқа почта келеді, сол конферттен ішінде «жасуша құрылымдары» жазылған сөздер болады, соларға анықтама береді.
Вакуль, пластидтер, цитоплазма, эндоплазмалық тор, лизосомалар, рибосомалар, жасуша қаңқасы, митохондриялар,т.б.
III. Жаңа сабақ
Ядро және оның құрылысы, қызметі. Ядроның жетекші рөлі.
1831 ж. Ағылшын ботанигі [link] микроскоппен жапырақтың құрылысын қарап , жасуша ішіндегі тығыз түзілісті көріп, оны "nuclei" — ядро деп атаған.
ЯДРО - өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының маңызды құрам бөлігі.
Ядро шар тәрізді, сопақшалау, кейде дұрыс пішіні болмайды. Диаметрі бірнеше мкм- ден (метрдің млн- нан)бір бөлігі) бір жарым мм-ге жетеді.
ЯДРО
Ядрошық (тығыз денешік)
Ядро қабықшасы
Ядро шырыны хроматин(хромосома)
сыртқы ішкі (гель тәр.сұйықтық) (хром.тарқатылған жіңішке
мембрана жіп тәр. күйі)
Ядроның атқаратын қызметі:
1.Тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтап, оны бөліну процесінде келесі ұрпақ жасушаларына беру.
2.Жасушаның барлық тіршілік әрекетін бақылау, басқару.
IV. Сабақты бекіту.
Тақырыптық түйінді сөздер
(бүгінгі тақырыпта айтылған сөздерді теріп жазу)
Дәптермен жұмыс(бүгінгі тақырыптық сөздерді дәптерлеріне жаза отырып анықтама береді.)
Р.Броун , ядро
Ядро қабықшасы
Ядро шырыны
Хроматин
Ядрошық
Сабақты пысықтау:
А) «Ия» немесе «Жоқ» ойыны
Ядро дегеніміз- бұл жарғақшасыз органоид па?(жоқ
Ядро шырыны гель тәрізді сұйықтық па? (ия
Жасуша бөлінуі кезінде щентромерасы арқылы бөліну ұршығының жіпшесіне байланысты ма? (ия
Ядро қабықшасы бір қабатты мембранадан тұрады ма? (жоқ
Ядрошықта нәруыз биосинтезін қамтамасыз ететін рибосома бөліктері қалыптасады ма? ( ия
Ә) “Жалғасын тап” биологиялық диктант
Жасушаның маңызды бөлігінің бірі ол …………….
ядроның негізгі сұйықтығы ……… ………. деп аталады.
………… дегеніміз ДНҚ ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік.
……. дегеніміз хромосомадағы құрылыс қызметін атақаратын нәруыз.
Ядро қабықшасы екі .......... ................. тұрады.
Б) Тест сұрақтары
1. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі
а) ядро ә) рибосома
б) хромосома в) гистон
2. Ядро қабықшасының ішіндегі қоймалжың зат
а) хромосома ә) ядро шырыны
б) ядрошық в) эндоплазмалық тор
3. ДНҚ ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік
а) хромосома ә) ядро шырыны
б) ядро в) ядрошық
4. Адамағзасындағы хромосома саны
а) 48 ә) 23 б) 46 в) 45
5. Ядро құрамын көрсет
а) вакуоль ә) цитоқаңқа б) ядрошық в) пластид
V. Қорытынды
«INSERT» кестесі
- - мен үшін түсініксіз ? – тереңірек білгім келеді
VI. Бағалау
Оқушылар сабақтың басында бағалау парағы таратылады, әр бөлім бойынша өздерін бағалап отырады, соңында мұғалім өзі қорытынды жасайды.
Салыст. кесте
Биолог. почта
Түйінді сөздер
Биолог. диктант
Тест
жұмысы
Қорытынды
(мұғалім)
Айтімова А
Бекова Т
Қанатова Ш
ОрынғалиевЖ
Кенжебеков Б
Маратова О
VII.Үйге тапсырма
$8 Ядро және оның құрылысы мен қызметі. (тақырыпты оқу)
А В С деңгейлік тапсырмаларға жауап дайындау.