Биология пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы: Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін:

Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев



Сабақ жоспары

Сабақ :

Күні:

І топ ІІ топ


Тақырыбы: Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Мақсаты:

Білімділігі: Эволюциялық ілімнің даму тарихын толық меңгеру.

Дамытушылығы: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайдтар, карточкалар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың жүру барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Эволюция ұғымы. Эволюция деп органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой−пікірлер ертедегі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілім XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан ө “Зоология философиясы” атты еңбегінде: “Түрлер тұрақты емес, олар уақыт өткен сайын өзгеріп, біршама жетілдірілген жаңа түрге айналады. Олай болса, тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тарихи даму жүреді”,- деді және ол әрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші болып ғылымға “биология” терминін енгізіп, бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлді.

Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі[

"Тірі табиғат өзгермейді" деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог-ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. [link]  (жираф) мойнының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндірді. Ламарк — көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.


Ж.Б.ЛАМАРК іліміне берілген баға. Ламарк биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Ол “түр тұрақты” деген пікірді жоққа шығарып, “түрлер өзгереді” деген көзқараста болды. Ламарк бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері туралы мәселе көтерді.“Тірі организмдердің тарихи дамуы барысында уақыт және сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады”, - деп орынды айтқанымен, эволюцияның қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмады. Оны түсіндіруде: “Әр организмде жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс болады”, - деген қате пікірде болды.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Бірінші болып ғылымға “биология” терминін енгізген француз ғалымы:

  2. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілімді қалған француз ғалымы:

  3. Биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым:

  4. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер жазған ертедегі ойшылдарының мемлекеттері:

  5. Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесі:



IV. Қорытынды