Күні:
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының әлеуметтік және биологиялық бағыттары. «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршіліктің жетекші рөлі.
мақсаты: Нәсілдер, олардың түрлері, нәсілтану ғылымы туралы жан жақты білім алу. Нәсілшілдікті және дарвинизмді сынау ерекшеліктерімен жете танысу,алған білімді өмірде қолдана білу.
Оқу нәтижесі: Нәсілдер, олардың түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғынады.Мұғалім сабақ барысында берген білімді оқушы жетістікке жететіндей етіп бағыт алады.
Түйінді идеялар: Нәсілдер, олардың түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтарына жеке тоқталып, түйінді пікірлерін дәлелдеу. Нәсілшілдікті және дарвинизмді сынау ерекшеліктерімен жете танысып, нәсілтану ғылымының дамығандығына көз жеткізу.
Тапсырма көздері: «ЖИГСО » стратегиясы арқылы жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыс. Нәсілтану ғылымы туралы интернеттен алынған ақпараттармен жұмыс жасау.
Жаттығулар: 1. Интерактивті тақтадағы карта бойынша жұмыс жасау.
2. Шығармашылық жұмыс істеу.
3. Топтық жұмыс орындау.
4.Биологиялық жаджазу.
5. Жеке жұмыс.
Оқуға арналған тапсырмалар: Қосымша оқу үшін
«Биологиялық зерттеулер» бөлімі, «Аралас нәсілдердің биологиялық ерекшеліктерінің біз білмейтін құпияларымен» танысып,сыныппен ой бөлісуге дайындалу.
САБАҚ барысы
І.Рефлексия.(1 минут)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. (3 минут)
Кескіндермен жұмыс.
1-тапсырма
Оқушыларды топқа бөлу мақсатында «Отбасындағы орным» тренингін өткізу. Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (2 минут)
Тұңғыштар: І топ
Ортаншылар: ІІ топ
Кенжелер: ІІІ топ
Көзайымдар: ІҮ топ
2-тапсырма.Тақырыпты ашып алу үшін ойтолғаныс ретінде «Нәсілдер»туралы видеофильм көрсету.(3 мин)
Ойқозғау.
Биологиялық жүйелеуде сіз кімсіз?
Қай нәсілге жатасыз?
Қай дүние бөлікте өмір сүресіз?
Адамдарды нәсілдік кемсітуге бола ма?
3-тапсырма «ЖИГСО» стратегиясы.
І топ . Европеоидтық нәсілдердің биологиялық ерекшеліктері.
ІІ топ. Монголоидтық нәсілдердің биологиялық ерекшеліктері.
ІІІ топ. Негроидтық нәсілдердің биологиялық ерекшеліктері.
ІҮ топ. Нәсілтану ғылымы , аралас нәсілдер.
Төрт топқа берілетін уақыт (20 минут)
4- тапсырма. Дәптермен жұмыс.Биологиялық жаджазу. (5 минут)
Жеке жұмыс. Атлас картаға нәсілдердің орналасқан географиялық аймақтарын белгілеу. (5 минут)
5-тапсырма.«Мен күтпеген сурет» тренингі (2 мин)
6-тапсырма.Бағалау.10 баллдық жүйе бойынша
(2 мин)
7-тапсырма.Үйге тапсырма беру(1минут) Шығармашылық жұмыс.«Аралас нәсілдердің биологиялық ерекшеліктерінің біз білмейтін құпияларымен» танысу.
8-тапсырма.Рефлексия. (2 мин)