Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері.
Сабақтың мақсаты: І Білімділік: Оқушыларға тыныс алудың маңызына қатысты мәліметтерді бере отырып, тыныс алу мүшелеріне тоқталып адамның ішкі құрылысына қатысты білімдерін толықтыру.
ІІ Тәрбиелік: Оқушылардың өз өмірін бағалай білуге түрткі болу.
ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізуге жағдай жасай отырып, пәнге қатысты білімдерін шыңдауға негіз болу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, тест, сатылай кешенді талдау, семантикалық карта, графикалық диктант, сәйкестендіру кестесі.
Құрал-жабдықтар: Оқулық, кестелер, интерактивті тақта.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру: -Сәлемдесу.
Ой шақыру (1 минут).
-Ал балалар. Бүгінгі біздің сабағымызды біз сиқырлы сандықпен өткіземіз. Бұл сандықтың сиқырлылығына сабақ барысында көз жеткіземіз.
-Cандықтың сиқырлы екендігіне көз жеткізгілерің келеді ме? Ол үшін үй тапсырмасына негізделеген тапсырмаларды орындауымыз керек.
- Алғашқы тапсырма арқылы біз сандықтың кілтін аша аламыз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (5+1):
І.Альтернативті тест.
1. Жүрек үш бөлімнен тұрады. жоқ
2. Артерия ең ірі қан тамыры. иә
3. Кіші қан айналым шеңбері өкпе мен жүрек аралығында жүреді. иә
ІІ.Ашық тест.
1.Гипертония кезінде қан қысымы қандай болады?
А) жоғары ә) төмен б) өзгеріссіз в) қалыпты
2. Гипотания кезінде қан қысымы қандай болады?
А) жоғары ә) төмен б) өзгеріссіз в) қалыпты
3. Үлкен қан айналым шеңберінің маңызы.
А) Көздің жақсы көруін қадағалайды.
Ә) Қоректік заттарды тасымалдайды.
Б) Эритроциттерді түзеді.
В) Оттегін ғана тасымалдайды.
4. Ликемия ауруы қай қан жасушасымен байланысты?
А) Эритроциттер ә) лейкоциттер б) тромбоциттер в) фагоциттер
ІІІ. Жабық тест.
Қаназдық ауруының атауы. Анемия.
2. Вена қан тамырларынан аққан қанның түсі. Күңгірт-қызыл.
3. Жүрек кемістігінің екі түрін жаз. Туа және жүре пайда болған.
Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:
Өзара алмасып тапсырмаларын тексереді. ІІІ Жаңа сабақ:
(1 минут)
Қызығушылығын ояту: Сандық сөзі: - Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сиқырлы сандықпын. Бүгінгі сабақта әр орындаған тапсырмаларың үшін менен тәтті сыйлық аласыңдар. Бірақ. Тапсырманы орындау деңгейлеріңе орай алатын тәттілерің де алуан түрлі болмақ. Яғни, тапсырма өте жақсы орындалса жасыл түсті кәмпитке, жақсы орындалса, қоңыр түсті, орташа оырындалса, көк түсті кәмпитке ие боласыздар. Ал, іске сәт!
І тапсырма: Сөзжұмбақты шешу. (2 минут)
1 Ірі қан тамыр жүйесі.
2 Эритроциттің түсі.
3 Бүкіл денені бойлай жүретін қан айналым жүйесі.
4 Иммунитеттің түрі (Дәрі-дәрмекті қолдану).
5 Адамның әр түрлі ауру түрлеріне қарсы тұратын жүйе.
6 Ұсақ қан тамырлары.
7 Ақ қан түйіршігі.
8 Вирус сөзінің мағынасы.
Сыйлық беру.
-Тыныс алу жүйесіне қатысты видео көрсету. (2.5-0.5 минут)
ІІ тапсырма
Сатылай кешенді талдау жасау.
1 [pic] [pic] [pic] [pic] Тыныс алу мүшелері (2 минут)
2 Тыныс алу жүйесінің компоненттерін табу. №8 интерактивті тапсырма. (3 минут)
Сыйлық беру.
ІІІ тапсырма.
Семантикалық карта (4+1 минут)
Сілемейлі қабық
Қан тамырлары әсерінен
Кеңсірік
Лейкоциттер
Ауа жылынады.
+
Мұрын қуысындағы микробтарды жояды.
+
Тыныс алу мен ас қорыту жолы түйіседі
+
Кеңсіріктегі ауа ылғалданады
+
Ауа танау тесіктері арқылы қайда барады
+
Сыйлық беру.
-Сергіту сәті. Австралиялық жаңбыр. (2 минут)
ІV тапсырма. Графикалық диктант. Топпен жұмыс. (4+1)
[pic]
Б [pic] ронхы
А [pic] львеола
К [pic] еңірдек
Д [pic] ыбыс саңылауы
К [pic] [pic] өмекей
Дыбыс сіңір Ауа кө Іші қуыс Ауата Көмекейдің
лері арасын піршік шеміршек мыр. жалғасы.
дағы кеңіс тері. ті мүше
тік.
Сыйлық беру.
V тапсырма.
Сәйкестендіру кестесі (жұппен жұмыс) (4+1 минут)
Оттек
О [pic] ң жақ өкпе
Кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан мүше
С [pic] [pic] ол жақ өкпе
Гемоглобин
Ө [pic] кпеқап
3 бөліктен тұрады
Ауада 21%-ды қандай газ құрайды
Дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша
А [pic] уада көп мөлшерде кездесетін газ
2 бөліктен тұрады
Оттегін не тасымалдайды
Азот
Сыйлық беру.
ІІІ Ой толғау.
Өрмекшінің өрмегі арқылы.(2 минут)
1 Тыныс алу қай мүшеден басталады?
2 Адам ағзасындағы өкпе саны
3 Қай өкпе үлкен.
4 Адам тыныс алғанда қандай ауаны жұтады?
5 Тыныс шығарғанда ше?
6 Гемоглобиннің қызметі.
7 Лейкоциттер мұрын қуысында қандай қызмет атқарады?
8 Сілемейлі қабықшада ауа қанадай өзгеріске ұшырайды (ауаны ылғалдандырады)
9 Ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің жол түйіседі.
10 Қай өкпе екі бөлік тен тұрады.
Бағалау. (1 минут)
Ән айту (2 минут)
Үй тапсырмасы.