Алтын күз көрмесі Сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Жалгасбаева Жулдыз Жумабековна


Тақырыбы: «Алтын күз» көрмесі

Мақсаты: Күз мезгілі, күзгі табиғат, күз байлығы туралы деректер беруде, көрменің мәнін түсінуін қамтамасыз етуде, тіл байлығы мен ой-өрісін дамыту.

Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Монолог:
І жүргізуші
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы Айбек
Бұл қай кезде болады?

ІІ жүргізуші
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Сандуғаш
Күзде ғана болады.

І жүргізуші
.Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы
Айбек
Бұл қай мезгілдің келгені

ІІ жүргізуші

Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Нұрсәуле бұл Алтын күздің келгені.

І жүргізуші

Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп

ІІ жүргізуші
Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда

І жүргізуші
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым

ІІ жүргізуші
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.

І жүргізуші

Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
ІІ жүргізуші
. Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

І жүргізуші

Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
ІІ жүргізуші
Күз айы мерекелі ай.
Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

І жүргізуші

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

ІІ жүргізуші
. Ендеше бүгігі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз
3 кезеңнен тұрады

  1. – кезең. Күз туралы тақпақ

  2. кезең Өз өнері деп аталады.
    3. – кезең Көрмелерді таныстыру.


І жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің ашып беруге, үміткерлерге сәт –сапар тілеу үшін сөз

І жүргізуші
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын …. .деп ақын жырлағандай ортамызға

5 «А»

5 «Б»

6 «А»

6 «Б»

7 «А»

7 «Б»

8 «А»

8 «Б»

9 «А»

9 «Б»

9 «В»

10 «А»

10 «Б»

2 тур. Өз өнері / Қол өнері,ән,би/
І жүргізуші
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.

ІІ жүргізуші
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
. Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
І жүргізуші

3 кезң «Көрмелер» байқауын тамашалауға шақырамыз

І жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
ІІ жүргізуші

Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

«Алтын күз» байқауының нағыз жеңімпазын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз
Әділқазылар алқасы «Алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапатайды.
ІІ жүргізуші
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

І жүргізуші
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар.