Гүлшоғырлар
Гүлшоғыр-гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы
Жай гүлшоғырлар
Шашақ-жеке гүлдері орталықтан таралатын, сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтар қысқарады, ұшындағы гүлі ең соңғы ашылады:қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған, шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ
[pic] [pic]
Жай масақ-шашақ гүлшоғырына ұқсас, айырмашылығы-гүлдері сағақсыз бекінеді
[pic] [pic]
Собық-масақ гүлшоғырына ұқсас, айырмашылығы-орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орам жапырақтары бар: жүгері, калла
[pic] [pic]
Жай шатыр-негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады:пияз, адамтамыр, наурызшешек, ақшұнақ
[pic] [pic]
Шоғырбас-қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады:беде.
[pic] [pic]
Себет-гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұқсас гүлдер орналасады:күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре
[pic] [pic]
Күрделі гүлшоғырлар
Күрделі шашақ(сыпыртқы)-негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді:жүзім, гүлшетен, тары, күріш
[pic] [pic]
Күрделі масақ-орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады.Әр масақшада 2-3 гүлден болады:бидай, қарабидай, бидайық
[pic] [pic]
Сырға гүлшоғыры-негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі: қайын, терек, тал, көктерек
[pic] [pic]
Күрделі шатыр-жай шатыр гүлшоғырынан құралады:сәбіз, балдырған, аскөк
[pic] [pic]