Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:41
Тема/Тақырыбы: Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип.
Цели/Мақсаты: ғалым ретіндегі генетика, бір буданды шағылыстыру, генетикалық негізгі терминдер және нышандар туралы білім қалыптастыру; оқулықты және сызбанұсқаларды пайдалана білуді дамыту, қарапайым генетикалық есептерді құрастырып, шеше білу, белгілердің біркелкілігі, гамета жиілігінің болжамы заңдарын көріп, мәнін түсіну, мұғалімнің тапсырмаларын орындаған кезде адалдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Г. Мендельдің портреті, «Бірбуынды шағылыстыру», «Басым және басылынқы белгілер» кестелері, «Бір буынды шағылыстыру» құрылымдық сызбанұсқасы, мейоздың қимылдайтын үлгісі, сары және жасыл, тегіс және әжімді асбұршақ тұқымдарының жиынтығы, ЭО.
Тип: жаңа білімді меңгеру сабағы
Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) репродуктивті, жартылай-ізденіс, АКТ
Форма организации познавательной деятельности/формалар: жалпылай, жұптық жеке-дара
Формы/формалар: әңгімелеу, оқулықпрен жұмыс, өздік жұмысы,
Ход урока/Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырманы тексеру:
138. Төмендегі терминдерге анықтама беріңдер. Жеке-дара жұмыс.
Генетика-...................................
Көпбуданды шағылыстыру-.......................
Таза тармақ-...............................
Басымдық белгі-.........................................
Басылыңқы белгі-............................
Гомозигота-...............................
Диплоидтық-.....................................
Аллельді гендер-...................................
ІІ. Қызығушылықты ояту:
- Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?
- Бұл қасиеттердің қайсысы сабақ тақырыбына сай келеді?
- Көбеюдің қандай түрлері бар?
- Көбеюдің қай түрінде ұрпақтар ата-енесінен ерекшеленуі және ұқсастау болуы мүмкін?
Г. Мендельдің асбұршақпен тәжірибелері.
- Асбұршақтың тәжірибе үшін артықшылығы неде?
- Баламалы белгілер деген не?
-Асбұршақтың ерекшеліктері: өсімдіктің өздігінен тозаңдануы, өзге тозаңның түсуінің болмауы, көптеген баламалы белгілер, дамудың қысқа айналымы, ұрпақтың сан алуандығы. Осыдан бүгінгі тақырыбымыздың мәселесі шығып тұр: «Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип»
ІІІ. Жаңа тақырып:
А) «Буданды шағылыстыру» кестесі бойынша бір буданды шағылыстырудың мәнісі мен оның заңдары.
Ата-енесі: сары х жасыл (айқас тозаңдану)
Балалары: сары х сары (өзін өзі тозаңдандыру)
Немерелері: 3 сары х 1 жасыл.
Тақтаға және дәптерге жарыстыра жазып, «Бірбуданды шағылыстыру» құрылымдық сызбанұсқасы бойынша түсіндіру, генетикалық нышандар мен терминологияларды кірістіру. Тақтаға оқып өтілген екі заңның қысқаша формуласын жазу:
1 заң - АА X аа -> Аа
2 заң - Аа х Аа -> Аа, 2Аа, аа
Ә) Жұптық жұмыс:
140. Екі бағанадан баламалы белгілер жұбын таңдап алыңдар.
1-тегіс тұқымдар а-қызыл күлте
2-сабағы биік ә-сары тұқым
3-тұқымы жасыл б-жатаған гүлді
4 -күлтесі ақ в-сабағы аласа
5- төбе гүлді г-әжімді тұқым
ІҮ. Пысықтау:
А) Жалпылай:
- Гомозиготаларда қандай гаметалар түзіледі?
- Бірінші ұрпақ будандарда неге жасыл рең пайда болады?
- Зиготалығы бойынша ата-енелер жұбы қандай?
- Гетерозиготаларда қай гаметалар түзіледі?
- Бірінші ұрпақ будандарында неге жасыл түс пайда болады?
- Қай дарақтарды шағылыстыру кезінде басымдылық пайда болады?
- Қай дарақтарды шағылыстыру кезінде будандарда белгілер ыдырауы жүреді?
-Генетикалық есеп
Белгі. Ген
Генотип
сары
А
жасыл
А
сары
жасыл
А1
Г] - фенотиптер?
- генотиптер? -%
Одан әрі фенотипін көрсетіп, генетикалық жазба жазу.
Жауабы: Г5 - Аа, аа. 2 генотип, 2 фенотип, % -50% х 50%.
Ә) 139. Сөйлемді аяқтаңдар. Жұптық жұмыс.
А) генетиканы ғылым ретінде негіздеуші-....................................деп саналады;
ә) Мендельдің зерттеу зерзаты-асбұршақ, өйткені ол-.......................................;
б) ата-енелік формалар екі белгісі бойынша ерекшеленгенде шағылысу................................................................................................;
в) тұқым қуалау материалы.........................екі ата-енесінен.........................ұрпақтарға өтеді:
г) тегіс және әжімді тұқымы бар өсімдіктерді будандастырған кезде бірінші ұрпаққа будандардың барлығы...................болып шықты:
ғ) гетерозиготалар-жасушаларының құрамында................болатын ағзалар; д) гаметалар бір-бірден .............және ...................тасымалдайды.
Ү. Қорытынды. Тест жұмысы (жеке-дара). 141. Дурыс жауабын тацдацдар.
Баламалы белгілер: а - әр түрлі, ә - қарама-қарсы, б – тәуелсіз, в - бірдей.
Eкiншi ұрпақтың будандары қандай тозандану жолымен алынған? а - айқас, ә- өздігінен, б - қолдан, в - желмен.
Өсімдіктермен будандастырған кезде арақатынасы 3:1 екені байқалады:
а - сары және жасыл тұқымды, ә - сары тұқымды, б - жасыл тұқымды, в - орта жағдайларына байланысты.
Диплоидты: а - сперматозоидтар, ә - зиготалар, б - жұмыртқажасушалар, в - аталық жасушалар.
Гомозиготалы: а - Аа, аа, ә - АА, Аа, б - АА, аа, в - аа, Аа.
Будандасу кезінде біркелкілік пайда болады:
а - гомозиготалар, ә - гетерозиготалармен бipгe гомозиготалар, б - гетерозиготалар,
в - басылыңқы гомозиготамен бipгe басым гомозигота.
Таза тармақ – бұл: а - гомозиготалар, ә — гетерозиготалар, б - ұрықсыз, в - оқшауланған.
Басымдылық заңының мәні:
а - бip ағза екіншісіне басымдык жасайды, ә - будандарында тек бip ғана белгі пайда болады, б - будандарында қажетті белгі пайда болады, в - будандарында басым белгі пайда болады.
Фенотип - бұл:
а - аяға (фонға) байланысты, ә - гендердің жиынтығы, б - сыртқы белгілер жиынтығы, в - сыртқы және iшкi белгілерге байланысты.
Бұршақ түйірінің түci мыналарды анықтайды:
а - жарық түсу күшін, ә - өзіне тән ерекше нәруызды, б - ата-енелері пигменттерінің араласуын, в - кездейсоқтықты.
ҮІ. Үйге тапсырма: беріледі, жауаптарға баға қояды, санақ жинақтап қорытылады.
1 деңгей: 185 беттегі АВС сұрақтарына жауап беру
2 деңгей: Генотиптері төмендегідей дарақтарда қандай гаметалар түзіледі: АА, Аа, ААВВ, АаВв, АаВВ.
3 деңгей: Қоңыр көздің көкшіл көзден, ал қошқыл шаштың ақшыл шаштан басымдылығын біле отырып, төмендегі дароақтардың генотиптерін жазыңдар.
А-көкшіл көз және ақшыл шаш;
Ә-қоңыр көз және ақшыл шаш;
Б-қоңыр көз және қошқыл шаш;
В-көкшіл көз және қошқыл шаш.