Сабақ - 31 Сынып - 6 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: зертханалық жұмыстар орындау арқылы ( ылғал препараттар пайдалана отырып) көпжасушалы балдырлардың құрылысына қорытынды жасауды дамыту:
Тәрбиелігі: табиғатты қорғауды үйрете отырып экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Баяндама, әңгімелесу,
сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: альбом, суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы;
Ұйымдастыру кезең
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақ бекіту
Үй тапсырмасын беру
Ұйымдастыру кезеңі;
1. Оқушымен амандасу,
2. Оқушының назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:
1. Балдырлар қайда тіршілік етеді ?
2. Таллом деп нені айтады ?
3. хроматофор дегеніміз не ?
4. Балдырлар қалай көбейеді ?
5. Суда тіршілік ететін біржасушалы жасыл балдырлардың маңызы қандай ?
6. Хлорококк балдырлары қалай көбейеді ?
7. хлорелла балдырларын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде ?
Жаңа сабақ.
Жасыл балдырлар – 13000
Теңіз бадырлары – 15000
Таллом «толлом» - өсінді, қатпаршақ.
Денесінде ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлімді «таллом» дейді.
Балдыр жасушасы:
Бір ядролы;
Түс беріп тұратын хромотофор;
өсімді, жынысты, жыныссыз;
хромотофорында крахмал жиналады;
судағы минерал тұздар мен СО2 газын бүкіл денесімен сіңіреді;
күн сәулесі арқылы ағзалық зат түзеді;
қоректенеді;
оттегі газын бөліп шығарады.
І топ:
1. Біржасушалы жасыл балдырлар: 1,5 млрд. Жыл бұрын пайда болған.
Хломидомонадо – талшықты, жасушасы жасунықтан тұрады,
тоқтау суларда тіршілік етеді, хромотофоры астау тәріздес;
Глиокапса –сілемейлі колония құрады (қызыл, сия, қара түсті)
Хлорококк – топырақта, ағаш діңінде өседі;
Диатомды балдырлар – клеткасы плазмалемнан тұрады, тең екі бөліктен тұрады, тау жынысын құрады, лас суларда тіршілік етеді;
Хлорелла –
2.Көпжасушалы жасыл балдырлар:
Спирогира – 13000 т. бар, ұзын жасуша, ірі хромотофоры-1,2немесе одан да көп;
Улотрикс – су түбіндегі заттарға бекінеді, хромотофоры білезік тәріздес болып келеді.
3. Шоғырлы балдырлар
Домаланғы (вольвокс)–
Жасыл балдырлар:
Клодофора – қағаз жасалынады;
ІІ топ: Қызыл балдырлар.
4. Теңіз балдырлары: 15000 т.бар. 180-200 м. тереңдікте өседі.
Бір ядролы;
Вакуольдері -1
Пигменттері бар,
Қор заты – полисахаридтер,
Көпжасушалы;
Созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған;
Вокуолінде илік заттар бар.
Қызыл балдырлар: таспа, тақташа, жіп тәрізді 270 м. тереңдікте өседі.
Порфира - Жапония мен Қытайда тамаққа пайдаланады;
Анфельция – агар-агар алынады;
Хондрус– құрғақ күйінде тыныс алу жолдарын емдейтін балдыр
Филлофора - – агар-агар алынады.
Хлорофил мен каротиноидтерден басқа суда еритін фикоэритиндер – қызыл пигменттер,
фикоцианиндер - көк пигменттер болады.
ІІІ топ:
Қоңыр балдырлар: 5-10 шақырымды алып жатадды;
Ламинария - 20-30 м. тереңдікте өседі;
Саргассум – жидекке ұқсайды, тез тарала алады;
Хлорококк – топырақта, ағаш діңінде өседі;
Турбинария – теңіз жүзімі;
Жасушаның қор заты – полисахаридтер;
Тамақ ұшындағы жасушалардан пайда болады;
Аталық жыныс жасушалары денесінің үстінде жетіледі;
1 грамм топырақта 50000 балдыр бар;
Қоңыр балдырдың жасуша қабықшасының сырты – созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған;
Сілемейлі қабық – толқын күшіне төтеп беріп, құрғап кетуден сақтайды;
Майда вокуольдер құрамында илік заттар бар – қоңыр балдырлар.
Хара – тұщы су балдыры.
Қорытындылау бөлімі:
І деңгей:
1. Қағаз өндіретін жасыл балдыр?
A) Саргассум
B) Кладафора
C) диатомды балдырлар
D) ламинария
E) Турбинария
2. Жынысты көбею процесіне қатысатын жасушалар:
A) аталық және аналық
B) атпа
C) ішкі қабаты
D) тек қана аналық
E) дене
3. Хромотофоры жалпақ білезік тәрізді балдыр?
A) хломидомонадо
В) улотрикс
С) спирогира
Д) ламинария
4. Тағам ретінде қандай балдыр пайдаланылады?
A) хлорелла
В) хломидомонадо
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) клодофора
5. Балдырлар...
А) бір ядролы
В) екі ядролы
С) үш ядролы
Д) төрт ядролы
Е) көп ядролы
6.Балдыр жасушасындағы хлоропластар не деп аталады?
A) пластид
В) хара
С) хромотофор
Д) плазма
Е) тилокоид
7. Балдырларды зерттейтін ғылым саласы...
А) бриология
В) лихенология
С) альгология
Д) энзимология
Е) энтомология
ІІ деңгей:
1. Топырақ түзу процесіне қатысатын балдыр түрі?
A) хлорелла
В) хломидомонадо
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) клодофора
2. Балдырлар жасушасының қор заты?
A) полимер
В) полисахарид
С) мономер
Д) сахароза
Е) лактоза
3. Жасыл балдырлардың қозғалмайтын түрлері қайсысы?
A) хлорелла
В) хара
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) ульва
4. Теңіз атауына ұқсас балдыр?
A) хлорелла
В) хара
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) саргассум
5. Қызыл балдырларға қайсысы тән?
А) 20-30 м.тереңдікте өседі
В) гүлге ұқсайды
С) таспа, тақташа, жіп тәрізді
Д) топырақта, ағаш діңінде өседі
Е) көп ядролы
6. Космосқа алғаш ұшырылған қай балдыр?
А) спирогира
В) хломидомонадо
С) улотрикс
Д) коралина
Е) порфира
7. Қоңыр балдырларға қайсысы тән?
А) 20-30 м.тереңдікте өседі
В) гүлге ұқсайды
С) вокуоль құрамында илік заттар бар
Д) топырақта, ағаш діңінде өседі
Е) көп ядролы
ІІІ деңгей:
1. Топырақта мекендейтін балдырлар?
A) диатомды балдырлар
В) жасыл балдырлар
С) қызыл балдырлар
Д) қоңыр балдырлар
Е) фитобентостар
2. Балдырлардағы зооспоралар ненің көмегімен қозғалады?
А) талломның
В) хромотофордың
С) талшықтың
Д) кірпікшелердің
Е) спораның
3. Лас, лай суларда тіршілік ететін балдырлар?
A) хлорелла
В) хара
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) диатомды
4. Пластидтер мен хромотофорларды 1670 жылы кім ашты?
А) К.Линней
В) А.Левенгук
С) Дж. Блэк
Д) Р.Браун
Е) И. Сеченов
5. Тыңайтқыш есебінде егістікке пайдаланылатын балдыр түрі?
A) хлорелла, хломидомонадо
В) хара, коралина
С) спирогира, улотрикс
Д) улотрикс, порфира
Е) диатомды балдырлар
6. Су қоймаларының түбінде қандай балдыр шоғыр түзеді?
A) хлорелла
В) хломидомонадо
С) спирогира
Д) улотрикс
Е) клодофора
7. Жасыл балдырлардың қанша түрі бар?
A) 1500
В) 1300
С) 4000
Д) 15000
Е) 2000