Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Ми. Ми бөлімдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән мұғалімі: С.Т. Мусилимова

8 «а» сыныбы

Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі: сопақша ми, көпір, мишық, ортанғы және аралық ми, үлкен ми сыңарлары.

Көрсетілім:

Сопақша мидың рефлекстері: көзді жыпылықтату, жұтыну. Мишықтың қызметі: қимылды үйлестіру (саусақмұрын байқауы), тепе-теңдікті сақтау.

Сабақтың мақсаты

Ми бөлімдері ретінде ми діңі мен мишықтың қызметі туралы түсінік беру.

Өз бетінше жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, шығармашылық ізденімпаздыққа, білімдерін жинақтаға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Теорияны практикамен ұштастырып түсіндіру нәтижесінде ми бөлімдерін ажырата біледі. Топтық жұмыстардың нәтижесінде колобаритивті орта қалыптасады.



Топқа бөлу


Сәлемдесу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Сергіту сәті: «Юнга» ойын

Оқушылар «Юнга» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау



1 топ.Жұлынның құрылысын.

2 топ. Жұлыннан шығатын жүйкелер.

3 топ. Рефлекстік және өткізгіштік қызметі.

Постер дайындап, қорғау.

Топтық бағалау «Басбармақ» әдісімен.

Жаңа сабақ


Электронды оқулықтан көрсетілім

Интерактивті тақта, ми құрылысы муляж.



СТО, АКТ, топтық жұмыс,

«Ой қозғау» электронды оқулықтан көрсетілім көрсету.

«Ой жүгірту»

1.Ми қайда орналасқан

2. Мидың орташа салмағы

3. Мидың жұлыннан айырмашылығы

4. Ми бөлімдері:муляжбен жұмыс, кесте толтыру.

«Жауап-сұрақ» әдісі.

Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға қағаз тарелкалар таратып беру. Мәтін бөліктерін топтарға бөліп беру. Әр топ мүшесі тарелканың кескін бөліктеріне мәтіннен (жауап) үзінді жазады да келесі топқа береді. Ол топ мәтінді сұраққа айналдырады.

Сұрақтарға жауап беру.





Мәтінді түсініп оқып шығу, тапсырманы орындау


Бекіту.


Топтық жұмыс


1 топ. Мидың құрылымдық және қызметтік бөлімдері

2 топ. «Ми бөлімдерінің орналасуы»семантикалық карта



Артқы

ми

Мишық

Ортаңғы ми

Аралық ми

Ми бөлімдері

Жұлының жоғарғы шетінің жалғасы

*





Мишық пен ми көпірі жатады


*




Сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында орналасқан



*



Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан




*


Ортаңғы мидың алдыңғы жағына жатады





*

2 топ. «Мидың қызметі» сәйкестендіру тесті

Аралық ми



А) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру), тамақ (ему, жұту), тыныс алу, жүрек пен қантамыр жұмыстарын реттеу, тыныс алу рефлекстерін реттейді

  1. Ортаңғы ми


Ә) дененің тепе-теңдігін сақтайды

  1. Ми көпірі


Б) теріде пигменттің түзілуін реттейді

  1. Мишық



В) зат алмасу, жүрек-қантамырлар жүйесі, ішкі секреция бездері, зәршығару, ұйқы жұмысын реттейді

5. Сопақша ми

С) сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау, бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары орналасқан

1)В; 2) Б; 3) С; 4) Ә; 5) А.

3 топ. Биологиялық диктант

1. ........ – ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан,.

2. Нейрондардың ....... шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.

3. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар ...... хабарланады.

4. Жұлын сияқты .... ми қозуды жұлыннан мидың бөлімдеріне өткізеді.

5. Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты .... жағында, сұр заты ....болады.

6. Ми бөлімдерінің өзара байланысы ..... арқылы қамтамасыз етеді.

Қажетті сөздер: ми көпірі, сопақша, аралық ми, мишықтан, өткізгіш, жолдары, ішкі,сыртында

Топтық бағалау

Топтар бірін-бірі бағдаршам әдісі бойынша бағалайды жасыл- өте жақсы, сары-орташа, қызыл- қанағаттанарлық.

Рефлексия



Парталас көршіңе бір сөз таңда:

  • Сен жарайсың.

  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

  • Сенің мүмкіндігің одан да зор.


Пікір жазу.

Үйге тапсырма беру



Ми туралы қызықты деректер алып келу.

Қызықты логикалық сұрақтар дайындап келу.


Бағалау



Бағалау парқшаларынтексеру

Өзін өзі бағалау