БИОЛОГИЯ
1. Микроскоптың көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан A) Бұранда B) Айна C) Линза D) Окуляр E) Объектив |
2. Жеуге жарамды саңырауқұлақ. A) Қастауыш B) Зең саңырауқұлағы C) Майқұлақ D) Сұр шыбынжұт E) Көңілкеш |
3. Қыналарға ең қажетті жағдай A) Су B) Температура C) Жарық D) Құнарлы топырақ E) Оттекке бай таза ауа |
4. Ішкі секреция бездерінің бөлетіні A) Фермент B) Дәрумендер C) Сілекей D) Тер E) Гормон |
0007 5. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны A) 11 жұп B) 12 жұп C) 10 жұп D) 9 жұп E) 13 жұп |
6. Мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасу A) Қан айналу B) Иіс сезу C) Тыныс алу D) Зәр шығару E) Асқорыту |
7. Бұл тыңайтқыш жетіспесе ағаштың жанама бұтақтары дамымай қалады: A) Азот B) Фосфор C) Калий D) Шымтезек E) Құс саңырығы |
8. Тұқым кіндігі дегеніміз - A) Тұқымжарнағы. B) Қауызы. C) Тұқымның жеміске бекінген жері. D) Бүршікше. E) Ұрық. |
9. Осы жәндіктер шөгінділері арқылы геологтар мұнай қорын анықтайды: A) Былқылдақденелілер B) Көпжасушалылар C) Құрттар D) Біржасушалылар E) Бунақденелілер |
10. Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар A) Безді. B) Атпа. C) Асқорыту. D) Жүйке. E) Тері-бұлшықет. |
11. Раушангүл тұқымдастығының күрделі жапырақты өсімдігі: A) Алмұрт ағашы. B) Алма ағашы. C) Өрік. D) Итмұрын. E) Долана. |
12. Қосарлы атау тізім беруді ұсынған ғалым A) Гиппократ B) Аристотель C) К. Линней D) Б. Селевин E) Б. Кузнецов |
13. Балықтың құйрық жүзбеқанаттары 0007 A) Судың беткі қабатына көтеріледі B) Денесін қалыпты ұстауға көмектеседі C) Бағыт береді D) Дене тепе-теңдігін сақтайды E) Жан-жағына бұрылады |
14. Есту аймағы орналасқан ми бөлігі: A) самай бөлігіндегі иірім B) орталық ми C) аралық ми D) мишықта E) алдыңғы ми |
15. Қаны бірінші топқа жататын адамға қай топтағы қанды құяды A) тек бірінші топтағы B) үшінші топтағы C) тек төртінші топтағы D) кез-келген топтағы E) екінші топтағы |
16. Қарын сөлінің құрамын реттелуін зерттеген ғалым A) И.И.Мечников. B) И.П.Павлов. C) И.М.Сеченов. D) К.А.Тимирязев. E) С.П.Боткин. |
17. Адамның дене салмағының 1%–ын құрайтын органикалық заттар: A) Майлар B) Минералды тұздар C) Нәруыздар D) Көмірсулар E) Су |
18. Жануарларда қорға жиналатын көмірсу: A) глюкоза B) пентоза C) гликоген D) фруктоза E) рибоза |
19. Жасушаның тіршілігіне қажетті энергияның пайда болуы A) Даму кезінде B) Көбейгенде C) Қозу кезінде D) Тітіркену кезінде E) Органикалық заттар қарапайым заттарға ыдырағанда |
20. Тамырсабағындағы түрі өзгерген жапырақтар A) Мұртшалар B) Тікенектер C) Орама жапырақтар D) Қабыршақтар E) Шырынды жапырақтар |
21. Орталық жасуша мен екінші аталық жынысжасушасының қосылуы нәтижесінде түзіледі: A) Тұқымбүршік B) Жапырақ C) Тұқым D) Эндосперм E) Жемісқап |
0007
22. Популяцияның генетикалық құрылымын зерттеген ғалым A) У.Бэтсон B) Г.Мендель C) В.Иогансен D) Г.Морган E) Н.И.Вавилов |
23. Адамның жаралуы және пайда болуы. A) Архей. B) Палеозой. C) Кайназой. D) Мезозой. E) Протерозой. |
24. Алғашқы құс – археоптерикстің шыққан кезеңі A) Неоген B) Палеоген C) Бор D) Юра E) Триас |
25. Атмосфераның қабаты A) Литосфера B) Гидросфера C) Ноосфера D) Биосфера E) Стратосфера
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |