Сыныбы: 6 «ә »
Сабақтың тақырыбы:Бұршақ тұқымдастар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің көп түрлілігімен таныстыру.,олардың белгілі бір тұқымдасқа жататындығын дәлелдеп, салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Білімділігі: Оқушыларды бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру .
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.
Құрал жабдықтармен көрнекілік: гербарий, сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация,слайд
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру бөлімі – 5 минут
Үй тапсырмасын тексеру – 10 минут
Жаңа тақырыпты игеру – 24 минут
Тақырыпты бекіту – 5 минут
Уйге тапсырма – 1 минут
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Алқа тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады.
2. Алқа тұқымдастарының қандай айырмашылық белгілері бар?
3. Алқа тұқымдастардан қандай өсімдіктер улы болып келеді?
4. Алқа тұқымдастар Қазақстанның қай жерлерінде өсіріледі?
5. Картоптың халық шаруашылығындағы қандай маңызы бар?
III.Жаңа сабақ
Бұршақтар тұқымдасы -бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс бар. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Бiрқатар түрлерiнiң жапырақтарының түп жағында бөбешiк жапырқтары болады. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде(клевер — Trifolium), жоңышқа(люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник — Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох — Pisum), қытайбұршақ(соя — Glycine), үрмебұршақ(фасоль — Phaseolus), ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния — Robinia), сиыржоңышқа (вика — Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин — Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.
Бұршақтар тұқымдасына шашақ (бөрiбұршақ, түйежоңышқа — донник — Melilotus) және шоқпарбас (беде — клевер – Trifolium) гүл шоғырлары тән. Бұршақтар тұқымдасының гүлдерi бұрыс гүлге жатады. Гүлсерiгi қосарланған: тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшалардан тұрады, күлтесiнiң саны 5. Оларың 2-уi бiрiгiп, 3-уi бос орналасады. Күлтесiнiң ең үлкенi — желкен, 2 бүйiрiндегi бос орналасқаны — ескекше, ал 2 төменгi бiрiккенi — қайықша деп аталады (29-сурет). Қайықшаның iшiнде 10 аталықпен қоршалған, бiр аналық орналасады. Көптеген өсiмдiктерде аталықтарының 9-ның жiпшелерi бiрiгiп кетедi де, 1-еуi бос қалады. Кейбiр бұршақтар тұкымдасының аталықтарының бәрi жiпшелерi арқылы бiрiгiп кетедi немесе аталықтарының барлығы бос орналасады.
Гүлiнiң формуласы: % ♀♂ Т(5)К3+(2)А(9)+1 Ж1
Жемiсi — бұршақбас (боб). Бұршақбас бiр жемiс жапырақшасынан пайда болатын бiр ұялы жемiс. Бұршақбастың көпшiлiгiнiң тұқымдарының арасы көлденең перделермен бөлiнiп тұрады. Мұндай жемiстi бұнақұты немесе бөлшектi бұршақбас деп атайды. Бұршақтар тұқымдасының бiрқатарының жемiсi спиральтәрiздi ширатылған болып келедi (кәдiмгi жоңышқа). Қақырамайтын бiр тұқымды бұршақбаста кездеседi. Мысалы құнды малазықтық өсiмдiктiң бiрi эспарцеттiң жемiсiн дәл осындай бiр тұқымды бұршақбас.
Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң «симбиозис» — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады.
Мәдени жағдайда бұршақтар тұқымдасынан егiстiк және көкөнiс дақылдары ретiнде асбұршақ(горох — Pisum), үрембұршақ (фасоль — Рhaseolus), қытайбұршақ (соя — Glycine), бөрiбұршақ (люпин — Lupinus), ноқат (нут — Cicer), жасымық (чечевица — Lens), т.б. өсiрiледi . Бұл өсiмдiктердiң барлығында белок көп болады (31—61%). Сонымен бiрге, бұршақтар тұқымдасының iшiнде сәндiк үшiн отырғызылатын өсiмдiктер де көптеп кездеседi. Оларға ағаш қарған (карагана древовидная — Caragana arborescens), ақ акация (рабиния — Robinia), иiсбұршақ (чина Lathyrus) жатады. Бұл тұқымдасқа жататын көптеген өсiмдiктер шалғындарда, бұталар арасында және кiшкене тоғайларда өседi. Оларға жоңышқаның (люцерна — Medicado), түйежоңышқаның (донник — Melilotus), беденiң (клевер — Trifolium), иiсбұршақтың (чина — Lathyrus) түрлерi және басқалары жатады.
Бұршақтар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка — Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Жоңышқа (люцерка — Medicado), түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет — Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.
ІV. Бекіту:
бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік белгілері:
- Т5К1+2+(2)А(9)+1Ж1
V. Қорытындылау:
- Бүгінгі сабақта не білдік?
- Не білгіміз келеді?
VІ. Үйге тапсырма:Бұршақ тұқымдасын оқып келу