Урок Структура и функции кожного заболевания

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы мен қызметі .Тері аурулары .

Сабақтың мақсаты :Терінің құрылысы мен қызметі,тері аурулары туралы түсіндіре отырып, білім беру.

Тәрбиелілігі : Денсаулық сақтауға , тері және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметі , оны күту туралы , оны зерттейтін ғылым туралы біледі.

Қажетті ресурстар: Плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар,түрлі бояулар, стикерлер мен қағаздар.

Типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ . Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, АКТ,топтық жұмыс. Қолданылатын стратегиялар:Миға шабул, семантикалық карта,сәйкестендіру тесті, рефлексиялық бағалау, кері байланыс.

1. Оқушылармен сәлемдеседі, сыныпты түгендейді,

2. Психологиялық дайындық жасайды,

топқа бөлінуді ұсынады,

3. Түрлі түсті тәттілермен сыныпты І,ІІ,ІІІ,ІҮ топқа бөлінеді

Топқа бөлінеді, назарларын сабаққа аударады,мақсатпен танысады.

ұжымдық

1.Білу деңгейі

7 минут

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Жұмыс түрі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру :










І.«Миға шабуыл» сұрақтары

І-топ: 

1.  Бүйректің   ішкі   қабатының түсі    (бозғылт түсті)

2.Ер  адамынң   зәр шығау өзегінің  ұзындығы  (18см)

3.Зәрдің  құрамында су  қанша  пайыз (96%)

4. Адамда бүйректің  саны (2)

5.Бүйректің   ең   қауіпті ауруы (нефрит)

ІІ-топ: 

1. Әйелдерде  зәр  шығару  өзегінің   ұзындығы   (3-3,5см)

2.Балаларда   кездесетін  түнде, зәр  тоқтамау  ауруы  (энурез)

3.Бүйректің ойыс жағындағы  қуыстың аты  (бүйрек астаушасы)

4.Бүйрек ауруларын емдейтін  дәрігер (уролог)

5.Бүйректегі капилляр торының  саны  (2)



ІІІ-топ: 

1. Бүйректе тәулігіне  өтетін  қанның  мөлшері ( 1700-1800л)

2.Зәрдің сарғыш  түсті  болуы  қандай  пигментке  байланысты (  урохром )

3.Жарақаттанған бүйректің   қанға  бөлетін заты  ( ренин)

4.Жамбас қуысында тік ішектің  алдыңғы  жағында  орналасқан  мүше ( қуық)

5.Адам    бүйрегінің  массасы- ( 150г)

ІҮ топ:

1.Әр бүйректің салмағы қанша? (150г)

2.Уремия қандай ауру ? (қанда нәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюі 20-30есе)

3.Нефрон деген не? (бүйрек)

4.Урология ғылымы нені зерттейді?(зәр)

Тез қимылдап , сұраққа жауап беріп, өздеріне ұпай жинайды , бірін-бірі тыңдап, қолдау көрсетеді.

Топтық жұмыс


5.Ересек адам тәулігіне шамамен қанша литр зәр бөледі? (1,2-1,6л)

ІІ. «Семантикалық карта»


ІІІ Жаңа сабақ .

10 минут

1.Тері деген қандай мүшеге жатады деп ойлайсыңыз?

2. Ағза тіршілігінде терінің қандай маңызы бар ?

Одан ары оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауды ұсынады.


Тақырып бойынша білетіндерін дәптерлеріне жазып, оны ортада айтады.

Тері денені сыртынан жауып,қорғайды, теріде шаш,түктер болады.


Топтық жұмыс



2. Түсіну


Мағнаны тануы



Жоспар бойынша тапсырма береді:

І топ.Терінің маңызы, құрлысы

ІІ топ. Тері шелмай қабаты, терінің қызметі

ІІІ топ. Дене температурасының реттелуі

ІҮ топ.Тері аурулары, олардың пайда болуы мен емделу шаралары


Оқулықпен жұмыс жасайды,ойларын жинақтап, өзара талдап, постер құрып тақтағы шығып түсіндіреді.

Топтық жұмыс

3.Қолдану

5 минут

Тақырыптан түсінгендерін қолдана білуге үйрету мақсатында биологиялық диктант береді.

1-тапсырма : Биологиялық диктант

1.Тері ------- қабаттан тұрады. 2.Сыртқы қабаты-------деп аталады.

3.Ол ----- және --- жасушадан тұрады. 4.Мүйізді қабаттан -----,---,--, пайда болады.

5.Тері безі және май безі -----қабатта орналасқан.

6. Май безінің қызметі-----

7.Дерматология ғылымы-----------

Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып , дәптерге жауап жазады,кейін кезекпен оқып шығады, өз қателерін түзетеді, өз ұпайларын бағалау бетшесіне жазып отырады.

Жеке жұмыс

4. Талдау

7 минут

Оқылған тақырыпты талдай білуге үйрету мақсатында тапсырмалар береді: Тапсырмалар әр топқа беріледі:

«Ойла, ойна»

І топ 1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты 6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш 9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.

ІІ топ
A, E, Л, К, Ш, Т, Ү, H, Й, І, Қ, Ы, С, Р
(қас, шаш, тер, қал, түк, тырнақ, күйік, үсік)

ІІІ топ

1.Дені сауға - ....... ......... (бәрі сау)
2. Саулық қайда, ....... .........(сұлулық сонда)
3. Дерт көп, денсаулық ........ (біреу)
4. Тазалық - ........... (саулық негізі)
Саулық - .............(байлық негізі)
5. Ыдыс таза болса, ...... ........ (асы дәмді)
ІҮ топ

1. Жыныстық жетілудің әсерінен болатын ауру.(безеу)
2. Қотыр кене тудыратын ауру.(қышыма қотыр )
3. Паразит саңырауқұлақтар туғызатын тері ауруы.(теміреткі )
4. Қайратты түк.( сақал)

5. Саусақтағы тырнақ күбесінің іріңдеп қабынуы (күбіртке)


Сұрақтарға талдау жасап, тапсырманы орындайды , алған ұпайларын жазып отырады

Топтық жұмыс

5.Жинақтау (ой тұжырым кезеңі )

3

минут

Тест

1.Бронх демікпесін асқындырады:

А) гипофиз В) бактериофаг С) саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары

2.Тері қышыма қотырын жұқтырады:

А) таспа құрт В) қотыр кенесі С) маса,бүрге

3.Жылу өту ауруы болады:

А)ыстық сусын ішкенде В)жылу факторларының әсерінен дененің қатты қызуынан С) жыл мезгіліне байланысты

4.Күн өткенде:

А) көз нашар көреді В) тістер түседі С)қол-аяқ тартылады

5.Төрт дәрежелі болады:

А) күйік В) ас қорыту С) жүрек жұмысы

6.Тері бозарып,домбығады:

А) ысығанда В) үсік шалғанда С) күйгенде

7.Тері жансызданып,ұлпалар мен сүйектер семіп қалады:

А) бірінші дәрежелі күйікте В) бірінші дәрежелі үсікте С) үшінші және төртінші дәрежелі үсік кезінде

8.Сүйел,ұшық жұғады:

А) бодо арқылы В) вирус арқылы С)бактерия арқылы

9.Витилиго ауруы пайда болады:

А) меланин пигментінің түзілуінің бұзылуынан В) С витамині көбейгенде С) кератин пигиенті жетіспегендіктен

10.Теміретке пайда болады:

А) бактериофаг арқылы В) қаракүйе арқылы С) паразиттік саңырауқұлақ арқылы




Әрбір оқушы таратылған тестке жауап береді.

Жеке жұмыс

6.Рефлекциялық бағалау

5

минут

«Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс жасау.

Аяқталмаған сөйлемдер” рефлексия

* Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым.

*......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін.

* Мен.................................... жасап көруге талпынамын.


Әр оқушы өтілген сабақтан алған әсері, ұсынысын жазып , сұрағын қояды. сабақтың ұнаған ұнамаганы тұстарын көрсетіп ,өз тілектерін жазады.

Жеке және топтық жұмыс

ІY.Бағалау

3

минут

бағалау бетшесін алдын-ала беріп қояды. Оқушылармен бірлесе отырып, бағалайды.



Әр оқушы өзін-өзі бағалайды

Жеке жұмыс

Y.Үйге тапсырма :

2

минут

§54§55 .Тері ауруларына реферт жазу

Дарынды оқушыларға: Біліміңді сына, С деңгейінің тапсырмалары. Шағын эссе жазу


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Жеке жұмыс