Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Орынбаева Эльвира Бисембиевна

Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінің бология пәні мұғалімі



Мақсаты


Құстардың құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты негізгі кластарын оқып үйрену

Күтілетін нәтиже

А. Құстардың құрылыс ерекшеліктерін, олардың топқа бөлу белгілерін біліп түсінеді.

В. Жүгіретін, ұшатын және жүзетін құстардың құрылысын өзара салыстырып ажыратады.

С. Құстарды топтық ерекшеліктеріне сәйкес жүйелейді.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, құс

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,

Психологиялық дайындық: «Асыл тас» тренинг


АмандасуТопқа бөлінеді, назарларын сабаққа аударып, сабаққа дайындалады.

Тұсаукесер




«Өрмекші торы» арқылы үй тапсырмасын тексеру

Зейін қояды, ой елегінен өткізді.

Дәлелдер келтіреді.

Ойын қорытындылайды

Негізгі бөлім






Топтық жұмыс.

1 топ.Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар. Жүзетін құстар.

2 топ. Жүзетін құстар

3 топ.Қыртөстілер(ұшатын) құстар


Әр тобы бойынша және саятшылық тақырыбында видеоролик

Топтықталқылау жүреді.

Қорытынды






Құстар бойынша жұмбақ ертегілер

1 топ. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Осы сәтте көк аспаннан бір «құс» ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс.(Аққу)

2 топ. Ертеде ағайынды үшеу: Күн, Ай және үй құсы аспанда тұрыпты. Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Құс қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Оған тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, жерге тастап жіберіпті.Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: «Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың». Содан бері ол құс қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «,,,,» деп шақыратын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!»-дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, ол үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.(Қораз)

3 топ. Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «... шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскербасы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. (Қарлығаш)


Ақиқат па, жалған ба?

1.Саны өте көп әрі кеңінен таралған түр-қоршаукөз пингвин

2.Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді.

3.Жыл құстарына поляр үкісі, кейбір жыртқыш құстар жатады.

4.Қыран құстың қоразы- «саһар», балапаны-«көгілдір» деп аталады.

5.Қазақстанның Қызыл кітабына 10 отрядқа жататын 37 құс түрлері тіркелген.

6.Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі-саятшылық

7.Қорғалжын қорығы «Қоқиқаздар мекені» деп аталады

8.Дуадақ-ірі құс, оның салмағы кейде 16 кг-ға жетеді.

9.Қанатты түйеқұс-киви

10.Жапалақтектестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген.

+ + - - - + + + - +

Әңгімеден құстардың атауларын табу

Асқар мен Айтқазы екеуі бір сыныпта оқыған кездегі оқиғаларды әңгіме етеді. Бүгінде Айтқазы үй ішінің қонақтарға арнап қара қазанға асып қойған бір қазан етті аударып алғандары, жаздың ыстық күндерінде ауыл сыртындағы көлге келіп, күн ұзақ суға түсіп, аққурайды отқа жағып, аулаған балықтарын пісіріп жеп, жақсы дем алып қайту – сол кездегі әдеттері болғандығын әңгімелеп келе жатқанда, қар жапалақтап жауа бастады. Осы кезде алдарынан кекілі келте, бір сыныпта оқитын Майра шықты.Майраның бұл айтқан жаңалығы жексенбі күні шопандар тойының болатындығы еді. Шопандар тойын көруге көңілдері ауған бұл екеуі Асқардың жылқышы атасы – бейсеннің үйіне бармақ болды. Бұл тойда екеуі сүйікті ұстаздары – Үкілім апайды кездестірді. Бұлар ауылдағы тойды көрумен қатар, аталары Бейсеннің үнемі айтып отыратын ақылы «кекшіл болмаңдар» тағы естіп қайтқанда екеуі де өздерінің кекшіл екендіктерін түсінді.


Жауаптары: Бір қазан, ұзақ, жапалық, кекілік, үкі, аққу, жылқышы, қаз, ұлар.

Адамзат қара жерден несібе алады,

Табиғаттан ұрпақ үшін өшін алады!

Жердегі аң,көктегі құсты қырап салсақ,

Табиғат анамыздан не қалады?

Адамбыз ғой,адамбыз анасы бар,

Балапандай қойныңда баласы бар.

Қанаты бар досымызды қорғайықшы,

Олардың да,ұрпағы баласы бар.

(Г. Қошқарбаева)

Табиғатты аялайық,құстарға әрқашанда қамқор болайық, сол кезде сирек кездесетін құстардың саны көп болады.


Үйге.

1.Құстарға байланысты ырымдар мен тыйым сөздер жазып келу.

Топ басшылары топты бағалайды.


Ізденеді, бірін-бірі бағалайды.
























































Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.

Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.






Топ басшыларына сенім парағы