Сабақтың тақырыбы: «Биология әлемінде» зияткерлік сайысы (8-10 сыныптар)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу;
Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
[pic]
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі «Биология әлемі» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
1. Бүгінгі сайысымызға 8-9 сынып оқушылары қатысып отыр.
Сабағымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары:
1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.
2. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 4 оқушы үшінші кезеңге шығады.
3. «Терминдер». Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)
4. «Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
1. Бәйге. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1-ойыншы:
1. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ (оттек)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон (инсулин)
3 [pic] . Тіс дәрігері (стоматолог)
2-ойыншы:
1. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады (күрделігүлділер)
2. Қан беруші адам (донор)
3. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны (46)
3-ойыншы
1. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы (цитология)
2. Ең үлкен ас қорыту безі (бауыр)
3. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым саласы (ботаника)
4-ойыншы.
1. Органикалық тыңайтқыштарға не жатады?(көң, құс саңғырығы)
2. Иод тапшылығынан болатын ауру түрі(Жемсаулық не зоб)
3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (күріш)
5-ойыншы.
1. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы (кардиология)
2. Тірі ағзалар туралы ғылым? (биология)
3. Алғаш жасушаны ашқан кім? (Р.Гук)
6-ойыншы
1. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)
2. Гүлдің негізгі мүшелері (аталық, аналық)
3. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
7-ойыншы
1. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым(зоология)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды (тобылғы)
3. Желбезек дегеніміз не? (тыныс алу мүшесі)
8-ойыншы
1. Қазақстанның «Қызыл кітабы» тұңғыш рет қай жылы шықты (1978ж)
2. Тірі ағзаның ортақ қасиеттері (жасушадан тұрады)
3. Жеміс гүлдің қай бөлімінен түзіледі? (жатыннан)
9-оқушы.
1. Жердің жасы (4,5-5млрд)
2. Аш ішектің жуанданған жері (ұлтабар)
3. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
2. Сиқырлы ұяшықтар. Қатысушыларға биология пәнінің салаларынан 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға беріледі. Сұраққа жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына беріледі.
10 ұпай ботаника: Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда (Картоп)
20 ұпай ботаника: «Өсімдіктану» оқулығын алғаш жазған Қазақстандық ғалым? (Ж.Күдерин)
30 ұпай ботаника: жемісі жидек тәрізді, көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт-сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістерге қандай өсімдіктер жатады?(апельсин, мандарин, лимон)
[pic] 40 ұпай ботаника: Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы (ұрықтану)
50 ұпай ботаника: Күнбағыс өсімдігінің гүлшоғыры (себет)
10 ұпай қан клеткалары: Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы ? (120 күн)
20 ұпай қан клеткалары: Лейкоциттердің негізгі қызметі ?( организмді ауру тудыратын
бактериялардан сақтау.)
30 ұпай қан клеткалары: Тромбоциттердің негізгі қызметі ? (Қанның ұюы және қан кетуді тоқтату)
40 ұпай қан клеткалары: Қан қысымын өлшейтін аспап(Тонометр)
50 ұпай қан клеткалары: Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (натрий хлориді)
10 ұпай орнитология: Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет(тыныс алған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)
20 ұпай орнитология: Жаңа зеландияда кездесетін салмағы 2-3 кг тұйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі (қанатсыз тұйеқұс не киви)
30 ұпай орнитология: Аққудың қоразын қалай атайды? (Саһар)
40 ұпай орнитология: Құстың дене температурасы (+41,+42)
50 ұпай орнитология: Ең кішкентай құс, дене салмағы 1,6 г(колибри)
3. «Терминдер». Әрбір оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 10 ұпай)
1. Бриология (мүктерді зерттейтін ғылым саласы)
2. Микология (саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы)
3. Антропология (Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым саласы)
4. Ихтиология (балықтарды зерттейтін ғылым саласы)
4. «Ұлы тұлғалар» Бұл кезеңде биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарлыластары да өз жауаптарын айтуына болады.
1. Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп, физиологиялық дамуына үлес қосқан қай ғалыс туралы айтылып тұр. (И.П.Павлов)
2. Америкалық эмбриолог, генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофиллаға жүргізген. Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты. Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Т.Морган)
3. 1892 жылы вирустарды ашқан орыс ғалымы кім? (Д.И. Ивановский)
4. 1735 жылы организмдерді жүйелеп, класқа, типке жіктеп, бинарлық номенклатура бойынша атауды ұсынған, «систематиканың атасы» аталған ғалым кім? (К.Линней)
Бағалау. Марапаттау.
«№4 ЖОББМ» КММ
Биология әлемінде
Қатысушылар: 8-10 сыныптар
Өткізген: Магауянова Г. Ж.
2014-2015 оқу жылы