Биология 8-сынып.
Сабақтын тақырыбы: Иммунитет.ЖИТС-тің алдын алу.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-тің алдын алу туралы түсініктер беру.
Дамытушылық міндеті: Оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..
Сабақтың әдісі: тренинг
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, флипчарт
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-жаттығу «Ой шабуылы»
АҚТҚ және ЖҚТБ туралы сендер не білесіңдер?
Індет қандай елдерде кеңінен таралған?
Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған жағдайлар бар ма?
Мұғалімнің түсіндіруі
АҚТҚ мен ЖҚТБ ХХ ғасырдың соңында бүкіл адамзаттың алдында пайда болған және бізбен бірге ХХІ ғасырға енген қасіретті мәселелердің бірі.Бүгінгі таңда АҚТҚ бүкіл әлемге таралған, Қазақстан да шет қалмаған. Статистика бойынша, 2014- 1 қаңтарға тіркелген жағдайларға негізделген АҚТҚ жұқтырғандардың кумулятивті саны 13784 құрайды, оның ішінде ерлер-9985(72,4 ), әйелдер-3799(27,3 ). 14 жасқа дейінгі балалар-5
2 жаттығу
Бұл ойын иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында және жыныстық жолмен АҚТҚ қалай тез тарайтынын көрсетеді. Ойын барысы:
1.Барлық оқушыларға орнынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, көздерін жұмып, шеңберге тұру ұсынылады.
2.осыдан кейін мұғалім оқушылардың артынан келіп, арқасына қолын тигізу арқылы 3 адамды бөледі, олар АҚТҚ жағымды адамдардың ролін ойнайды, бұл жасырын сақталуы тиіс.
3.Оқытушы оқушыларға көздерін ашып, барлық өздері қалаған адамдарының қолын алуды ұсынады, мұнда мұғалім белгілеген (АҚТҚ жағымды адамдардың рөлін орындаушы) оқушы қол алысқан кезде «белгі беру», басқа оқушылардың қолын сәл қысып алуы керек.Бұл «белгіні алған» оқушы, оны басқалармен қол алысқанда білдіреді.Барлығы 3-4 адаммен амандасып болған соң, мұғалім өзі бөлектеген 3 оқушыны ортаға шақырады, одан соң кімдер «белгіні» қабылдады, солардың барлығын шақырады.Көптеген оқушылар ортаға шығады. Осы ойында қол алысу АҚТҚ жұқпасын жұқтырудың белгісі ретінде болғанын, ал шындығында ауру қол алысу арқылы жұқпайтынын түсіндіреді. АҚТҚ тамыр арқылы есірткі қабылдайтындар бөтен адамның инесін қабылдағанда, сондай-ақ сақтандырылмаған жыныстық қатынасқа түскен адамдар арасында тез тарайды. Мұнан соң оқытушы міндетті түрде ойнаған оқушыларды АҚТҚ жағымды адам рөлінен «шығарып», рөлдерді бөлу шартты түрде, символикалық болғанын және ойын аяқталған соң рөлдің де өз мәнін жойылатынын түсіндіруге міндетті.Соңында оқытушы барлығына қол ұстасып, шеңберге тұрып, сөздер айтуды ұсынады, мысалы:« Бұл тек ойын ғана, бірақ біз өзімізді және өз жақындарымызды қорғау үшін жасаймыз».
Жаңа ақпарат . 2007 жылы АҚТҚ індетінің әдістемесін бағалауда жаңа жетістіктерді қолданып, барлық елдер бойынша мәліметтерге кең спектрлі талдау жүргізу әлемде АҚТҚ-мен өмір сүруші адамдардың сандық құрамын бағалауда маңызды өзгерістерге жеткізді.
Дегенмен індеттің көлемі мен зардаптардың сапалы түсіндіруде көп өзгерістер болған жоқ.
2008 жылы АҚТҚ –мен өмір сүруші адамдар саны
Барлығы 33,4 миллион (31,1-35,8 миллион); Ересектер31,38 миллион(29,2-33,7миллион)
Әйелдер 15,7 миллион(14,2-17,2 миллион), Жастау балалар 15 жасқа дейінгілері 2,1 миллион(1,2-2,9 миллион) 2008 жылы АҚТҚ-ны жұқтырған адамдар саны; Барлығы 2,7 миллион. Ересектер 2,3 миллион (2,0-2,5миллион); Балалар 15 жастан кіші 430000 (240000-610000) 2007 жылы АҚТҚ індетін күніне 7400-ден астам адам жұқтырған.
Олардың 1000-ға жуығы 15жасқа дейінгілер арасында,
50% жуығы әйелдер арасында, 45%жуығы 15-24 жас аралығындағы жастар арасында
Қазақстандағы жағдай
Қазақстанда АҚТҚ жұқтыру жағдайы алғаш рет 1987 жылы тіркелді
Қазіргі есептеулер бойынша елде 13500-дей адам АҚТҚ менөмір сүруде.
Індет Қазақстанның барлық аймақтарына дерлік тараған. АҚТҚ жұқпасы ең көп тіркелгені Алматы қаласы, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары болып отыр.15-49 жас аралығындағылар -95% құраса, оның ішінде 15-19 жастағылар-7%
2010 жылғы тіркеулер мәліметі бойынша, АҚТҚ-мен өмір сүруші екіқабат әйелдердің үлесі 6,7 құрады. Елде АҚТҚ жұқтырған аналардан 457 бала өмірге келді. АҚТҚ диагнозы 29 балада анықталды, 232 бала жағымсыз нәтиже берді, 24 бала қайтыс болды. АҚТҚ жұқтырған аналардан туған 153 баланың АҚТҚ статусы бақылау мерзімі аяқталмағандықтан нақты анықталмаған. АҚТҚ індеті елде қазіргі уақытта шоғырлану кезеңінде және инемен есірткі қабылдайтындар арасында өте көп кездеседі.
3 жаттығу Шағын топтағы жұмыс «Орман» ойыны
Мұғалім оқушыларға ағаштардың түрлерімен санамақ айтуды ұсынады:
Қайың, шырша, қарағай т.т. Содан соң ағаштардың атымен 3 топқа «шеңбер түрінде» бірігеді. Оқытушы әр топқа мына сұрақтарды талқылауды ұсынады:
АҚТҚ жұқпасы жеке адамға, тұтас қоғамға қалай әсер етеді?
Талқылау қорытындысы қағазға жазылады, әр топ өз жұмысының қорытындысын ұсынады.
4 жаттығу. Тест «Аңыз немесе шындық»
Оқушылар шағын топтарға бөлініп өткен тақырыптарды бекіту мақсатында тест толтырады.
ІІІ. Қорытындылау. ІҮ.Бағалау.