Сабақ жоспары
Пән: Биология 8 сынып
Сабақ №59 Күні , айы, жылы
Тақырыбы: Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны.
Мақсаты: Оқушыларды тұқым құалайтын, туа біткен, жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы мағлұмат беру. зиянды заттардың адам ағзасына әсеріне тоқталу арқылы білім беру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларға ЖЖБА туралы мағлұмат беру және сақтану жолдарымен таныстыру арқылы білімдерін толықтыру. Тұқым құалайтын, туа біткен, жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ– жауап, әнгіме, сұхбат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендету
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұрық жапырақшаларын ата Эмбриология
Кіндік бауы
Шараналық даму
Адам өмірінің негізгі кезеңдері
ІІ.Жаңа сабақ.
Медициналық генетиканың негізінде хромосомалардың өзгеруіне байланысты болатын бірнеше тұқым қуалайтын аурулар анықталды. Олар хромосомалық арулар деп аталады. Ондай ауруларға Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун аурулары және т.б. жатады.
Клайнфельтер ауруымен тек ер адамдар ауырады. Оның белгісі: жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақылы кем болады және аяқ-қолы шамадан тыс ұзын, денесіне сәйкес келмейді.
Шершевский-Тернер ауруы әйелдерде кездеседі. Мұнда жыныстық жағынан пісіп-жетілуі баяулайды, сондықтан бедеу болады, әрі бойы тапал келеді. Ақыл-есі кем, ашуланшақ, жұмысқа қабілеттілігі төмен болады. Аурудың хромосомаларының диплоидты жиынтығы — 45.
Трисомия ауруы, хромосомалардың саны — 47. Ауруды "алып әйел” деп атайды .
Ауру белгілері: жыныстық жағынан пісіп-жетілуі баяулайды, ақыл-есі кем болады. Артық У хромосоманың қосылуына байланысты, жыныс хромосомалары ХУУ болып келетін ауру кездеседі. Оны "алып еркек” деп атайды. Бұл аурудың белгісі: адамның бойы шамадан тыс ұзын, әлсіз, жүйке жүйесінің дамуында үлкен кемістік болады.
Даун ауруының белгісі: адамның ақылы кем, бойы аласа, беті дөңгелек, көздері қысыңқы, әрі бір-біріне жақын орналасқан және кішкентай аузы үнемі жартылай ашық жүреді. Бұл ауру 21-ші хромосоманың екеу емес, үшеу болатындығына байланысты. Сонда ондай баланың барлық клеткаларында 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады .
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН ЖҰҚПАЛАР (ЖЖБЖ).
ЖЖБЖ қалай жұқтыруға болады?
Инфекция – жыныстық жолдар, қан арқылы, құрсақтық жолмен беріледі. ЖЖБЖ қоздырғыштарының берілу жолдары ортақтығының арқасында инфекциялар бірлесуі мүмкін, мысалы, хламидиялар көбіне гонококктармен, трихомонадалармен, уреаплазмалармен, гарднереллалармен және т.б. бірігіп жүреді.
Адам немесе серіктес ЖЖБЖ жұқтырғанын қалай білуге болады?
ЖЖБЖ белгілері келесі: жыныс жолдарындағы іріңді немесе бұлдыр шырышты шығындылар, жыныс мүшелері аймағындағы қышыну, жыныс мүшелерінде және ауыз қуысының шырышты қабаттарындағы ойық жаралар немесе эрозиялар, жиі, ауырсынулы зәр шығару, денедегі бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Алайда ауру белгілерінің болмауы серіктесіңнің дені сау екендігін айқындамайды, өйткені, көптеген ЖЖБЖ аз симптомды немесе симптомсыз өтуі мүмкін.
Қандай ЖЖБЖ түрлері болады?
ЖЖБЖ-дың барлық түрлері әртүрлі микроағзалармен шақырылады, сондықтан бактериалды ЖЖБЖ (мерез, соз, бактериалды вагиноз), жасуша ішілік қоздырғыштармен шақырылатын ЖЖБЖ (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз), вирусты ЖЖБЖ (АИТВ, жыныс мүшелерінің герпесі, цитомегаловирусты жұқпалар, кантагиозды моллюкс, үшкір ұшты кандилломалар), паразитті ЖЖБЖ (қасақтық педикулез), саңырауқұлақтық ЖЖБЖ (кандидоз) болады.
ЖЖБЖ-на тексерілу үшін қандай жерлерге қаралу керек?
Тері-венерологиялық диспансерлерге, гинеколог немесе уролог дәрігерлерінің бөлмелеріне көрінуге болады. Тері-венерологиялық диспансерлерде ЖЖБЖ-ын анонимді тексеру бөлмелері болады.
ЖЖБЖ-нан емделу барысында жыныстық байланысқа түсуге болады ма?
Жоқ. ЖЖБЖ-нан емделіп айыққаннан кейін және қорытынды лабораторлы зерттеулерді өткеннен кейін ғана жыныстық қатынасқа түсуге болады. Жыныстық қатынас кезінде емдік шаралар қоздырғыштарды жұқтырудың алдын алмайды.
II.ТЕМЕКІ ШЕГУ. ЕСІРТКІЛЕР. АЛКОГОЛЬ.
1. Алкоголь организмге қалай әсер етеді?
Алкоголь жас организмге зиянды әсер етеді: жүйке жүйесін қоздырады, нәтижесінде масаңсу (эйфория) жағдайы туындайды. Жасөспірімнің ми ұлпасы ересектерге қарағанда суға бай, ал ақуызға аздау болады. Суда алкоголь тез еріп, организммен сіңіріліп, у секілді әсер етеді. Сонымен бірге ол рефлекстерді бұзады, назарын және қашықтықты бағалау қабілетін төмендетеді. Алкогольді мөлшерден тыс қабылдау өңеш, асқазан және ішек жолдарына әсерін тигізеді – олар арқылы алкоголь мүшелер мен ұлпаларға еніп, зардабын тарттырады. Ол бауыр, ми және жүйке жүйені зақымдайды. Тері майда әжімдермен қапталып, жылдам әрің кете бастайды, бұлшық еттер босаңсып, етеккір циклі бұзылады.
2. Темекі шегу неге соншалықты зиян?
Темекінің құрамына кіретін көптеген химиялық заттар – уытты келеді. Сондықтан бірінші темекі шегу кезінде тамақта, өкпеде ауырсыну және жағымсыз әсерлер пайда болады, кейбір адамдардың жағдайы нашарлап, жүрек айнуы мен құсу басталады.
3. Есірткілер адамға қалай әсер етеді?
Нашақорлық – есірткілерді көп мөлшерде пайдаланудан туындайтын ауру. Ол есірткілік заттарды қабылдауды үнемі қажет етушілігімен сипатталады, өйткені науқас адам үйренушілік тудыратын препаратты қабылдауына психикалық және физикалық жағдайы тәуелді болады. Нашақорлық организмнің өмір сүру қабілеттілігінің қатаң бұзылысына және әлеуметтік азғындауына әкеледі. Созылмалы ағымды бұл ауру біртіндеп дамиды. Оның себебі, есірткілік заттар физикалық және психикалық жағдайын ыңғайлылық пен амандық сезімдерімен толықтыратын мастануды шақыру қабілеті болып табылады. Есірткі – адамның ішкі мүшелерін ғана емес, сонымен бірге оның миы мен психикасын баяу бұзатын у.
4. Токсикомания дегеніміз не?
Токсикомания – бұл клей, лактар және басқа да тұрмыстық химиялық препараттары секілді денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану. Оларды пайдаланған кезде бастапқыда әлсіз масаңсу (эйфория) туындайды, содан соң есінің шатасуы, бейімделудің жоғалуы, құсу пайда болады. Кейбір заттар сандырақ, алдамшы қабылдау, иллюзия, өзінің мүмкіндіктерінің шексіздік сезімін, ойлау қабілетінің бұзылуын, өзін-өзі бақылаудың жоғалуын шақыруы мүмкін. Дозаларының жоғарылауы тырыспалар мен өлімге әкеліп соқтырады. Еріткіш топтары заттарын қабылдауды доғару, көбінесе депрессия мен ашуланшақтықты шақырады. Уақыт өте келе оларда жұмыс істеу қабілеті төмендеп, есте сақтауы бәсеңдейді, содан соң себепсіз қорқыныштар, күдіктілік, ұйқының бұзылуы туындайды. 5. Нашақорлық оңай емделеді ме?
Наркологиялық мекемелерде емделіп
ІІІ. Бекіту. Кесте толтыру
Аурудың аты Жалпы сипаттамасы
Емдеу шарлары
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма: Әр бір оқушы өз ойларын сұрақтарын жазып келу.