«Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы:
Генетика тарауын қайталау
(Жарыс сабақ)
10 сынып
Биология пәнінің мұғалімі
Мухаметқалиева Гульнара Шайморановна
Генетика тарауын қайталау
Жарыс сабақ
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Генетика тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге, биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,генетика тарауын қорытындылау
Білімгерлердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өз беттерінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.
Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қант қызылшасы, лимон
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Топтың аты, ұраны, төсбелгісі
І. Ой маржан (топтарға сұрақ 15)
ІІ.Білім биржасы:
А. Қашан?
Ә. Бұл кім?
Б. Бұл не?
ІІІ. Жұмбақтас
Есептер шығару
ІV. Жорға (топ басшысына сұрақ 15)
V. Генетика және халықтық педагогика
Мақалдың жалғасын тап...
VІ.Тест 15
VІІ Қорытындылау
Ал құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі 10 сынып оқушыларымен өткізіп отырған Қайталау – білім анасы демекші, Генетика тарауын қайталау сабағына қош келіпсіздер. Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ , сондықтан сыныбымызды 2 топқа бөліп отырмыз.
Түседі бүгін білім жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.
Талапкерлер талабы таудай екен,
Аямас тиіп кетсең намысыңа
Бүгінгі сабақ - сын сабақ
Білімдіден мол талап
Жұмбақты шеш, ойна күл
Бүгінгі сын зор талап.
деп ортаға 10 сынып оқушыларынан құралған «..........................» және «...............................» топтарын қошеметтеп ортаға шақырайық .
Шеберлікті , білімді ,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ-қазы алқасы,
Сіздер әділ баға беріңіздер, дей келе бүгінгі сайысымызды төрешілерін сайлап алсақ:
«Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық керек» деп ұлы ойшыл Әл – Фараби айтқандай, ойланып сұрақтарға жауап беріңіздер.
І топқа:
1.Генетика ғылымы нені зерттейді?
2.Шағылыстырудың қандай түрлері бар?
3.Г.Мендель не себепті бұршақ тұқымдас өсімдікті алды?
4.Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?
5.Моногибридті шағылыстыру дегеніміз не?
6.Т.қ дегеніміз не?
7.Т.Морган генетикаға қандай еңбек сіңірді?
8.Генотип, фенотип дегеніміз не, оны кім енгізді?
9.Кроссинговер дегеніміз не?
10.Жасушаның бөліну фазалары?
ІІ топқа:
1.Мендельдің І заңы деген не, мәні неде?
2.Ажырау заңының мәні неде?
3. Т.Морган не себепті дрозофила шыбынын зерттеу объектісі етіп алды?
4.Талдай шағылыстыру деген не?
5. Гомозигота, гетерозигота дегеніміз не?
6.Дигибридті шағылыстыру деген не?
7.Коньюгация деген не?
8. Мейоздың бөлімдері?
9.Өзгергіштік дегеніміз не, түрлері?
10.Пеннет торы неге керек?
Қашан?
І.
Генетика терминін ең алғаш ағылшын биологы У.Бэтсон қашан енгізді? 1906ж
2. Жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтану ерекшелігін орыс цитологы С.Навашин қашан ашты? – 1898ж
3. Жасушалардың амитоз арқылы бөлінуін Ремак қай жылы анықтады? – 1841ж
4.Қай жылы нидерландық ғалым Мультер нәруыздың тіршіліктегі маңызына аса назар аударып, оны «протейн » деп атауды ұсынды? – 1939ж
5.Адам қанының тобы қай жылы анықталды? – 1901ж
ІІ.
1.Ұрық ұқсастығы заңын К.Бер қашан ашты? – 1828ж
2.ДНҚ- ның құрлымы қашан анықталды? -1953ж
3.Инфармосома қашан ашылды? – 1961ж
4.Қашан М. Месельсон мен Ф. Сталь ДНҚ-ның екі еселену жолдарын анықтады? – 1960ж
5.Қай жылы ЭПТ – ны К.Портер электронды микроскоптың көмегімен тауық балапанының ұлпасынан тапты? -1945ж
БҰЛ КІМ?
Сайысы , қазір балалар интерактивті тақтадан биология ғылымына үлес қосқан ғалымдар көрсетіледі. Солардың арасынан генетика ғылымына үлес қосқан ғалымдарға ерекше тоқталып, еңбектерін атап кетесіңдер.
У.Гарвей 1.М.Сеченов
Т.Морган 2.Г.Мендель
И.Павлов 3.И.Мечников
БҰЛ НЕ?
Құпия барма ешкімге айтылмайтын,
Айтылса, бет –бейнеңді анықтайтын,
Болған соң ба атыңды «сыр» деп қойған
Әйтеуір еш адамға айтылмайтын.
Келесі кезеңіміз «Сыр сандық » деп аталады, алдарыңызда биология ғылымының бірнеше салалары туралы жасырынған сұрақтарға жауап береміз.
І.Бұл өсімдік Абхазия, Грузия, Өзбекстан,Түркіменстанда , Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.Бұл жеміс осы жерлерге әртүрлі тұқымдарын гибридтеу арқылы жерсіндірілген. Оны қарашаның ортасынан бастап, желтоқсанның ортасына дейін жинайды. Оның құрамында әртүрлі органикалық қышқылдар , қант, С:В:В2РР витаминдері, қабығында 140мг жуық С витамині бар.
Қосымша мәліметтер:
Субтропиктік және тропиктік мәңгі жасыл өсімдік.Шыққан орталығы Жерорта теңізі. Тұмау , суық тию қаназдық , асқазан ауруларына теріне ағартатын қасиетіне байланысты порфюмерияда қолданылады, көптеген тұрмыстық заттың құрамына кіреді. . (ЛИМОН)
ІІ.Бұл өсімдікті Тигр, Евфрат өзендерінің жанында тұратын халықтар біздің заманымыздан бұрын 2-1,5 жыл бұрын өсіре бастаған. Арабтар одан дәрі жасап, медицинада қолданған. Оны тек дәрілік өсімдік ретінде қолданған, тамаққа тек жапырағын пайдаланған, жемісіне ешкім көңіл аудармаған
Қосымша мәліметтер:
1811жылы Наполен өнімнің сапасын жоғарлатқандарға , сыйлық берген,тамыр жемісінің құрамында жасунық, қант, минералды заттар, С витамині бар. Алабұта тұқымдасына жатады.Асқазан, жыныс мүшелері, жүрек – қан тамырларының жұмыстарын жақсартады. (ҚАНТ Қызылшасы)
Жұмбақтас
1- есеп
Қара және ақ түсті қояндарды өзара будандастырған. Қоянның қара түсі ақ түсіне қарағанда басымдылық қасиет көрсетеді.
А) Гомозиготалы қара қоянды ақ қоянмен шағылыстырғанда алынатын бірінші ұрпақ қандай болмақ?
Ә) Бірінші ұрпақтарды өзара шығылыстыру арқылы қандай ұрпақтар аламыз? Бұл жердегі қолданылған Г.Мендель заңдарын көрсет?
2 есеп
1.Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, бессаусақты болуын рессесивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты ер адам бес саусақты әйелге үйленеді, балаларының барлығы алты саусақты. Егер осы балаларының біреуі бессаусақты қызға үйленіп балалары болса, онда қанша баласы алты саусақты (полидактилиямен) туылады?
2.Қанының тобы І қыз, ІІІ топты жігітке тұрмысқа шықты. Балаларының қан топтары қандай?
1. Көк көзді ер адамның әке – шешесі қой көзді. Ол әкесінің көзі көк, шешесі қой көзді қызға үйленеді. Осы отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Егер қой көзді белгі, көк көзді белгіге қарағанда басым болса,, аталған кісілердің генотипі қандай болады?
2.Қанының тобы І қыз, ІІІ топты жігітке тұрмысқа шықты. Балаларының қан топтары қандай?
Әкесінің қан тобы ІV, шешесі ІІ гомозиготалы отбасындағы балалардың қан топтары қандай?
Шешесінің қаны ІІ топ, әкесінің қаны І топ. Балаларының қаны қандай, ІІІ топ болуы мүмкін бе?
ІV.Генетика және халықтық педагогика
Бұл сайысымыздың барысында біз халықтық педагогикамен байланыстыра отырып мақалдар қоямыз соның жалғасын табуымыз керек, қай топ бірінші және дұрыс жауап берсе 5 ұпай беріледі.
1 .Тектіден текті туар ......... (сараланып.)
Теріңді өзгерте алсаң да ...... (тегіңді өзгерте алмайсың.)
Аяғын көріп, асын іш ............ ( Анасын көріп, қызын ал)
Жеті атасын білген ер........... ( Жеті жұрттың қамын жер)
Жеті атасын білмеген ......... (құлағы мен жағын жер)
5.Жұртыңды ауыстыра алсаң да ...... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)
Салтыңды ауыстыра алсаң да ....... (халқыңды ауыстыра алмайсың)
6.Алып анадан туады ......... (арғымақ биеден туады)
7.Аурудың емін іздегенше, ........ (ауырмаудың жолын ізде)
8.Жақсы перзент сүйеніш ......... (жаман перзент күйініш)
ІV. ЖОРҒА
Бұл сайысымызда топ басшыларына сұрақтар беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
А.
Жасушаны зерттейтін ғылым? -Циталогия
Нәсілдік, тұқым қуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші органоид -хромосома
Шығу тегі атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы –ұлпа
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қасиеті-иммунитет
Алғаш жасушаны ашқан ғалым- Р. Гук.
ДНҚ молекуласы қандай нуклеотид тұрады - АТГЦ
Митозды бөлінуге дайындық кезеңі-интерфаза
Онтогенез дегеніміз не- ағзаның жеке дамуы
І.С.Б. бөлінетін сұйықтық-гормон
Жыныс жасушаларының бөлінуі- мейоз
Эмбриология нені зерттейді- ұрықтық даму
Адамда хромосома саны-46/23
Күрделі органикалық заттардың жай затқа ыдырауы-катаболизм
Сома жасушаларының бөлінуі- митоз
Барлық тірі ағзалардың ең кіші бөлшегі-жасуша
Ә.
1.Генетика нені зерттейді?- Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті
2.Вирустарды зерттейтін ғылым? –вирусология
3.1гр май ыдырағанда бөлінетін энергия? – 38,9 кДЖ
4.Ақуыздың мономерін ата? –аминқышқылдары
5.Адамгенетикасының зерттеу әдістері қаншаға бөлінеді, қандай? – 6 генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, биохимиялық
6. Аутосома дененіміз не, адамда қанша аутосома бар –гендердің мөлшері, пішіні, орналасуы бірдей болса, 22 аутосома, 1 жұбы жыныстығ ХХ,ХУ
7. Ген терминін енгізген ғалым - И.Иогансен
8. Моногибридті шағылыстыру дегеніміз не? – бір белгісі бойынша дараларды шағылыстыру
9.Хромосомалық ауруларды атаңдар – Даун, Клейнфельтер, Шерешевский
10.Мутация дегеніміз не? – ағзаларда мутагендердің әсерінен өткен генетикалық өзгерістер
11.Мендель қай өсімдікке тәжірибе жасады, қайсы өсімдік доминантты, қайсысы рессесивті – асбұршақ, сары-АА. Жасыл-аа
12.Генеалогиялық әдістер арқылы зерттеу – шежіре, ата тек арқылы зерттеу әдісі
13 Нәруыз биосинтезіне қатысатын органоид - рибосома
14.Барлық тірі ағзалардың ең кіші өлшемі - жасуша
15.Мендельдің бірінші заңы –біркелкілік
ТЕСТ
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель қандай тәсіл қолданды?
А) гибридологиялық Б)Биохимиялық
В) цитологиялық Г) химиялық
2. Аллельді гендер қайда орналасқан?
А) бір хромосомада
Б) бірдей локустарда
В) гомологты емес хромосомада
Г) гомологты хромосомалардың бірдей локустарында
3. Фенотип бойынша дигибридті будандастырудың формуласы қандай?
А) 3:3:3:1 Б) 1:2:1 В) 9:3:3:1 Г) 9:1
4.Кроссинговер құбылысы қашан байқалады?
А) митозда Б) мейозда В) амитозда Г) репликацияда
5.Әйелде хромосомалық көрініс қандай?
А) ХУ Б) ХХ В) ХО Г) ХХУ
6. Гендердің тіркеліп тұқым қуалауын кім зерттеді?
А) Г. Мендель Б) М. Мичурин
В) Н. Вавилов Г) Т. Морган
7. Қай организмге полиплоидия тән?
А) адамға Б) мүктерге
В) өсімдіктерге Г) вирустарға
8. “ Гаметалардың тазалығы” заңдылығын кім ұсынды?
А) Т. Мендель Б) Северцев
В) Т. Морган Г) Н. Вавилов
9.Ер адамда қалыпты жағдайда қандай жыныс хромосомалар болады?
А) ХУ Б) ХХ В) ХХУ Г) ХО
10. Толық емес доминантты фенотип б/ша формула қандай?
А) 3:1 Б) 5:1 В) 1:2:1 Г) 9:3:3:1
11. Ген нені кодтайды?
А) үшіншілік құрылысын Б) үшіншілік пен төртіншілік В) біріншілік пен екіншілік Г) нәруыздардың біріншілік құрылысын
12.Жыныспен тіркелмейтін қай белгі?
А) гемофилия Б) дальтонизм
В) альбенизм Г) 6 бармақтылық
13. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми жүйелеуді кім ашты?
А) Ж. Б. Ламарк Б) К. Линней
В) К. Бэр Г) Вавилов
14.Эволюцияның басты қозғаушы күші?
А) коньюгация Б) өзгергіштік
В) табиғи сұрыпталу Г) тұқым қуалаушылық
15.Аллельді гендер әрекеттесуіне жатады
А)эпистаз Б) толық доминанттылық
В) полимерия Г) плеотропия
Жауаптар:
А 6.А 11.Г
Б 7.В 12.В
Б 8.А 13.Б
Г 9.А 14.В
В 10.В 15.Б
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі сайыс сабағымыз осымен өз мәресіне жетті. Сөз кезегін бүгінгі сайысқа төрелік жасаған әділ - қаза алқасына береміз.
Сабағымызға қатысып, тамашалағандарыңызға көп рахмет, қош сау болыңыздар!