Бекітемін:
Мектеп директорының оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары Г.Бакешова
« 19 » қазан 2016ж
Сабақ: Биология Мектеп:Нұржау жалпы орта мектебі Тақырыбы:. Тамырдың түрлері. Тамыр жүйесінің типтері
Мұғалімнің аты-жөні: Дошахова Алтынай
Сынып: 6 «а», «ә»
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабаққа негізделген
Оқу мақсаты
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, түрлерін, маңызын түсіндіріп, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білімдерін нығайту.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар:
Түрлендірілген тапсырмаларды топпен,жұппен орындау арқылы бір –біріне көмектесе білу арқылы өз білімдерін тұрақты дамытуға қол жеткізу
Тілдік мақсат:
Оқушылар:
*Қосымша материалды пайдаланып, мазмұнын айта алды.
Алдыңғы оқу
4 мин
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер. Бір бірімізге сәттілік тілейік.
2 топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру
І-топ. Сұрақ жауап
ІІ-топ Бәйге сұрақтар
(жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар)
Жоспар
Тамырдың түрлері.
Тамыр жүйесінің типтері
Құрал – жабдықтар
Флипчарт, маркер, стикер, эл.оқулық
Уақыты
Мұғалім іс әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
1 мин
Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды тексеру, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушыларға тілеген тілектен кейін алғыстарын білдіріп, саббаққа зейіндерін аударады.
1 мин
Сабақ басталмас бұрын топтарға «Бағалау бетшесін» тарату. Мұнда сынып топқа бөлінді, топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, дискрипторлар таратылады
І-топ Тамырдың түрлері.
ІІ-топ Тамыр жүйесінің типтері
Оқушылар берілген дискрипторлар бойынша қаншалықты орындағанын түсіндіреді.
5 минут
Зымыран сұрақтар.
1. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар.(әкелі балалы Янсендер 1590 - 1610ж)
2. Жасушаны ашқан ғалым.(1665ж Роберт Гук)
3. Өсімдік жасушасының құрлысы. (жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуоль)
4. Ұлпалар дегеніміз не?
5. Өсімдік ұлпаларының неше түрлері бар? (6 - түрі бар)
6. Микроскоптың құрлысын ата (окуляр, көру түтігі, объектив, заттық үстелше, айна, табан, тұтқа, бұранда)
7. Жабын ұлпасының қызметі мен түрлері.(өң, тоз, қыртыс)
8. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі.(вакуоль)
9. Өсімдіктерге түрлі түс беретін пластидтерді ата?
10. Қазақстанда қызыл кітап тұңғыш рет қай жылы шықты.?(1978ж)
Үй тапсырмасына шолу
6 минут
«Түсіну»
І-топ Тамырдың қызметі:
ІІ-топ Тамырдың түрлері
Оқушылар топ арасында кітаппен жұмыс жасайды. Мәтінмен танысып бір – біріне сұрақтар қойып салыстырады.
Жаңа сабақ бойынша постер қорғайды
6 минут
Биологиялық диктант.
Өсімдік.............. арқылы көбейеді.
Барлық тұқымда болады: нәруыз,.............................
Тұқымның өнуіне қажет:.........................................
Тамыр түрлері болады:.....................................................
................................- негізгі тамыр жүйесі нашар дамиды, көптеген тамыр шоғы пайда болады.
Қосалқы тамырлар тез өсу үшін өсімдікті............... керек.
Өз бетімен орындайды
7 минут
Тез ойлан стратегиясы
Негізгі тамырдың ұшын кесіп тастаса не болады?
Гүл ыдысының түбінде неге тесік болады?
Қораптың ішінде өсімдіктің екі түрлі мүшесі бар. Екеуі де тәтті, қызыл, шырынды. Біреуі күнді жақсы көреді, екіншісі түнді жақсы көреді. Ол не?
Бөлме өсімдіктеріне ұзақ салқын су құйса, ол тіршілігін жояды. Неге? Тамырдың өсімдік өмірінде маңызы қандай?
Сұраққа жауап беріп жұмыс жасайды
6 минут
Ойлан, тап.
Көз алмай күнге алыс, қарайды........(күнбағыс)
Төменге қарамай көкке өрлер.............(қарағай)
Уылжыған албырт, дәмі тәтті..........(алмұрт)
Қара жерге енгелі, батырады шеңгелін. (тамыр)
Жезге ұқсас сабағы, дәні – халық тағамы. (бидай)
Қос құлағы қалқайып, су ішкен сайын марқайып. Күн ысыса тон жинайды, доп болғанда ел жинайды. (орамжапырақ)
Сен білесің бе?
Бидайдың тамыр жүйесі 1, 5м - ге дейінгі аумақты қамтиды, тереңдігі 2 м - ге жетеді, ұзындығы 600м - ге жетеді.
Арпаның тамыр түктері 15 млрд. – қа дейін жетеді, ал ұзындығы 10000 км. жетеді
1 мм тамыр өскенде 200 ден 400 ге дейін тамыр түктері түзіледі
Жұмбақ шешеді
5 минут
Кіндік тамыр жүйесі-----------
Шашақ тамыр жүйесі---------
Сәбіз 2. бақбақ 3. күнбағыс 4. Бұршақ 5 қайын 6. пияз 7. қызғалдақ 8. Құртқашаш 9. итмұрын 10. бидай 11. арпа 12. күріш
Өз беттік жұмыс
1 минут
Үйге тапсырма: Тамырдың түрлері. Тамыр жүйесінің типтері
Күнделіктеріне толтырады
1 минут
Бағалау критериалары:
Жиынтық баға арқылы бағалау;
Берілген бағалау парағына ұпай салып, жиынтық баға қойылады.
1 минут
Рефлексия кері байланыс сәті
Жаңа тақырыпты меңгердің бе?
Стикер арқылы әр оқушы өз пікірін білдіреді.