Биология тест 6-11сыныптар үшін №11

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БИОЛОГИЯ


1. Пияз қабығының өңіндегі пластидтер:

A) Хромопласт

B) Лейкопласт

C) Хлоропласт

D) Хлорофилл

E) Кератин

2. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жататындар:

A) Қырықбуын.

B) Мүктер.

C) Балдырлар.

D) Шаңжапырақтар.

E) Плаундар.

3. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделген өсімдік:

A) Қырықбуын

B) Қайың

C) Плаун

D) Қырықжапырақ

E) Мүк

4. Рефлекстік және өткізгіштік қызметін атқарады:

A) Жұлын

B) Анализатор

C) Бауыр

D) Бүйрек

E) Ми

5. Сүйектер пішіні, мөлшеріне байланысты 0011

A) 8 топқа бөлінеді

B) 6 топқа бөлінеді

C) 4 топқа бөлінеді

D) 2 топқа бөлінеді

E) 3 топқа бөлінеді

6. Дені сау ересек адам минутына ... рет тыныс алады:

A) 12-14

B) 16-18

C) 18-20

D) 20-22

E) 22-24

7. Жапырақтардың түтікше-өткізгіш шоғы ... деп аталады.

A) жүйкеленуі.

B) лептесік.

C) өзек.

D) өң.

E) сүрек.

8. Жай шатыр гүлшоғыры бар өсімдік

A) Асбұршақ

B) Бидай

C) Беде

D) Пияз

E) Күнбағыс

9. Суда да, құрлықта да тіршілік ете алады:

A) Қанқыз

B) Безгек масасы

C) Күйкентай

D) Дала тышқаны

E) Теңіз жұлдызы

10. Ұлудың зәр шығару мүшесі

A) Жиырылғыш вакуольдер

B) Жұлдызша түтікшелер

C) Мальпигий түтікшелері

D) Бүйрек

E) Жасыл түсті бір жұп бездер

11. Топырақты азотпен байытатын өсімдік:

A) таңқурай

B) қара алқа

C) меңдуана

D) түймедақ

E) беде

12. Бактериялар, біржасушалы жәндіктер балдырлармен қоректенетін, дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрі

A) Қылтыңбас

B) Ішексорғыш (аскарида)

C) Жіпшеқұрт

D) Суыртқы

E) Үшкірқұрт

13. Балықтың жүрегінің құрылысы

A) 2 жүрекше және 2 қарынша

B) 1 жүрекше және 2 қарынша

C) 1 жүрекше және 1 қарынша

D) 2 жүрекше және 1 қарынша

E) 1 жүрекше және толық дамымаған бөлімі бар 1 қарынша

14. Жасушаның реттеуші орталығы. 0011

A) Хромосома.

B) Цитоплазма.

C) Плазмалық жарғақша.

D) Ядрошықтар.

E) Ядро.

15. Екі жасқа келгендегі бала тісінің саны:

A) 10

B) 20

C) 30

D) 32

E) 15

16. Бүйрек жұмысына қауіпті:

A) Ақуыз.

B) Фермент.

C) Пепсин.

D) Несеп.

E) Алкоголь.

17. Дезоксирибонуклеин қышқылының жасушадағы орны

A) Цитоплазмада

B) Ядрода

C) Жасуша ортасында

D) Эндоплазмалық торда

E) Рибосомада

18. Жасушадағы митохондрия органоидының қызметі.

A) Ақуызды синтездеу.

B) Барлық органоидтардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді.

C) АТФ-ты синтездейді.

D) Органикалық заттарды синтездейді.

E) Биосинтез өнімдерін тасымалдауға қатысады.

19. Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді

A) Г. Мендель

B) Ч. Дарвин

C) К. Линней

D) Ж.Б. Ламарк

E) Д. Менделеев

20. Сабақ қабығынан оттегін өткізетін бөлігін белгілеңіз

A) өң

B) тін

C) сүрек

D) тоз

E) камбий

21. Былқылдақденелілер бақалшағында тіршілік етеді.

A) Хроококкалар.

B) Гормогониялар.

C) Носток.

D) Осциллятория.

E) Хамесифондар.

22. Сұйық дәнекер ұлпа:

A) шеміршек

B) май

C) талшық

D) қан

E) сіңір

23. Егер ДНҚ-да нуклеотидтердің орын реті өзгерсе:

A) Геномдық мутация.

B) Инверсия.

C) Дефишенсия.

D) Гендік мутация.

E) Делеция.

24. Тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болу теориясы

A) Биогенез

B) Витализм

C) Протобионт

D) Генезис

E) Абиогенез

25. Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар:

A) Гидробионттар

B) Эдафобустар

C) Экзобионттар

D) Эндобионттар

E) Аэробионттар


БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


3