«Гүл ғажайып дүние» атты байқаудың
Бағдарламасы
Мақсаты:
- Туған өлке табиғатын, оның байлығын қорғау туралы ұғындыру, таныстыру;
- Жеке тұлғаның табиғи қажеттіліктерін ынталары мен белгілерін қалыптастыру;
- Табиғат қамқоршылары қатарын молайту;
- Еңбектік , эстетикалық мәдениетін , экологиялық сана – сезімін қалыптастыру және дамыту;
- Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялдауға қорғауға үйрету.
Көрнекілігі: шарлар , стенд, плакат, ұлағатты сөздер, көрме, гүлдерден компазиция, түрлі – түсті қағаздан жасалған гүлдер ,натюрморт,
Қатысушылар саны -, мұғалімдер, ата – аналар, ауыл тұрғындары және шақырылған қонақтар. «Шу табиғат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері
Ашылу салтанаты:
Өтілу барысы:
Топты таныстыру (аты, ұраны,әні, киімі)
Гүлдердің үш тілде атауын ата.
Экибано (қорғау).
Гүлдердің тұқымы (этикеткамен 5 түрі)
Қолөнер: Моншақтан тоқылған гүл
(биіктігі – 50см)
Жүргізуші:
Құрметті байқауға қатысушы ұстаздар, ата- аналар, шақырылған
қонақтар және көрермендер, бүгінгі «Гүл ғажайып дүние» атты байқауға қош келдіңіздер!
Табиғат алтын күнім, күміс айым
Шашылған жұлдыз, меруерт жастанайын.
Үңілем таңнан тұрып терезеге,
Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.
Табиғат - көркем жырым, асқақ әнім.
Сен ана, мен қашанда жас баламын.
Сөйлеші жерде гүл боп, көкте күн боп,
Тіліңді түсінуге тырысайын.
Байқауға қатысатын үйірме жетекшілерді ортаға шақырайық.
1.Меруертгүлі
2.Раушан гүлі
3.Қызғалдақ гүлі
Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда неше бір ,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл- дей келе әділ баға берер Сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырғым келеді.
1. Р.Абдикеримова
2. Қ.Садыкова
3. Р.Шакирова
4.
Әділқазылар сайысымыздың әділ бағасын беру үшін алдарыңызда берілген
ұпай саныменен бағалауларыңызды өтінеміз.
Жүргізуші:
Білім орда мекені,
Табиғатты сүйеді.
Табиғаттың тынысын
Адамзатқа үйретер-
Сіздерді бүгінгі мерекемізге орай «Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры: Р.Абдикеримова құттықтайды.
Жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі «Гүл ғажайып дүние» атты байқаудың номинациясын айтып өтейін.
Топты таныстыру (аты, ұраны,әні, киімі)
Гүлдердің үш тілде атауын ата.
Экибано (қорғау).
Гүлдердің тұқымы (этикеткамен 5 түрі)
Қолөнер: Моншақтан тоқылған гүл
(биіктігі – 50см)
Жүргізуші:
Елімнің төсі айдау,жері айдау
Сұлудай сылдыр бұлақ, шолпы байлау,
Өнері өрге басқан ұстаздардың
Байқауға жеңіп шыққан өнерлері –дей отырып кезекті І номинация
бойынша топпен таныстыру.
1. Меруергүлі
2. Раушан гүлі
3. Қызғалдақ гүлі
Құрметті әділ-қазылар алқасы 1- Номинация бойынша сайыскерлердің бағасын беріңіздер
Жүргізуші:
Гүлдер, гүлдер не түрлі
Құлпырды да жетілді,
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім -гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім,
Үзіп алдым біреуін- деп ақын Т.Молдағалиев жырлағандай ІІ номинация
бойынша Гүлдің үш тілде атауын ата .
1. Меруергүлі
2. Раушан гүлі
3. Қызғалдақ гүлі
Құрметті әділ-қазылар алқасы ІІ- Номинация бойынша сайыскерлердің бағасын беріңіздер
Жүргізуші:
«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің қаланың,
Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді,
Күтіп-баптап аялайтын баламыз.-дегендей ІІІ номинация бойынша Экибано (қорғау)
1. Меруергүлі
2. Раушан гүлі
3. Қызғалдақ гүлі
Құрметті әділ-қазылар алқасы ІІІ- номинация бойынша сайыскерлердің бағасын беріңіздер
Жүргізуші:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға. –деп ақын Т. Молдағалиев жырлағандай ІV номинация
бойынша Гүлдердің тұқымы (этикеткамен 5 түрі) қорғау.
1. Меруергүлі
2. Раушан гүлі
3. Қызғалдақ гүлі
Құрметті әділ-қазылар алқасы ІV - номинация бойынша сайыскерлердің бағасын беріңіздер
Жүргізуші:
Әдемі гүлдер,гүлдер,
Далада өскен гүлдер.
Өседі ұқсап балаға,
Сән береді далаға
Алып-алдым біреуін –дей келе V номинация бойынша Қолөнер:
Моншақтан тоқылған гүл (биіктігі – 50см)).
1. Меруергүлі
2. Раушан гүлі
3. Қызғалдақ гүлі
Құрметті әділ-қазылар алқасы V - номинация бойынша сайыскерлердің бағасын беріңіздер
Қорытынды:
«Өсімдік өмір кілті» талас барма,
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба
Нәрленіп негіз алған тірі дүние,
Өсімдіктер таралған Жер -Анаға
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.
Жүргізуші:
Байқау соңы жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткіземе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғынатын.
Әділқазылар алқасы бағалау:
Марапаттау рәсімі: «Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры : Р.Абдикеримова мен әдіскер Қ.Садыкова жүргізеді.
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізде орын бар,
Басатын кейде, онсыз да қиын жалын бар.
Қуанышта бар, өкініште бар жолдарда,
Ұстаздарым , достарым, бәріңде аман болар.
Байқау аяқталды.
«Экология» бөлімінің таныстыруы
Меруертгүлі
Меруертгүлі болған соң,
Меруертгүлі аталған
Бір түбінен жамырап
Бірнеше гүл бас алған
Аппақ түсті гүлдері,
Сән береді құлпырып
Өсер барлық жерлерде
Жерге қарап құлынып.
Жапырағы үлкен болса да,
Моншақтай нәзік гүлдері
Меруертгүл деп аталған
Ұқсаған соң түрлері
Қатысамыз біз байқауға
«Экология» бөлімінен
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.
Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
Гүл қайда болса көбелек сонда.
Гүл өмір қызығы.
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен қадірлі.
Гүлсіз болса жер мұнды,
Күлкісіз болса ел мұңды.
Гүлсіз бұлбұл үнсіз.
Гүлсіз жапырақ тұл,
Көксіз топырақ тұл.
Гүл табылады, мал сатылады.
Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады.
Дала көркі — гүл,
Ана көркі — ұл.
Дала гүлімен қадірлі,
Әйел ұлымен қадірлі.
Көбелек гүлді сағынар.
Қыз халықтың гүлі,
Өлең сауықтың гүлі.
Сұлу гүлдің сарғайып солар кезі болады,
Сұлу қыздың әр тайып оңар кезі болады.
Тікен кірсе жаныңа
тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың.
Тікеннен — гүл, заһардан — бал.
Үкісіз қыз болмас,
Тікенсіз гүл болмас.
Мәлімет
2015жылдың 30 қазан күні Шу ауданы әкімдігі білім бөлімі жанындағы
«Жерұйық» жас натуралистер станциясында «Гүл ғажайып дүние» атты
байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
Туған өлке табиғатын, оның байлығын қорғау, гүлдер туралы білімдерін тереңдету,табиғатты сүюге, қадірлеуге баулу.
Байқауға: «Экология», «Зоология», «Өсімдіктер әлемі» үш бөлімнен
12 үйірме жетекшілер қатысты.
Байқау 5 түрлі номинация бойынша өткізілді.
Топты таныстыру (аты, ұраны,әні, киімі)
Гүлдердің үш тілде атауын ата.
Экибано (қорғау).
Гүлдердің тұқымы (этикеткамен 5 түрі)
Қолөнер: Моншақтан тоқылған гүл
(биіктігі – 50см)
Байқаудың ашылу салтанатына «Жерұйық» жас натуралистер
станциясынның директоры Р. Абдикермова ізгі тілегін білдірді.
Байқауда І топ «Меруертгүл», ІІ топ «Раушан» гүлі , ІІІ топ «Қызғалдақ» тобы . Байқаудың І номинациясы бойынша ең ерекше көзге түскен «Қызғалдақ» тобы болды.ІІІ номинация Экибано ( қорғау) бойынша «Меруертгүл» тобы ерекше көзге түсті. Оларды экибанолары табиғи заттардан жасалынған. ІІ номинация Гүлдердің үш тілде аталуын айтып «Раушангүл» тобы ерекше көзге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық берілген шарттарды үздік орындап І орынды жеңіп алған «Қызғалдақ» тобы, «Өсімдіктер әлемі» бөлімі,
ІІ орынды иеленген «Меруертгүлі» тобы , «Экология» бөлімі, ІІІ орынды иеленген «Раушангүлі» тобы , «Зоология» бөлімі.
Жеңімпаз бөлімнің үйірме жетекшілері марапаттау рәсімін жүргізген «Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры : Р.Абдикеримова мен әдіскер Қ.Садыкова.
Байқау жақсы ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Қатысушылар мен көрермендер жақсы көңіл –күйде болды.
«Жерұйық» жас натуралистер
станциясының «Экология» бөлімінің
меңгерушісі: Камзолданова А
«Жерұйық» жас натуралистер станциясында 2015 жыл 30 қазанда өтетін
«Гүл ғажайып дүние» атты байқауының
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
- Номинациясы
1
Топты таныстыру (аты, ұраны,әні, киімі)
2
Гүлдердің үш тілде атауын ата.
3
Экибано (қорғау).
4
Гүлдердің тұқымы (этикеткамен 5 түрі)
5
Қолөнер: моншақтан тоқылған гүл (биіктігі – 50см)
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен қадірлі.
Тікен кірсе жаныңа
тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың.
Сұлу гүлдің сарғайып
солар кезі болады,
Сұлу қыздың әр тайып
оңар кезі болады.
Әдемі гүлдер,гүлдер,
Далада өскен гүлдер.
Өседі ұқсап балаға,
Сән береді далаға
Алып-алдым біреуін
«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің қаланың,
Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді,
Күтіп-баптап аялайтын баламыз.
Түрлі гүлдер таралған жер бетіне,
Самал желмен бұралып тербетіле.
Көрген адам сүйінген келбетіне
Аққу құстай тербелген көл бетінде.
Гүл –керемет,гүл қуаныш,гүл желек,
Әрбір үйге, әр аулаға гүл керек.
Гүлмен бірге өрнектелген дүние,
Көкірегімді көркем – жырға бөлеп
Қызыл - жасыл ,ақ гүлдер,
Үлбіреген пәк гүлдер.
Ұлан байтақ далама,
Аңқытып жұпар септіңдер.