Сабақ жоспары. Тамақтану гигиенасы (8-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 8.

Пән: Биология.

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.

Сабақтың мақсаты: І Білімділік: Оқушыларға тамақтану гигиенасы жайлы мәлімет беру. Тақырыпты қарастыра отырып асқазан-ішек аурулары және оның алдын алуға қатысты негізгі түсініктер мен ұғымдарға тоқталу. ІІ Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, қабылдай алушылық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылғын арттыру. Ұғымдарды салыстыра және тани алуды қалыптастыру. ІІІ Тәрбиелік: Оқушылар арасында біздің дүние туралы біліміміздің объективтілігімен дәлелдене алулығы туралы көзқарас қалаптастыру. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ой жинақтау, қайталау, еске түсіру, ізденту.

Қолданылған құрал-жабдықтар: «Ас қорыту жүйесінің» кестесі, карточкалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу;

-Кезекші мәліметі;

-Ой шақыру (тілек айту).

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

-Ас қорыту мүшелеріне қатысты кестені ауызша қарастыру.

-«Сәйкестендіру» кестесін толықтыру. Сөйлемдер мен ұғымдар.

«Сәйкестіндіру» кестесі.

ІІІ Жаңа сабақ:

І Қызығушылығын ояту:

-Жұмбақ арқылы:

-Дәу үңгірдің қақпасы жабылып ашылып тұрады, жоқ болса да топсасы (Ауыз).

-Қос жиек ортасы, ақ сүйек (Тіс).

-Есігін ашсаң, сайраған бұл-бұл. Есігін жапсаң, жайраған құр күл (Тіл).

-Екі түбірден тұратын ас қорыту мүшесі (Ас+қазан).

А [pic] ссоциация статегиясы (тақтада орындалады). –Бұл ұғым сендер үшін жаңа ұғым, оны қалай түсінесіңдер?

[pic] [pic]

Т [pic] амақтану гигиенасы



-Оқушыларға тамақтану гигиенасы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

-Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу».

ІІ Мағынасын ашу: -«Ауру және сау тіс» баспалдағы тапсырмасы орындалады.

Ауру тіс: Сау тіс:

Микробтардың жиналатын орны Тіс щеткасын 3 ай сайын ауыстыру

Тісті жиі тазалау Тісті инемен шұқу

Суық тамақ Көкөністерді жуып жеу

Уақытында тіс дәрігеріне тексерілу Ыстық тамақ

Жаңғақ шағу Ас қорыту мүшелеріне әсер

етеді

-Бұл тапсырмада ұғымдардың орнын ауыстыруға да болады. Немесе қалдыруға болады. Ең соңында қай жағдайда баспалдақпен төмен түсетінімізді және жоғары көтерілетініміз туралы оқушылардың өзі қорытындылайды.

-«Тиімді тағам» кестесі арқылы суретте келтірілген 10 суреттен 5 адам ағзасы үшін тиімді және 5 тиімсіз тағам түрлерін таңдап, дәлелдермен қорытындылайды.

-Тамақтану адамға қажетті физиологиялық қажеттілік. Оның мөлшері қандай? Ал оны проценттік тұрғыда қарастырайық. Оқулықпен жұмыс.

-Тәбет сөзіне сатылай кешенді талдау жасалады. Оқулықпен жұмыс.

-Тәбетті жоғалту немен байланысты (әңгіме арқылы қарастырылады).

-Кесте арқылы жұмыс.

?


?




-Ситуация: Сенің қалтаңда1 алма бар. Досың оны көрді, жегісі кеп тұр. Не істейсің? а) досың кеткесін жейсің; ә) бөлісесің; б) басқа біреуге бересің.

-Ал егер де досыңмен бөліссең қандай гигиеналық талаптарды орындау арқылы алманы жейсіңдер?

ІІІ Ой толғау: -«Ас адам арқауы» тақырыбына шағын эссе құрастыру. –«Автор орындығы» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.

IV Бағалау.