Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері тақырыбындағы биология сабағы (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып Биология

Сабақтың тақырыбы: § 42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Мақсаты: Білімдік: Жалпақ құрттардың құрылысын біліп, олардың ішекқуыстылардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеді және маңызын түсінеді. Типке тән белгілерді талдай, қорытындылай біледі. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін, сөйлеу, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларға санитарлық-гигиеналық, адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Топта жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблица, электрондық оқулық.

Қолданылатын әдістер: Жекелей-іздену, эвристикалық, пікірлесу, проблемалық, интерактивтік.

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру. 1 мин

Үй тапсырмасын сұрау. 2 мин

Жаңа сабақ. 35 мин

Бекіту. 2 мин

Бағалау. 1 мин

Үйге тапсырма беру. 1мин

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Сыныпты 4 топқа бөлу. Гельминтология, ақ сұлама, бауырсорғыш, сиыр цепені. ( паразит құрттар, ақ сұлама, бауырсорғыш, сиыр цепенінің сурет қиындыларынан мозайка құрастырады)

Сабақта оқушылардың өз ұсыныстарымен ереже қабылдау.

  1. Сабақта тыныштық сақтау.

  2. Қол көтеріп жауап беру.

  3. Кезектесіп сөйлеу

  4. Басқаны тыңдай білу.

  5. Мұғалімді тыңдау.

  6. Сұрақ қою

  7. Көмектесу

  8. Идеяларды, пікірлерді топпен талқылау

Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсыру

Жаңа тақырыпты бастамай тұрып,мына сұрақтарға жауап алу. Құрт дегеніміз не? Оларды қайдан кездестіресіңдер? Қандай түрлерін білесіңдер?

Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Жалпақ құрттардың құрылысын білу, олардың ішекқуыстылардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйрену және маңызын түсінеміз. Типке тән белгілерді талдай, қорытындылай білеміз. Ендеше, біз бүгін сол құрттармен танысамыз.

Жаңа тақырыпты жазыңдар: § 42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

1-топ : Венн диаграммасын салу

1. Жалпақ құрттар мен ішекқуыстылар типінің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері.

2. Неліктен ақ планария, бауырсорғыш және сиыр цепенін бір типке жатқызады?

2-топ: : 1.Құрттардың ішкі құрылысын, мүшелер қызметін сипаттап беріңіз.

2. Жалпақ құрттар мен ішекқуыстылар типінің мүшелер жүйесіндегі ерекшеліктерін салыстыр.







Жалпақ құрттар








3-топ:Сандар сыры. Берілген тақырыптағы сандарды сөйлетіңіз.

4-топ: Жалпақ құрттардың көбеюі және даму циклі. Паразит құрттардан сақтану жолдары.

Бекіту.

Кестеге әрбір класқа тән ерекшеліктерді көрсетіңдер. Ол үшін сәйкес келетін цифрларды әр құрттың тұсына қойыңдар.

  1. Бас жағында қарапайым көзшелері болады?

  2. Негізгі иесі үй хайуанаттары

  3. Ас қорыту жүйесі мүлде жоқ

  4. Дернәсілдік дамуы аралық иеде өтеді

  5. Дернәсілден піллә түзезеді

  6. Дернәсілдерінде кірпікшесі болады

  7. Денесі кірпікшелі әпителиймен қапталған

  8. Адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін эндопаразиттік жәндіктер

  9. Финна дернәсілдерін түзеді



Жалпақ құрттар кластарының ерекшеліктерін атаңыз.










Кері байланыс: Осы сабақтан нені білдің? Сабақ қызықты өтті ме? Сабақта не қиын болды?

Бағалау. Үйге тапсырма беру: § 42.

Осы типке жататын басқа да құрт түрлерін және олардан жұғатын аурулар туралы материалдарды интернеттен іздеп, тауып келіңдер.