№ 24 сабақ Тексерілді: Биология ДЖОІО:
Өсімдіктің топырақтан суды және минералдарды сіңіруі. Фотосинтез №11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні:
Алипбаева Н.Н.
Мерзімі: 30.11.16
Сыныбы: 6 а
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақтың негізделген оқу мақсаты
Сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар өсімдіктердің топырақтан суды және минералды заттарды сіңіруін, фотосинтез процесінің ерекшелігі және олардың адам өміріндегі маңызын көрсете отырып өздігінен білім алады.
Сабақтан күтілетін нәтиже: І деңгей
(білу, түсіну)
Оқушылардың барлығы сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар өсімдіктердің топырақтан суды және минералды заттарды сіңіруін, фотосинтез процесінің ерекшелігі және олардың адам өміріндегі маңызын біледі.
ІІ деңгей
(қолдану, талдау)
Оқушылардың басым бөлігі сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар өсімдіктердің топырақтан суды және минералды заттарды сіңіруін, фотосинтез процесінің ерекшелігі және олардың адам өміріндегі маңызын көрсете отырып өздігінен білім алады.
ІІІ деңгей
(жинақтау, бағалау)
Кейбір оқушылар тақырыпты терең және толық сипаттап, логикалық тапсырмаларды орындайды.
Тілдік мақсат
Минералды және органикалық тыңайтқыштар, фотосинтез, азот, калий, фосфор, магний, крахмал
Пәнаралық байланыс
қазақ тілі, экология, математика,химия
Алдыңғы сабақ
Жемістер, жемістер мен тұқымдардың таралуы
Қолданылатын ресурстар
Сәйкестік тест тапсырмалары, таратпа қағаздар,суреттер
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт
Берілген тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
Сәлемдесу , түгелдеу.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу үшін «Менің сүйікті жемісім» әдісі қолданамын.
«Сурет» әдісі арқылы топқа біріктіру
І топ – Азот
ІІ топ – Калий
ІІІ топ – Күл
IV топ - Қарашірік
Ауызша мадақтау
Үй тапсырмасы
7 мин
І деңгей
(білу, түсіну)
Ортаға «Жеміс» атаны шақырамыз. Балалар жеміс тақырыбы бойынша білімдерін жинақтайды.
«Сиқырлы доп» стратегиясы
Сұрақтарды қоя отырып, допты лақтырады. Оқушы жауап беріп, келесі оқушыға допты лақтырады.
Жеке жұмыс
Сұрақтарға жауап берсе - 3
ІІ деңгей
(қолдану, талдау)
Сәйкестік тест
Өсімдіктер мен жемістер арасындағы сәйкестікті стрелка арқылы қос
Есепті шығара алса- 4
ІІІ деңгей
(жинақтау, бағалау)
«Озық ойлы, кім жүйрік?» әдісі. Логикалық тапсырмалар беріледі.
І топ.
1- есеп. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
ІІ топ
1-есеп. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге
400: 4=100 теңге
1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
ІІІ топ
1-есеп. Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?
Жауабы: 25 кг – 15 кг = 10 кг (алма сатылған)
10 кг х 2 = 20 кг (алма болғаны)
25 кг – 20 кг = 5 кг ( бос жәшік салмағы )
ІV топ
1-есеп. Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?
Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин)
200 кг - 70 кг = 130 кг (алма)
300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт)
Эссе жазуға -5
Жаңа сабақ
15 минут
«Ой қозғау» әдісі арқылы тақырыпты ашу.
«Өсімдіктің қоректенуі» бейнетаспа
Сұрақтар:
Бейнетаспадан нені білдіңдер?
Нені түсіндіңдер?
Тыңайтқыштар қалай қолданылады?
Тыңайтқыштар қалай бөлінеді?
Тыңайтқыштардың маңызы қандай?
Тыңайтқыштар не себепті өсімдікке керек?
«Суретпен жұмыс» әдісі. Мәтіннен суреттерді талқылап топтар өзара тақырыпты меңгереді.
І топ – Минералды қоректену
ІІ топ – Тыңайтқыштар
ІІІ топ – Фотосинтез
ІV топ – Фотосинтездің маңызы
Топтық жұмыс
Сабақты бекіту
10 минут
І деңгей
(білу, түсіну)
«Білім сатысы»
1 баспалдақ
1.Өсімдік қалай қоректенеді?
2.Фотосинтез қандай процесс?
2 баспалдақ
Фосфор , калий өсімдіктің қандай мүшелеріне әсер етеді?
Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
3 – баспалдақ
Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?
Өсімдік тіршілігі үшін қажетті заттарды атаңдар.
Сұраққа жауап берсе- 3
ІІ деңгей
(қолдану, талдау)
«Ғажайып киндер» әдісі
1-есеп. Бір жылда әр тауықтан 6-7 кг құс саңғырық жиналатын болса, онда аулада 50 тауық болғанда, қанша кг құс саңғырығы жиналады?
2- есеп Екі жылдың ішінде ноқаттың гектарынан орта есеппен 34 тонна көк балауса жиналды, 207 кг азот алынды. Егер де екі жыл ішінде ноқаттың 2 гектарына қанша азот алынады?
3-есеп. Мүйізді ірі қара малының көңінің бір тонна құрғақ затында 20 кг азот‚ 10 кг фосфор‚ 24 кг калий‚ 28 кг кальций‚ 6 кг магний‚ 4 кг күкірт‚ 25 г бор‚ 230 г марганец‚ 20 г мыс‚ 100 г мырыш‚ 2 г молибден‚ 1‚2 г кобальт‚ 0‚4 г йод болады. Егер көңнің 3 тонналық құрғақ затында қанша кг калий болады?
4- есеп. Фотосинтез нәтижесінде ауадағы көмір қышқыл газы мен судың есебінен өсімдік бойында барлық органикалық заттардың 93,5 пайызы түзілсе, ал тек 6,5 пайызы ғана топырақтағы минералдық заттардың есебінен құралады. Сендерге сұрақ өсімдіктің бойындағы қоректенудің қайсысы тиімді болып тұр?
Картамен жұмыс - 4
ІІІ деңгей
(жинақтау, бағалау)
«5-5-1» әдісі
Табиғат саған ана ма,
Әлде әншейін пана ма? Эссе жазу
Ойларын толық жеткізгенге - 5
Үйге тапсырма
3 мин І деңгей
(білу, түсіну)
25-26 параграф оқып келу
ІІ деңгей
(қолдану, талдау)
Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу
ІІІ деңгей
(жинақтау, бағалау)
“Фотоситездің ашылу тарихы” туралы материалдар жинап келу.
Бағалау
2 мин
Өзін-өзі бағалау
«Бағдаршам» әдісі
2-7 «3»
8-11 «4»
12-15 «5»
Кері байланыс
2 мин
«Инсерт» әдісі
Т аратпа қағаз.
Рефлексиялық есеп
Сәтті тұстарым
Сәтсіз тұстарым
Болашақтағы жоспарымның келесі қадамдары