І нұсқа
1.Адамның физиологиялық қажетсінуі?
А)Білім алу
В)Шығармашылық қажетсіну
С)Ашығу
Д)Рухани қажетсіну
Е)Жұмыс істеу
2.Ағзаның қажетсінуін қанағаттандыруға бағытталған ыңғайлы қимылдатқыш әрекеттердің күрделі кешені?
А)Мінез-құлық
В)Психика
С)Шартты рефлекс
Д)Шартсыз рефлекс
Е)Еңбек
3.Адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, сезімі мен еркі?
А)Физиология
В)Анатомия
С)Гигиена
Д)Патология
Е)Психика
4.Қарапайым, туа біткен рефлекстер?
А)Шартсыз
В)Шартты
С)Болжалды
Д)Жүре бара пайда болатын
Е)Тежелу
5.Шартты рефлекске жатады?
А)Кірпік қағу
В)Ему
С)Инстинкт
Д)Кітап оқу
Е)Қорғаныс рефлекстері
6.Шартты және шартсыз рефлекстердің жаңа тітіркендіргіш әсерінен баяулауы немесе тоқтауы?
А)Жаңа шартты рефлекс
В)Жаңа шартсыз рефлекс
С)Тежелу
Д)Тітіркену
Е)Бағдарлау
7.Ұрықтану жүреді?
А)Сыртқы жыныс мүшелерінде
В)Қуықта
С)Жатыр түтігінде
Д)Аналық безде
Е)Құрсақ қуысында
8.Ұрық тыныс алады,қоректенеді?
А)Жатыр түтігі арқылы
В)Қынап арқылы
С)Аналық без
Д)Ұрықжолдасы арқылы
Е)Сыртқы жыныс мүшелері
9.Ұрықтанудан бастап бала туылғанға дейінгі кезең?
А)Даму
В)Ұрықтану
С)Босануға дайындық
Д)Жүктілік
Е)Шараналық
10.Жүктілік кезінде зиянды әсер ететін факторлар?
А)7-8 сағат ұйқы
В)Таза ауа
С)Үйреншікті жеңіл жұмыс
Д)Алкоголь мен никотин
Е)денені жылы,таза ұстау
11.Нәрестелік кезең?
А)1 жастан 3 жасқа дейін
В)1 айға дейін
С)3-тен 7 жасқа дейін
Д)1 айдан 1 жасқа дейін
Е)11-12 жас
12.Бұрын бастан кешкен әсерлерге негізделетін, әр түрлі бейнелер байланысқа түсетін күрделі психикалық құбылыстар?
А)Қиялдау
В)Түс көру
С)Армандау
Д)Есте сақтау
Е)Ұйықтау
13.Асқорыту жүйесінің мүшелері
А)Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, бауыр, тоқ ішек, тік ішек
В) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек
С) Мұрын қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек
Д) Ауыз қуысы, көмекей, аңқа, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек
Е) Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек
14.Өңеш дегеніміз?
А)Ұзындығы 11-13 см бұлшықетті мүше
В)Ұзындығы 25 см бұлшықетті түтік
С)Көлемі 2-3 л, алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді мүше
Д)Ұзындығы 5-7 м болатын асқорыту жолының ең ұзын бөлігі
Е)Массасы 1500 г ең ірі без
15.Асқазан дегеніміз?
А)Ұзындығы 11-13 см бұлшықетті мүше
В)Ұзындығы 25 см бұлшықетті түтік
С) Массасы 1500 г ең ірі без
Д)Ұзындығы 5-7 м болатын асқорыту жолының ең ұзын бөлігі
Е) Көлемі 2-3 л, алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді мүше
16.Қойын дәптерінен телефон нөмірін алып, теріп болғаннан кейін оны ұмытып қалу?
А)Ұзақ уақыттық жад
В)Механикалық есте сақтау
С)Қайталау
Д)Саналы түрде есте сақтау
Е)Қысқа мерзімді жад
17.Тек жаттап алу,адамның өз білімін толыққанды өмірде пайдалана алмауына әкеліп соғады?
А) Саналы түрде есте сақтау
В) Қысқа мерзімді жад
С) Механикалық есте сақтау
Д) Ұзақ уақыттық жад
Е) Қайталау
18.Материалды ұмытпау үшін жасалатын есте сақтау шарттарының бірі?
А) Қайталау
В) Саналы түрде есте сақтау
С) Ұзақ уақыттық жад
Д) Механикалық есте сақтау
Е) Қысқа мерзімді жад
19.Қажу жинақталып, шектен асқанда жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғатын ағза жағдайы?
А)Еңбек тәртібі
В)Іждағаттылық
С)Қажу
Д) Қалжырау
Е) Қайталау
20.Адамның бойындағы жаман әдеттер?
А)Табиғатпен байланыс
В)Көп тамақ жеу
С)Көп сұйықтық ішу
Д)Ішімдік,темекі,нашақорлық
Е)Білім алу
ІІ нұсқа
1.Адамның әлеуметтік қажетсінуі?
А)Тамақ ішу
В)Белсенді қозғалыс
С)Аштық сезімі
Д)Білім алу
Е)Шөлдеу
2.Мінез-құлық қалыптасады?
А)Қоғам әсерінен
В)Табиғи орта әсерінен
С) Рефлекстік реакциялардан
Д)Гормондар әсерінен
Е)ішкі дүниесінен
3. «Ми рефлекстері» еңбегінің авторы?
А)Пирогов Н.И
В)Павлов И.П
С)Мечников И.И
Д)Сеченов М.И
Е)Уильям Гарвей
4.Шартсыз рефлекске жатады?
А)Сүті бар бөтелкені тану
В)Кірпік қағу, ему
С)Жұмыс істеу
Д)Оқу
Е)Спортпен шұғылдану
5.Ең алғаш өз зерттеулерінің нәтижесінде шартты рефлекстерді сипаттаған ғалым?
А)Пирогов Н.И
В) Сеченов М.И
С) Павлов И.П
Д) Мечников И.И
Е)Уильям Гарвей
6.Тәжірибе жинақтау барысында жаңа тітіркендіргіштерге реакция?
А)Бағдарлау рефлексі
В)Шартты рефлекс
С)Тежелу
Д)Шартсыз рефлекс
Е)Жауап қайтару
7.Түнде зәр тоқтамайтын бүйрек ауруы?
А) Нефрит
В) Бәсеңдейтін инфекция
С)Өрлеме инфекция
Д) Цистит
Е) Энурез
8.Зәр шығару мүшелерінің қан арқылы басқа мүшелерден түскен микроағзалармен зақымдалуы?
А) Нефрит
В) Цистит
С)Өрлеме инфекция
Д) Энурез
Е) Бәсеңдейтін инфекция
9.Ағзамызды сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы?
А)Имуннитет
В)Тері
С)Эпителий қабықшасы
Д)Май қабаты
Е)Бұлшықет қабаты
10.Қалыңдығы 4 мм-ге дейін болатын тері қабаты?
А)Май қабаты
В)негізгі қабат(дерма)
С)Эпидермис
Д)Тырнақ
Е)Мүйізгек
11.Терінің жоғары температура әсерінен зақымдалуы?
А)Ыстық
В)Үсік
С)Суық
Д)Күйік
Е)Күн өту
12.Білім алудың, білік, дағды қалыптастырудың, белгілі бір іс-әрекетті едәуір табысты орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның ерекшеліктері?
А) Шартсыз тежелу
В)Рухани қажеттілік
С)Зейін
Д)Жады
Е) Қабілеттілік
13.Көп күш пен мақсатты керек етпейтін зейін түрі?
А)Доминаннты принцип
В)Ерікті зейін
С)Жады
Д)Еріксіз зейін
Е)Байқағыштық
14.Бір нәрсеге деген басым қажеттіліктің басқа процестерге деген іс-қимылын тежеп, ағзаның мінез-құлқын басқаруы?
А) Ерікті зейін
В) Байқағыштық
С) Доминаннты принцип
Д)Еріксіз зейін
Е) Жады
15.Адамның өз тәжірибесін еске түсіруі, сақтауы және кейін елестетуі?
А) Мінез-құлықты басқару
В) Еріксіз зейін
С) Доминаннты принцип
Д) Жады
Е) Байқағыштық
16.Кейбір бала кезде алған әсерлердің өмір бойына сақталуы?
А) Саналы түрде есте сақтау
В) Қысқа мерзімді жад
С) Ұзақ уақыттық жад
Д) Қайталау
Е) Механикалық есте сақтау
17.Материалды терең түсіне отырып, оған талдау жасау арқылы есте сақтау тәсілі?
А) Механикалық есте сақтау
В) Саналы түрде есте сақтау
С) Ұзақ уақыттық жад
Д) Қайталау
Е) Қысқа мерзімді жад
18.Организмнің кез-келген ұзақ уақытқа созылған іс-әрекетке қалыпты реакциясы?
А)Еңбек тәртібі
В)Іждағаттылық
С)Қажу
Д)Қайталау
Е) Қалжырау
19.Өнер мен ғылымның дамуына негіз болатын,адамның үдемелі дамуы?
А)Сөйлеу
В)Ауызша ойлау
С)Жазу
Д)Есте сақтау
Е)Тәжірибе жинақтау
20.Мемлекет игілігі болып табылатын, әрбір адамның тіршілік байлығы?
А)Адамның еңбекке қабілеттілігі
В)Имуннитеті
С)Адам денсаулығы
Д)Психикалық саулық
Е)Нашақорлық
Жауаптары
1-нұсқа
Е
Е
А
А
-