Сынып 8 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тірек –қимыл жүйесінің құрамбөліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызмететрі туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылыс мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі:ҮӘЖ технологиясының элементтері,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: презентация,қаңқа суреттері,кесте.
Сабақтың барысы:
І кезең (5-7 мин)
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
Қызметтері бір бағытта болатын, жүйке жүйесінің 3 бөліктен тұратын құрылымы...................... деп аталады.
Көз алмасы негізінен..................... қабықтан тұрады.
Родопсиннің түзілуі.................... витаминіне байланысты.
Екі заттың жақын ара-қышықтықты ажырата алуы................... деп аталады.
Ауырсыну сезімін қабылдайтын рецептор..................деп аталады.
Бұлшық еттер жиырылған кезде ......................тарылады.
Сезім мүшелеріне..................жатады.
Көз рецепторларының айналадағы заттарды жарық шамасына қарай сезу қабілеті................деп аталады.
Түрлі түсті ажырата алмайтын ауру..................деп аталады.
Әр вестибула мүшесі өз жағының бұлшық еттерінің ширығуын басқарып отырады. Сондықтан сол жақ вестибула мүшесі бұзылса, онда дененің екінші жағы басым болып, адам басы ........... жаққа қарай бұрылады.
Жауабы:
сезім жүйесі
3
А витамині
Көз жітілігі
Ноцицептор
Қарашық
Көз, құлақ, мұрын тіл, тері
Адаптация
Дальтонизм
оң
ІІ Негізгі бөлім.
Топтастыру .
Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүткоректі жануарлардан ажыратады?
Сергіту сәті.
ІІ кезең: (20-25 мин) Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы: «БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Өз бетінше тақырыпты меңгерту.
Балалар ,төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар
Тірек –қимыл жүйесі енжар (қаңқа)және белсенді( бұлшық еттер) бөліктерден тұрады.
Қаңқа денемізге тірек болып ,дене пішінін сақтайды,қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады,зат алмасуға қатысады.
Адам қаңқасы 200 –ден астам сүйектен тұрады.
Бас қаңқасы екі бөлімнен :ми сауыты және бет бөлігінен тұрады.
Ми сауытының сүйектері- маңдай,шүйде,жұп самай және төбе сүйектері өзара қозғалмай байланысқан.
Бет бөлігі –үстіңгі ,астыңғы жақ,бет,мұрын,таңдай сүйектері құрайды.
Омыртқа жотасы 33-34 сүйектерден құралған,оны мойын (7 омыртқа),арқа(12 омыртқа), бел(5 омыртқа), сегізкөз(5 омыртқа),құйымшақ(4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.
Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді,оның екеуі мойын және бел лордозы алға қарай,ал екеуінікі –кеуде және сегізкөз кифозы артқа қарай бағытталған.
Кеуде қуысын 12 арқа омыртқалары, 12 жұп қабырғалар мен төс түзеді.
Иық белдеуі 2 жауырын мен 2 бұғанадан тұрады.
Қолдың қаңқасы тоқпан жілік, кәрі жілік ,шынтақ сүйек және қол басы сүйектерден тұрады.
Жамбас белдеуі сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады.
Аяқтың сүйектеріне ортан жілік,асықты жілік ,шыбық сүйегі және 26 сүйектен тұратын толарсақ,табан және бақай сүйектері жатады.
Тік журуіне байланысты адамның аяғы күмбез тәрізді пішінге ие болды.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?Неліктен? Себебі? Не үшін?) Ойланып жауап бер!
Себебін анықта
Неліктен қаңқаны «енжар», ал бұлшық еттерді «белсенді» тірек –қимыл жүйесінің бөліктері деп атайды?
Қаңқа организмнің қандай процестеріне қатысады ?
Неліктен ми сауытының сүйектері өзара қозғалмай байланысқан ?
Омыртқа жотасы неше жерден иіледі? Не үшін?
Жамбас пен сегізкөз неліктен тұтасып кеткен?
Неліктен адамның табаны күмбез тәрізді?
Жалпақтабандылықтың себебін анықта?
Теориясы: «ТАЛДАУ»
(талда,салыстыр,айырмашылығы неде? )
Сүйектер
Орналасуына қарай
Құрылысына қарай
Байланысуы
Бас
Тұлға
Қол
Аяқ
Ұзын
Қысқа
Жалпақ
Қозғалмайтын
Қозғалмалы
Аз қозғалатын
Ортан жілік
+
+
+
Омыртқа
+
+
+
Жамбас
+
+
+
Самай
+
+
+
Қабырға
+
+
+
Тоқпан жілік
+
+
+
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т. б. түрінде)
Сколиоз -
Жалпақтабандылық -
Лордоз-
Кифоз-
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»(қарапайым тапсырмалар)
Дұрыс сөйлемдерді табыңдар
1.Аяқ белдеуі сегізкөзден және оған қозғалмай бірігіп кеткен екі жамбас сүйегінен тұрады
2.Алақан ,толарсақ және табан сүйектері табанды құрайды
3.Сегізкөздегі омыртқалардың өзара және жамбас сүйектерімен байланысуы-сүйектердің жартылай қозғалмалы байланысуына мысал бола алады
4.Балтыр қол қаңқасының құрамына кірмейді
5.Жамбастың шоңданай ,шат және мықын сүйектері түтікті сүйектерге жатады
6.Буынның қуысында болатын буын сұйықтығы май ретінде қызмет атқарып , үйкелістің азаюына себепші болады
7.Төс сүйегіне 10 жұп қабырға бекиді
8.Ұзақ уақыт тік тұрған кезде дене массасының омыртқа жотасындағы шеміршек қабаттарына түсіретін қысымы салдарынан омыртқа жотасының ұзындығы қысқарады.
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
Сен қалай ойлайсың?
Логикалық тапсырмалар
1.Америкалық циркач ВИЛЛАРД ерекше фокус көрсеткенде өз денесінің ұзындығын 20 см ұзартады .Рентген түсірген дәрігер нені байқады?
2.Қандай сүйекті түйіп байлауға болады ?
3.Ортан жілік тік бағытта 1.5 т-дан артық салмақ көтереді .Неліктен ? Түсіндір.
4.Сүйектердің өсуін реттейтін без қалай аталады және қандай гормон бөледі?
Егер сол гормон артық бөлінсе немесе аз мөлшерде бөлінсе не болады?
Қорытынды
Мұғалім оқушылармен бірге топтық жұмыстың нәтижесін талдайды
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: § 21 оқу,адамның қаңқа сүйектерін жаттау.
V Бағалау. Оқушыларды бағалау.