Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары. 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау

заңдылықтары.


Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға моногибридті будандастырудағы тұқым

қуалау заңдылықтарын түсіндіру.

ә) Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтары туралы оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.


Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.


Пәнаралық байланыс: Өсімдіктану.


Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Интерактивті тақтадан жылдарды көрсетіп, сол жылдары генетика саласында қандай жетістіктер болғандығын сұрау.

  1. 1906 жыл ағылшын биологі У.Бэтсон генетика /грекше “genesis”–шығу тегі/ терминін ұсынды.

  2. 1865 жыл Чех ғалымы Г.Мендельдің «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегі жарық көрді.

  3. 1900 жыл Голландиялық Г. Де Фриз, немісғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг Мендель заңдарының дұрыстығын дәлелдеді.

  4. 1944 жыл Америкалық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материялдық негізі – ДНК екендігін дәлелдеді.

  5. 1953 жыл Америкалық биохимик әрі генетик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик ДНК-ның молекулалық құрылымының моделін жасады. /ДНК-ның молекулалық құрылымының суреті көрсетіледі/

ІІІ. Жаңа сабақ

/терминдерді түсіндіру/

Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін қалаған кім? /Грегор Мендель/

Грегор Мендель 1822 жылы Гинчица шағын қыстағында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1843 жылы Чехословакияның Брно қаласындағы Августин монастырында тыңдаушы болып орналасқан. Мендель оны бітіріп, діни атақ алғаннан кейін Вена университетіне түсіп, екі жыл жаратылыстану және математиканы оқып-үйренді. Оның бұл алған білімі бұршақ өсімдігіне жүргізген тәжірибелері нәтижесінде тұқым қуалау заңдылықтарын ашуға үлкен ықпалын тигізді. Мендель өз тәжірибелеріне қолайлы объекті ретінде бұршақты /Pisum sativum/ алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда бұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:

  • бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;

  • өсіруге қолайлы;

  • гүліндегі жыныс мүшелері күлте жапырақшалармен толық қалқаланп тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан әр сорт таза дамып-жетілгендіктен белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі.

  • бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.

Міне сондықтан Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол тәжірибесін қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен. Тәжірибелерінің бәрінде бұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Сонда бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, жасыл түс көрінбеген. Дәл осындай нәтиже гүлінің формаларында алып будандастырғанда көрініс берді. Осы зерттеулердің нәтижесінде, Мендельдің бірінші заңы – бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болуы заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы деп атады.

[pic]

Фенотипі: сары

Генотипі: гетерозиготалы






Бірінші ұрпақта басымдылық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды.

Генотип деп ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады. Генотипіне қарай организм гомозиготалы не гетерозиготалы болуы мүмкін. Гомозиготалы деп тек біріңғай доминантты /АА/ немесе рецессивті /аа/, ал гетерозиготалы деп керісінше әртүрлі гендерден /Аа/ тұратын организмді айтады. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын фенотип деп атайды.

Бір-біріне айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса, бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкі будандар алынады. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп атайды.

Мендель бұл тәжірибені бұдан әрі жалғастырып, бірінші ұрпақтағы будандарды өздігінен тозаңдандырғанда – екінші ұрпақта сары да, жасыл да тұқымды даралар алынған. Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығын ажырау заңы деп атайды.

[pic] Бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, екінші ұрпақта /Ғ2/ белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау ара қатынасы фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1-тең болады.





ІV. Жаңа сабақты қорытындылау

  1. Сұрақтар арқылы қорыту:

  1. Будандастырудың қандай түрлері бар?

  2. Моногибридті будандастыру дегеніміз не?

  3. Мендельдің екінші заңы немен аяқталады?

  4. гетерозис дегеніміз не?

  5. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?


V. Үй тапсырмасы

Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары / дәрісті оқу/.


VІ. Бағалау

[pic]





















Қолданылатын слайдтар

[pic]


[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]