7 сыныпқа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БИОЛОГИЯ

7-сынып

(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)


1


3.

Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.

1



ІІ бөлім. Қарапайымдар немесе Біржасушалы жәндіктер (жануарлар) дүние тармағы (4 сағат).

Қарапайымдардың табиғаттағы алуантүрлілігі. Олардың су қоймаларында, топырақта және адам мен өсімдік организмінде кездесетін саналуан өкілдері.




I тарау. Тамыраяқтылар (Саркодалылар) (1 сағат).



4.

Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі.

1



II тарау. Талшықтылар (1 сағат).



5.

Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.

1



III тарау. Инфузориялар (2 сағат).



6.

Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар.

1 зертханалық жұмыс.

Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым организмдерді қарау.

1


7.

Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1



ІІІ бөлім. Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы

(4 сағат).




IV тарау. Ішекқуыстылар типі (3 сағат).



8.

Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы. Сыртқы көрінісі және мінез-құлқы. Гидраның қоректенуі. Тыныс алуы. Тітіркенгіштігі.

1


9.

Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әртүрлілігі.

1


10.

Гидраның көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы.

1



V тарау. Теңіз ішекқуыстылары (1 сағат).



11.

Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1






ІV бөлім. Жалпақ , Жұмыр және Буылтық құрттар типтері (9 сағат).

Құрттардың жалпы сипаттамасы. Құрттардың алуантүрлілігі. Құрттардың типтері. Табиғатта емін-еркін тіршілік ететін және паразиттік құрттардың негізгі топтары, тіршілік орталары.




VI тарау. Жалпақ құрттар (3 сағат).



12.

Ақ сұлама — емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі.

1


13.

Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы.

1


14.

Сорғыш құрттар. Даму циклы және иелерін алмастыруы.

1



VII тарау. Жұмыр құрттар (3 сағат).



15.

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы.

1


16.

Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану.

1


17.

Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1



VIII тарау. Буылтық құрттар (3 сағат).



18.

Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы.

2 зертханалық жұмыс.

Шұбалшаңның мінез – құлығын: оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу.

1


19.

Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы.

1


20.

Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.

1



V бөлім. Ұлулар типі (3 сағат).




IХ тарау. Бауыраяқты ұлулар класы (1 сағат).



21.

Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі.

Бауыраяқтылар класы. Үлкен тоспаұлуы және жалаңаш шырыш, олардың тіршілік орталары. Құрылысы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі және дамуы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.

3 зертханалық жұмыс.

Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеу және салыстыру. Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) мінез-құлығын: оның қозғалуын, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, бақалшағының сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын зерттеу.

1



Х тарау. Қосжақтаулылар класы (1 сағат).



22.

Айқұлақ (немесе інжуір) және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрылысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.

1



ХI тарау. Басаяқты ұлулар класы (1 сағат).



23.

Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы. Қоректенуі. Мінез-құлығы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.

1



VІ бөлім. Буынаяқтылар типі (14 сағат).




ХII тарау. Шаянтәрізділер класы (4 сағат).



24.

Типтің жалпы сипаттамасы. Буынтаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы. Класстың жалпы сипаттамасы.

1


25.

Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

1


26.

Құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі.

1


27.

Басқа шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1



ХIII тарау. Өрмекшітәрізділер класы (4 сағат).



28.

Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Крест өрмекшісі (немесе кезкелген басқа өрмекші). Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез –құлығы.

1


29.

Өрмектің құрылысы және оның рөлі. Өрмекшілердің биогеоценоздағы маңызы.

1


30.

Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез-құлығының ерекшеліктері. Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы. Кенелік энцефалит.

1


31.

Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

1



ХIV тарау. Бунақденелілер класы (6 сағат).



32.

Кластың жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері.

4 зертханалық жұмыс.

Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарау.

1


33.

Бунақденелілердің көбейуі және дамуы. Даму типтері.

1


34.

Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: Турақанаттылар, Теңқанаттылар және Қандалалар. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: Қабыршаққанаттылар, Инеліктер, Қатқылқанаттылар (Қоңыздар), Қосқанаттылар, Жарғаққанаттылар.

1


35.

Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.

5 зертханалық жұмыс.

Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.

1


36.

Аралар мен құмырсқалар — қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын (семья) құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1


37.

Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі. Бунақденелілерді қорғау.

1



VII бөлім. Желілілер типі (28 сағат).




Бассүйексіздер тип тармағы (1 сағат).



38.

Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша — бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.

1



ХV тарау. Балықтар класүсті (надкласс) (5 сағат).



39.

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.

6 зертханалық жұмыс.

Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу.

1


40.

Балықтардың көбейуі және дамуы. Мінез-құлығының ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі (миграция). Өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Түйсік, және оның балықтарда байқалуы, популяция туралы түсінік.

1


41.

Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрылықтық омыртқалы жанауарлардың шығу тегіндегі маңызы.

1


42.

Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.

1


43.

Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері. Балықтарды жерсіндіру, оның биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балықшаруашылығы.

1



ХVI тарау. Қосмекенділер класы (3 сағат).



44.

Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы.

7 зертханалық жұмыс.

Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу.

1


45.

Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.

1


46.

Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы.

1



ХVII тарау. Жорғалаушылар класы (4 сағат).



47.

Кластың жалпы сипаттамасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құрлық-ауа тіршілік ортасына бейімділігі, жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі және мінез-құлығы. Көбеюі және дамуы.

8 зертханалық жұмыс.

Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру.

Топсеруен:

1. Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына бару: «Туған өлке жануарларының әртүрлілігі».

1


48.

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1


49.

Жорғалаушылардың басқа отрядтары: тасбақалар, қолтырауындар. Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жорғалаушыларды қорғау.

1


50.

Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлілігі. Олардың жойылу себептері. Жорғалаушылардың ертедегі қосмекенділерден пайда болуы.

1



ХVIII тарау. Құстар класы (6 сағат).



51.

Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. Жылықандылығы.

9 зертханалық жұмыс.

Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасының құрылысы, құстардың ішкі құрылысы (даяр ылғалды препараттан).

1


52.

Көбейуі мен дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы мен маусымдық құбылыстары. Құстардың қайтуы.

10 зертханалық жұмыс.

Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу.

1


53.

Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс.

1



54.

Құстардың көптүрлілігі. Түйеқұстар (қыртөссіз құстар). Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары.

Топсеруен:

«Орман құстарымен танысу (саябақтың, шағынбақтың, мектеп бағының). Тірі құстарға бақылау жүргізу.

1


55.

Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы. Құстарды қорғау және қолға үйрету. Құстардың биогеоценоздағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар оларды тиімді пайдалану және қорғау.

1


56.

Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.

1



ХIХ тарау. Сүтқоректілер класы, немесе Аңдар (9 сағат).



57.

Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.

11 зертханалық жұмыс.

Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.

Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.

1


58.

Көбейуі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.

1


59.

Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.

1


60.

Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі.

1


61.

Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.

1


62.

Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары). Ескекаяқтылар. Китәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Тұмсықтылар. Приматтар.

1


63.

Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандардың, ашық кеңістіктердің (даланың), су қоймалары мен олардың жағалауларының сүтқоректілері. Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.

1


64.

Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы. Жабайы ата-тектерден шығуы.

1


65.

Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілік және кәсіптік аңдар. Аңдарды жерсіндіру және қайта көшіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау.

Топсеруен:

3. Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына: «Үй және жабайы жануарлар».

1



VIII бөлім. Жерде жануарлар дүниесiнiң дамуы (1 сағат).



66.

Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы. Жерде жануарлар дүниесі тарихи дамуының дәлелдемелері. Эволюция туралы түсінік. Жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі тірі табиғат эволюциясының нәтижесі екендігі.

1



IX бөлім. Табиғи бiрлестiктер (1 сағат).



67.

Табиғи және мәдени организмдер. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Биогеоценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Табиғи бірлестіктердегі трофикалық байланыстар. Қоректік тізбектер.

Топсеруен:

4. «Табиғи бірлестіктердегі көктемгі тіршілік».

5. «Сулы ортаның табиғи бірлестіктеріндегі көктемгі құбылыстар».

1



Қорытынды (1 сағат).



68.

Жануарлар дүниесі организмдердің, популяциялар мен түрлердің және бірлестіктердің көптүрлілігінің көрінісі. Тірі табиғаттың құрылым деңгейлері. Жануарларды қорғау және олардың көптүрлілігін сақтауда адам және қоғамның рөлі.

1