Сабақ жоспары №391 11 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып:

Сабақ тақырыбы: Кайнозой заманында Жерде тіршіліктің дамуы, бунақденелілердің көптүрлілігі (параллельді эволюция).

 Сабақтың мақсаты:
білімділік: Тірі табиғаттың пайда болуы мен шығу тегінің ақиқаттығына көз жеткізіп, дұрыс дүниетанымдылықты қалыптастыру. Тіршілік дамуындағы 5 заман туралы жалпы түсінік беру
дамытушылық: Тіршіліктің пайда болу теориясын талқылау арқылы оқушылардың  білімді өздігінен меңгеруі, оқулықпен жұмыс істеу дағдысын, ой-өрісін, шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту
тәрбиелік: Оқушыларды қызығушылыққа, ізденуғе және ойлауға үйрету. бірлікке, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру,дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.Ақпарат құралдары арқылы жаңа әдістерді пайдалана отырып білім алушылардың шығармашылығын дамыта оқытуға   тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұхбат, термин сөздермен жұмыс, тестік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: География, химия ,тарих т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөз тізбегі, слайдтар
1, Ұйымдастыру кезеңі
2.
Қайталау оқу анасы (үй тапсырмасын тексеру)

Геохронология шәкілі

[link] пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

Үйге тапсырма: кесте толтыру

Оқушыларды бағалау.