Ішкі мүшелер топографиясы 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Биология. Сыныбы: 8.

Сабақтың тақырыбы: Ішкі мүшелердің топографиясы.

Сабақтың мақсаты: Ішкі мүшелердің орналасуы туралы білім беру.

Міндеттері:

а) білімділік: Оқушыларды адам ағзасындағы мүшелер мен мүшелер жүйесімен таныстыру, олардың құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың мүшелер жүйесітуралы алған білімдерін одан әрі дамыту және дағдыларын қалыптастыру;ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша , баяндау, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың пән аралық байланысы:экология, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу; б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. § 1мазмұндау. Біліміңді сына;

Балалар, біз бүгін сыныпты екі топқа бөлеміз.Әртопта топ жетекшілері анықталып, оларға бағалау парағы таратылады.Сол арқылы топ жетекшілер оқушылардың берген жауаптарын қадағалап отырады.

І. «Біліміңді сына» Сұрақтарға жауап беру

1-топ

1.Анатомия ғылымы нені зерттейді?

2.Денсаулық деген не?

3.Гигиенаға үлес қосқан ғалым?

2-топ

1.Физиология ғылымы нені зерттейді?

2.Гигиена дегеніміз не?

3.Эволюция деген не?

Өткен сабақты Кубизм әдісі бойынша сұрау: 

ІІ.Қызығуды ояту сатысы; Жаңа сабақты .«Адам  деген кім?» тақырыбында әңгіме құру, ,жаңа білімге ақпарат жинақтау. Суреттер беріледі,оларды бір-бірімен салыстыру.

Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) —  [link]  процестерін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады.

ІІІ.Ой шақыру. Еркін микрофон әдісі.

І топ:  Адамдарға тән ортақ белгілерді сипаттаңдар;

II топ:Ішкі мүшелердің орналасу ерекшеліктерін сипаттаңдар  

ІҮ.Танымдық тапсырма. Кесте толтыру

Ү. Қорытынды: Осы тақырыптан қандай ой түйдік? Не үйрендіңдер?

VI.Бағалау:

1.Біліміңді сына 2 ұ

2.Эссе жазу 1 ұ

3.Ой шақыру 1ұ

4.Танымдық тапсырма 1 ұ

Рефлексия.

Үйге тапсырма: Дәптерге жазғанды оқу.