Сабақтың тақырыбы: Бейімділік.Бейімділіктің салыстырмлы сипаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бейімділік туралы түсіндіру, оның түрлерімен таныстыру, мысалдар келтіре отырып, әр реңге толық мағлұмат беру, пәнге қызығушылығын арттыру, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, тест, тірек – сызба.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, кесте толтыру.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Гендер дрейфі деген не?
2.Түр, популяция деген не?
3.Элементарлық эволюциялық факторларды ата?
4.Биологиялық оқшаулану дегеніміз не?
5.Популяциялық толқындар дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Бейімділік деп - организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттер мен ерекшеліктердің пайда болуын айтады. Бейімділік тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың және тіршілік үшін күрестің нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, құстардың ұшуға, кейбіреулерінің суда жүзуге бейім келуі, топырақ астында тіршілік ететін көртышқанның күрек тісінің және алдыңғы аяқтарының мықты болуы т.б. Бейімділіктің бірнеше түрлері бар. Қорғаныш рең. Жануарлардың немесе ұсақ жәндіктердің тршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез келген реңі қорғаныш рең болып табылады.
Қорғаныш рең
Жасырушы бөлшектену еліктеуші сақтандырушы қауіп төндіруші
Жасырушы рең. Бұл түрі- ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен қоңыздарды қанаттарының немесе денесінің түрлі түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын. Жапырақпен қоректенетін кейбір жәндіктер жасыл реңді.
Бөлшектену реңі. Орманды, далалы жерлердегі жануарлардың дене жамылғысы жолақты немесе теңбілді болып, ағаштар мен шөптердің арасынан аса байқалмайды.
Сақтандырушы рең – көбінесе улы, жағымсыз иіс бөлетін және шағатын жәндіктерге тән белгі.
Қауіп төндіруші рең. Улы жылан, плащты кесіртке түрлі түсті жолақты ашық реңін және айбат шегуіне байланысты бірден көзге түседі.
Сәйкестігін табыңдар:
Жасырушы рең
Бөлшектену рең
Сақтандырушы рең
Еліктеуші рең
Қауіп төндіруші рең
а\ қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі, мінез – құлқы тұрғысынан улы, шағатын жәндіктерге ұқсайды.
б\ ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі.
в\ Мысалы, зебра, жираф, жолбарыс
г\ қауіп төнген кезде үстіңг қанаттарын көтеріп,астыңғы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жаяды.
д\ Мысалы, қанқыз қоңызы жағымсыз иісі бар улы сұйықтық бөліп шығарады.
Тест.
1.Тірі ағзалардың тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез келген реңі қалай аталады?
А.Жасырушы Б.Бөлшектеуші В.Қорғаныш Д.Сақтандырушы
2.Мүркөбелектің жұлдызқұрты бұтаққа ұқсайды, Бұл қандай рең?
А.Жасырушы Б.Бөлшектеуші В.Қорғаныш Д.Сақтандырушы
3.Улы жылан, плащты кесіртке түрлі түсті жолақты ашық реңіне және айбат шегуіне байланысты бірден көзге түсуі қандай реңге жатады?
А.Бөлшектену Б.Қауіп төндіруші В.Еліктеуші Д.Сақтандырушы
4.Жәндіктерде байқалатын мимикрия жатады.Бұл қандай рең?
А.Бөлшектену Б.Қауіп төндіруші В.Еліктеуші Д.Сақтандырушы
5.Құр, тентекқұс т.б. жануарлардың дене жамылғысы жолақты, теңбілді
болуы?
А.Бөлшектену Б.Қауіп төндіруші В.Еліктеуші Д.Сақтандырушы
Бағалау.
Үйге тапсырма: §44. Қосымша мәліметтер жинау.