Сабақ №1.Ботаника-өсімдіктер жайлы ғылым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: биология

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Ботаника-өсімдіктер жайлы ғылым.

Күні:05.09.16ж

Сабақтың мақсаты: Ботаника ғылымы және биология ғылымының салаларын анықтап сипаттау.Өсімдіктерді танып біле отырып оқушылардың интерпритациялау, тұжырымдау дағдысын қалыптастыру, топтастыра отырып ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Оқушы жетістігі:

-биология ғылым салаларының негізін біледі;
-өсімдіктер дүниесін оқып үйренеді;
-Қазақстан жерінде таралған өсімдіктерді танып-біледі;
-тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйренеді;
-мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады;
-топтық қарым-қатынасы өрбиді.

Түйінді идеялар: биология, ботаника, мәдени, жабайы өсімдіктер,дүние, жүйелеу,экожүйе, эндемик, флора, Қызыл кітап

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Диалогтық әдіс, интерактивтік әдіс, «Миға шабуыл» стратегиясы, Сергіту жаттығуы, «Коллаж»жаттығуы, «Кері байланыс», «Шеринг» жаттығуы, «Екі жұлдыз, бір тілек» мадақтауы

Ресурстар: биология оқулығы -6сынып,жұмыс дәптері,биология оқыту әдістемесі

1.Ұйымдастыру

3мин

Сыныпты түгендеу,оқу құралдарын дайындату,көңіл-күйлерін сұрау.

Сыныпты топқа бөлу

Теофраст

Линней

Ламарк

Назар аударып тыңдайды

Оқу құралдарын реттейді

Сабақта жоқ оқушыны айтады

Тақтадағы суретке қарап топқа бөлінеді

2.Жаңа сабақ мақсатын алға қою.

«Миға шабул» стратегиясы

10 мин

1.Биология ұғымын қалай түсінесің?

2.Тірі табиғат дүниесіне не жатады?

3.Өсімдік туралы ғылым неге ботаника деп аталады?

4.Мәдени және жабайы өсімдіктерді қалай ажыратамыз?

5.Қазақстан жерінде таралған өсімдіктерді қандай топтарға бөлеміз?

6.Мектеп маңынан жабайы өсімдіктерді көруге бола ма?


Оқулық мәтінімен жұмыс жасай отырып сұрақтарға жауап береді.

3. «Сергіту» жаттығуы

1мин

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім ұстаса алманы

Қатардан шығып қалады


Оқушылар орындарынан тұрып алманы бір-біріне тез-тез ұсынады

4.Дәптермен жұмыс. Тапсырма орындау

10 мин

І-топ. Қазақстан жеріндегі орманды далалы аймақта

таралған өсімдіктер туралы таныстыру

ІІ-топ. Қазақстан жеріндегі далалы аймақта

таралған өсімдіктер туралы таныстыру

ІІІ-топ. Қазақстан жеріндегі шөлді аймақта

таралған өсімдіктер туралы таныстыру



Топ оқушылары оқулық бойынша тапсырмаларды орындап дәптерге жазады

5. «Коллаж» жаттығуы

8 мин

Адамдар өсімдікті қандай мақсаттар үшін пайдаланады


Суретке қарап тапсырманы орындайды

6.Кесте толтыру

3мин

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?


Кестені толтырып сұраққа жауап береді

7. «Кері байланыс»

5мин

«Шеринг» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақта нені білгені туралы айтады

8.Бағалау

3мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» мадақтау

Сабақта жақсы ынталанған топқа беріледі

9.Үйге тапсырма:

2мин

§ 1.Өсімдіктерді қорғау бойынша

мақал-мәтел жазып келу


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.