Құрметті:Ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгін қуанышты күн.Міне менің кішкентай балапандарым кеше ғана мектеп табалдырыгын аттаган болатын,қолдарына сүйікті де,сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күн қимастықпен қоштасқалы отырмыз.Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Қош бол сүйікті Әліппем!»атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алган даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың.
Жүргізуші: Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1.Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән:»Біз өмірдің гүліміз»
Мұғалім:Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
-Балалар мен сендерге сұрак қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтындаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдіге жарық не?
Хормен:Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті әліппе!
Мұғалім:-Олай болса,бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:Әліппе,әліппе.
Әліппе:Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкеңде
Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар.
Әліппең келді ортаға
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер,балғындар!
Не үйрендік,не білдік?
Қане ортаға салайық.
Әліппе:-Осы сендер қандайсыңдар?
-Талабы биік таудаймыз.
-Мың бұралған бишіміз.
-Ақылдымыз
-Көп оқимыз.
Барлығы:Біз қазақ елінің болашағымыз.
Ән:»Әліппе»
Мұғалім:Олай болса,әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар
Біздің қазақ тілінде
Қанша әріп бар?
Сан әріпті үйрендің
Бүгін бізге сеніңдер
Әріптер әлеміне
Саяхаттап келіңдер.
Жүргізуші:Жиналған қауым таң қалсын,
Әнмен шашу шашылсын
Мың бұралған бишілер
Бимен кешті жалғасын
Би:»Қол шатыр»
Жүргізуші:Балалар күніміз үнемі жарқырап тұру үшін мына тапсырмаларды орындасақ күніміз одан әрі жарқырап,шуағын төгетін болады.
Мақал-мәтел айтыңдар.
Жапырақ қай кезде сарғаяды?
Мынау қандай әріп,қандай дыбыс?
Қазақтың ұлттық аспабы не?
Алфавиттің ең бірінші әрпі не?
Сиырдың төлін қалай атайды?
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Тудың түсі қандай?
Ә қандай дыбыс?
Есту мушесін айт.
Жүргізуші:Әріптерге кезек берейік.
Би:»Ашық аспан»
Қуат:Неге екенін білмеймін,неге екенін
Әйтеуір бір мәні бар мерекенің
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой
Салтанаты жараскан берекенің.
Би:»Мектеп вальсі»
Бақтияр:Әліппені бітірді балаларың
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың
Ән:»Жарқын жүзді ұстазым»
Жүргізуші:Балалар,Әліппе сендерді оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек?
Хор: Біздерге білім үйреткен
Әліппе саган рахмет.
Жансейт:Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуарышқа ортақ бол.
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Жүргізуші:Балалар,сендер әліппеден көп нәрсе үйрендіңдер.Әліппеден не үйрендіңдер?
-Әріптерді.
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар мына жерде жеміс агашы тұр.Соған әліппеден алған білімдерімізді жапсырайық.Балалар алдағы уақытта әліппеден алған білімдерімізді жалғастырып,алма ағашымыздың жемісін әрі қарай көбейтуге ат салысамыз ба?Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?
Хор:Иә.
Жүргізуші:Балалар ендігі жаңа достарың –Ана тілі.Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер,ара тілін солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?
Хор:Иә.
Ана тілің арың бұл ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте!
Енді ортаға Ана тілін шақырайық.
Ана тілі:Сәлем ойшыл достарым!
Терең білім ой саналы
Әрбір сөзім ой салады.
Ғылым,тәлім,өнерім көп.
Достасқанға берерім көп.
Ана тілдің құрметіне:»Орыс биін» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Балалар,сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесІ мол.Сондықтанда рахмет айтамыз.
Би:»Радуга»
Ана тіліне арналған тақпақтар:
Кәрі-жасқа ой сала
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер.
Осыған бас иіңдер.
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым.
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің.
Кең құшағың,аясындай гүл бақтың.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып,тер төгем,еңбек етем.
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән:»Бала тілегі»
Би:»Қазақша твис»
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет.
«5» болсын алар бағамыз
Біліммен бакыт табамыз
Өнер-білім көп тоқып
Өсе берсин санамыз.
Жүргізуші:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар демекші «Қош бол сүйікті Әліппем»атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.