Открытый урок: Өзен шаяны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оңтүстік қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

Ақмешіт ауылы

Қ, Сыпатаев атындағы орта мектептің химия -биология пәні мұғалімі

Байсалова Лаззат Зиндапиловна




Пән: Биология

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы

Мақсаттары: Тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты меңгереді және білімдерін бекітеді

Күтілетін нәтиже : Тақырыппен жұмыс жасай отырып табиғат шаяндарын бір-бірінен ажырата алады

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл, Конвер- сұрақ әдісі, Жигсо әдісі, Суреттер сөйлейді, Хат жазу


Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Білім


Қызығушылық

тарын ояту

2мин

«Миға шабуыл» әдісі


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру

Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап береді, сол арқылы өздерінің түсінгендерін көрсетеді

АКТ

Түсіну

7мин

Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану

Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.


Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау

Топпен жұмыс жасау

ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10мин

«Өзен шаяны » тақырыбын «Жұптық әңгіме» әдісін пайдаландым арқылы меңгерту /10 мин

Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және оөз пікірлерін ортаға салады

СТО

Сергіту сәті

1 мин

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

АКТ

Талдау

15мин

Жигсо әдісі» арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекеті


Тапсырманы орындау үшін топ ішінде және көрші топпен ақылдаса отырып шешім табуға болады.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды


Жинақтау

5мин

Суреттер сөйледі

Суреттер арқылы ойларын жеткізу

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады, қағаздарға тақырып туралы суреттер салады

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын сурет арқылы жеткізу


Бағалау

2 мин

Топ бойынша бағалау

Өзін өзі бағалау

Мұғалім бағалау парағын және бағалау шкаласын таратады

Бағалау шкаласы бойынша бағалайды


Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру


Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру