Урок на темуАралас бездер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ 22. 8 «Ә»- 8 «Ғ»-

Сабақтың тақырыбы: §21, 23. Қаңқа бөлімдері. Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: оқушыларға қаңқа бөлімдері, сүйектер, бұлшық еттер туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, кестемен жұмыс бере отырып ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, вегетативті жүйке жүйесінің маңызын білуге, дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, кесте, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест

Нұсқа I.

1.Теріде неше ауырсыну рецепторлары бар?

а) 100         ә) 200             б)150            в) 96

2. Сипап сезу дегеніміз не?

а) Толыққанды тіршіліктің, еңбек іс-әрекетінің міндетті шарты

ә)Кірпікшелері бар рецепторлардың шоғыры

б)Қорғаныш реакциясы

в)Тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды

3. Сипап сезу қайда орналасқан?

а) Ауызда   ә) Мұрында     б) Саусақ, тіл ұшында, ерінде   в) Теріде

4. Тілдің ұшы нені сезеді?

а) Тәтті   б) Қышқылды    в)Тұзды

5. Тілдің орталық артқы бөлігі нені сезеді?

а) Тұзды   ә) Ащыны      б) Қышқылды   в) Тәттіні

Нұсқа II.

1. Тілдің алдыңғы және бүйір бөліктері нені сезеді?

а). Тәттіні    ә).Тұзды   б). Ащыны   в) Қышқылды

2. Қышқыл дәмді тілдің қай шеті сезеді?

а). Бүйір шеті   ә). Ортасы   б). Артқы жағы     в). Тілдің ұшы

3. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а). Ауыз қуысында  ә) Сілекей безі б) Мұрында   в).Тілде

4. Сыртқы ортадағы болып жатқан өзгерістерді қай сезім қабылдайды?

а) Иіс сезімі  ә) Сипап сезу  б).Бұлшық ет сезімі   в).Тері сезімі

5. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?

а). Тілдің алдыңғы бөлігінде ә) Мұрында

б). Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында в). Тері сезімінде

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек қимыл – жүйесі атқарады.

Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ – қол сүйектері иінтерек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады.

Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары жілік майын қорғайды.

     Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды.    

Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.

Бас қаңқасы. Бас қаңқасы – бас сүйек екі бөлімнен: ми сауыты және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.

     Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай, т.б. сүйектер құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан. Бұл қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ жақ сүйегіндегі ұяда орналасқан, сондықтан олар берік бекиді.

Бас қаңқасы

Ми сауыты

Бет бөлігі

-маңдай

-шүйде

-жұп самай

-төбе сүйектері

-қозғалмайтын үстіңгі, қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай, т.б. сүйектер.


     Тұлға қаңқасы. Тұлға қаңқасына омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегі жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен, 40%- ын  құрайды.

Тұлға қаңқасы

Омыртқа жотасы

Қабырғалар

Төс сүйегі

   

Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.


Омыртқа жотасы

Мойын

7 омыртқа

Арқа

12 омыртқа

Бел

8 омыртқа

Сегізкөз

Қосыла өскен 5 омыртқа

Құйымшақ

Қосыла өскен 4-5 омыртқа


Омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңесі –мойын және бел лордозы алға қарай, ал екеуінікі- кеуде және сегізкөз кифозы артқа қарай бағытталады. Иілімнің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және тік жүруге байланысты. Иілімдер еркін қозғалуды, тепе – теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы жақсы, оның қозғалуы үш ось айналасында жүзеге асырылады. Ол әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы бар омыртқалардан тұрады. Бірінің үстіне бірі орналасып, омыртқа тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер таралады, оларға бұлшық еттер бекиді.

     Кеуде қуысы. Арқа омыртқалалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбын басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.


Кеуде қуысы

[pic] [pic] [pic]


Арқа омыртқалары Қабырғалар Төс кеуде қуысы


Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.

Иық белдеуі

[pic] [pic]


Екі жауырын Екі бұғана

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр түрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майынына толы болады. 

     Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен біліктің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

     Қол бас сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.


Қол қаңқасы

[pic] [pic] [pic]

Тоқпан жілік Білек Қол бас сүйектері

[pic] [pic] [pic]

Тоқпан жілік Білек Қол басы сүйектері

-кәрі жілік -Білезік

     -шынтық с -Алақан.

-Саусақ

Жамбас белдеуі омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттері жалғанады.

       Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.

Аяқ сүйектері:

-ортан жілік

-асықты жілік

-шыбық сүйегі

-толарсақ

-табан

-бақай сүйектері

    Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәріздіпішінге ие болады.

  Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ, ұзын болып келеді. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан сүйектері құрайды.Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектері, қабырғалар жатады.Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады.Бұл сүйектердің іші сары кемігіне толы.Жіліктің басы сүйекті нығайтатын кемік заттан және қан өндіру мүшесі-сүйектің қызыл кемігінен тұрады.

Сүйектің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады.Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисаиып бітуі арқылы түзіледі.Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан.Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән.


Сүйектердің байланысуы

[pic] [pic] [pic]

Қозғалмайтын Жартылай қозғалатын Қозғалатын


Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан.Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамассыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын- сүйектердің қоғалатын болып байланысуы.Буын тұтас сүйектерден тұрады.Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық болады.

Қаңқаның сүйектену процесі дене тоқтағанда 22-25 жасқа қарай аяқталады.

ІУ. Бекіту.

Кестені толтыру.


V. Қорытынды.

УІ. Үйге тапсырма. §21, 23.

УІ. Бағалау.