Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
ІІІ – Интернационал ауылы
№108 орта мектептің биология және химия пәндерінің мұғалімі
Педагогика ғылымының магистрі
Сагынбаева Мария Даулетовна
Класы: 7 «а»
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты биология»
Сабақтың мақсаты:
Қайталау сабағын өту арқылы оқушылардың алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін арттыру, танымдық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәртүрлі емес
Сабақтың әдістері: СТО
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, дайын препараттар
Сабақтың пәнаралық байланысы: зоология, әдебиет, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлеміз.
І. Қосмекенділер класы
ІІ. Жорғалаушылар класы
ІІІ.Балықтар класы
Топта капитан сайланады.
Әр дұрыс жауапқа бір жетоннан беріледі.
ІІ. Сайыстың жоспары:
І. Ой сергіту
«Өрмекшінің өрмегі»
Сәйкестендіру
1. «Қосмекенділер» тобы
Өсімдіктер Микология
Саңырауқұлақтар Ихтиология
Балықтар Ботаника
2. «Жорғалаушылар» тобы
Балдырлар Цитология
Жасуша Герпетология
Жорғалаушы Альгология
3. «Балықтар» тобы
Құстар Вирусология
Вирустар Териология
Сүтқоректілер Орнитология
ІІ. Әріптерді пайдаланып болжам жасау
«Ізден, ойлан, тап»
Әріптерді пайдаланып биологияға қатысты сөйлем жазу.
1. «Қосмекенділер» тобы а б м ж
2. «Жорғалаушылар» тобы е с м т
3. «Балықтар» тобы а р ж к
ІІІ. Сергіту тренингі
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
ІV. Білгенге маржан
«Артық сөздер»
1. «Қосмекенділер» тобы
Hearth Жүрек
Blood Қан
Brain Ми
Fish Балық
2. «Жорғалаушылар» тобы
Birds Құстар
Insects Жәндіктер
Eye Көз
Animals Жануарлар
3. «Балықтар» тобы
Hand Қол
Head Бас
Snake Жылан
Food Аяқ
V. Ой толғаныс
«РАФТ толтыру»
Оқушылардың шығармашылық қабілетін тексеру
Р роль
А аудитория
Ф форма
Т тақырып Мақала құрастыру
VІ. Видеоролик
Жануарлар әлемі
VІІ. Мықты болсаң тауып көр
Үш топқа ортақ, қарапайымдылар сөзінен қанша сөз шығады.
Биология пәніне байланысты.
VІІІ. Ойлы болсаң озып көр
«Иә Жоқ, капитандар сайысы»
1. «Қосмекенділер» тобы
1. Алғаш рет құрлықта өмір сүруге бейімделген омыртқаллы жануарлар қосмекенділер(ия)
2. Олар терісі арқылы тыныс алады(ия)
3. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты(ия)
4. Оларда ең алғаш үлкен қанайналым жүйесі пайда болған(кіші)Жоқ
5. Қосмекенділер 3 отрядқа бөлінеді(аяқсыз құйрықты құйрықсыз)(ия)
6. Қосмекенділер жылы қандылар(салқынқанды)(жоқ)
7. Оларда иіс сезу және сипап сезу сезімдері жаксы дамыған(ия)
8. Қосмекенділердің көбеюі құрлықта жүзеге асаады(суда)(Жоқ)
9. Мишығы нашар дамыған ал ортанғы ми жақсы дамыған(ия)
10. Қосмекенділердің дене тұрқы 2-4 см ден 180 смге жетеді
2. «Жорғалаушылар» тобы
1. Жорғалаушылардың тіршілік етуге бейімделген 8000 ға жуық түрі бар(ия)
2. Жорғалаушылар құрлықта, суда, ағаш діңінде немесе басында топырақ астында тіршілік етеді.(ия)
3. Оларды зерттейтін ғылым ихтолия(герпетология)(жоқ)
4. Жорғалаушылардың денесі бас мойын,тұлға,құйрық және бессаусақты аяқтан тұрады,(ия)
5. Жорғалаушыларда бездер өте көп (өте аз)(жоқ)
6. Жорғалаушылардың қаңқасы 5 бөлімнен тұрады.(ия)
7. Оларда ең алғаш пайда болған мүше кеуде қуысы(ия)
8. Жорғалаушылар 2 классқа бөлінеді(тұмсықбастылар,қабыршақтылар,тасбақалар,крокодилдер)(жоқ)
9. Жүрегі 2 құлақшадан, 1 қарыншадан тұрады.(ия)
10. Жорғалаушыларда вена тамырына қарағанда артерия тамырында қан көбірек(ия)
3. «Балықтар» тобы
1. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000 нан астам түрі бар(ия)
2. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабықшақтармен қапталған (ия)
3. Сүйекті балықтардың қаңқаснда сүйектер көп(ия)
4. Сүйекті балықтардың ерекше мүшесі желбезегі(торсылдағы)(жоқ)
5. Ішкі ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді(ия)
6. Аталық безден бөлінген сұйықтың уылдырық деп аталады(шоғал)(Жоқ)
7. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90% бекірелер тобына жатады,(сәулеқанатты балықтар)(жоқ)
8. Ерте заманда кеңінен таралған , бірақ қазіргі кезде жойылып кеткен балық түрі латимерия(ия)
9. Қосытынысты балықтар бола ма?(ия)
10. Сүйекті балықтар 2 классқа бөлінеді(сәулеқанатты және қалаққанатты)(ия)
ІІІ. Қорытындылау:
Әр топтың жетондарын санап жеңімпаз топты анықтау