БИОЛОГИЯ
1. Жасуша қабықшасының қызметі A) Көбею B) Түс беру C) Органикалық зат түзу D) Энергия түзу E) Зат алмасу, қорғаныштық |
2. Күн энергиясының қатысуы мен хлоропласта көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілу процесі A) тыныс алу. B) фотосинтез. C) даму. D) өсу. E) булану. |
3. Вирус арқылы тарайтын ауру A) Жүрек миокардасы B) Артроз C) Шешек D) Ревматизм E) Бас сақинасы |
4. Дәнекер ұлпасының сұйық түрі A) Сүйек B) Сіңір C) Шеміршек D) Май E) Қан |
5. Қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары: A) Лейкоциттер B) Лимфоциттер C) Эритроциттер D) Фагоциттер E) Тромбоциттер |
6. Асқорыту жүйесінің безі: A) Қалқанша без B) Тимус безі C) Бүйрек үсті безі D) Гипофиз безі E) Бауыр |
7. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен A) Сояу B) Тамырсабақ C) Түйнек D) Пиязшық E) Шырынды сабақ |
8. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері A) Гүл сағағы B) Аналық C) Гүл табаны D) Күлте E) Тостағанша |
9. Кірпікшелі жәндіктердің өзге біржасушалы жәндіктерден көбею өзгешелігі A) Жанасу арқылы жынысты жолмен B) Спора арқылы C) Ұзыннан тік бөліну арқылы D) Бөліну E) Партеногенез жолымен |
10. Гермафродитті жәндік: A) Жасыл эвглена B) Айқұлақ C) Шұбалшаң D) Өрмекшілер E) Амеба |
11. Плаундар көбею жолдары A) 1 B) 2 C) 4 D) 3 E) 5 |
12. Бидайдың жемісі: A) жаңғақ B) дәнек C) жидек D) қауашақ E) тұқымша |
13. Шаянтәрізділердің көбеюі A) Қосжынысты. B) Тірідей туу арқылы. C) Бүршіктену жолымен. D) Қуыршақ арқылы. E) Даражынысты. |
14. Есту мен көру мүшелері дамымаған сүтқоректілердің мекені: A) Орман B) Шөл-шөлейт C) Су D) Жер асты E) Ауа |
15. Көздің тамырлы қабықшасының алдынғы жағы: A) Қасаң қабықша. B) Ақ қабықша. C) Қарашық. D) Торлы қабықша. E) Нұрлы қабықша. |
16. “B1” дәрумені A) балық майында, уылдырықта, сары майда, бүйректе кездеседі. B) сүт, жұмыртқа, жемістерде. C) етте, сүтте, бауырда болады. D) лимонда, апельсинде, қызанақта болады. E) астық дәнінде, бұршақ тұқымында болады. |
17. Лизосоманың қызметі: A) жасушаның тыныс алуына қатысады. B) нуклеин қышқылын синтездейді. C) фотосинтезге қатысады. D) макромолекулаларды ыдырату. E) эукариотты жасушаларда генетикалық материалды сақтайды. |
18. Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы алған академик A) Ф.М.Мұхамбетқалиев B) Н.З.Ғалиакберов C) М.Ә.Ермеков D) Ә.Есенжолов E) Б.М.Мусин |
19. Бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болады деп жазған ғалым A) Ф.Реди B) Л.Пастер C) Аристотель D) С.Миллер E) У.Гарвей |
20. Қағаз өндірісінде пайдаланады A) Хондрус B) Плюмария C) Коралина D) Кладофора E) Порфира |
21. Арқа бұлшықеттері A) Көкіректің үлкен бұлшықеттері B) Ішкі қабырғааралық бұлшықет C) Сыртқы қабырғалық бұлшықет D) Көкет E) Трапеция пішінді бұлшықет |
22. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. A) Кеңірдек B) Бронхы C) Мұрын қуысы D) Көмей E) Аңқа |
23. Егер аналықта 12 хромосома болғанда мейоздық бөліну кезеңінен соң жасушадағы хромосома жиынтығы: A) 6 B) 24 C) 18 D) 4 E) 12 |
24. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуы: A) Ароморфоз. B) Жалпы дегенерация. C) Идиоадаптация. D) Дивергенция. E) Конвергенция. |
25. Атмосфераның қабаты A) Литосфера B) Гидросфера C) Ноосфера D) Биосфера E) Стратосфера
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |