Сабақ жоспары
Пән: Биология 9 сынып
Сабақ №49 Күні , айы, жылы: 05.03
Сабақ тақырыбы: Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген.
Сабақ мақсаты: оқушыларға Мезозой, Кайнозой замандарында тіршіліктің даму заңдылықтары, ароморфоздарына тоқталу арқылы білім беру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мезозой, Кайнозой замандарындағы кезеңдерге тоқталу арқылы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларды Триас, Юра, Бор, Палеоген, Неоген, Антропоген өзгерістерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылар табиғатты қорғауға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: үлестірмелер, кестелер-сызбалар, презентация.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа әзірлігін тексеру.
Оқушыларды екі топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Кесте толтыру (Слайд 2-6)
тапсырма Замандар реті
тапсырма Замандардың жыл ұзақтығы (млн. жыл)
тапсырма Замандардың ауа райы
тапсырма Замандардың флорасы
тапсырма Замандардың фаунасы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.
Мезозой (Слайд 7-10)
Мезозой үш дәуірге бөлінеді: триас, юра,бор
Мезозой заманының ұзақтығы 165 млн жылға созылды,мезозой заманын “жорғалаушылардың ғасыры” деп атайды.
Өсімдіктерден: климаттық өзгеруіне байланысты ашық тұқымдылар жойылып,жабық тұқымдылар өсті. Жануарлардан: динозаврлар, суда ихтиозаврлар болды.
Кайнозой (Слайд 11-12)
Кайнозой – осы заманғы тіршілік заманы. Кайнозой заманы көбінесе флорасы мен фаунасының осы заманғы туыстық, содан соң түрлік те құрамда болатындығымен сипатталады. Бүгінгі күні өмір сүретін тірі ағзалар түрлерінің барлығы ақырғы рет дәл осы заманда қалыптасты. Оның үстіне біз күні бүгін кайнозойда өмір сүрудеміз. Сондай-ақ жақын болашақта заманның алмасуы болмайын деп тұрған жоқ. Заманда үш кезең бар, оларды екінші реттік, үшінші реттік жөәне төртінші реттік деп жиі атайды.
Палеоген 41 миллион жылға жуық созылды. Климаты қазіргі заманға жақын болып келеді. Бор кезеңінде пайда болған жабық тұқымдылар өрлеуінен іле-шала бунақденелілердің, әсіресе өсімдіктерді тозаңдандырғыштардың өрлеуі де бірлес эволюциялық дамуы жолымен ілесе жүрді.
Неоген 23 миллион жылға созылды. Альпі, Гималай, Кор-дильер және Кавказ тау жүйелері қалыптаса түсті. Климаттың жалпы құрғақтығы жарыса салқындады. Антарктида толық мұзды құрлыққа айнала бастады.
Антропоген - бүл кезеннің дербес дережеде бөлінуіне адам негізін қалады. Антропологтардың адам туысын ежелғі приматтардың қайсысына жатқызуға болатыны женіндегі пікірі осы кезге дейін пікірсайыста жүр. Сондықтан бұл жөнінде ғалымдардың бір тобы бір жағынан антропоғен 3,5 миллион жылға жуық созылды десе, екінші тобы бар болғаны 600 мың жылга жуық созылды деғен пікір ұсынуда. Антропоген үшін тұтас алғанда өзіне сайма-сай тундралық флорасы және өзіне төн фаунасымен мұзбасу солтүстіғіне төн ерекшелік.
ІҮ.Бекіту кезеңі.
Венн диаграммасы
1-топ Кайнозой және мезозой замандарындағы өсімдіктер салыстыру
2 топ Кайнозой және мезозой замандарындағы жануарларды салыстыру
Кесте толтыру.
-
Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздар.
Жүйке жүйесінің күрделеніп, алдыңғы ми сыңарларының дамуы – жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, тіршілік ортасына бейімделуіне әсерін тигізді.
Омыртқа жотасыньщ жіктелуі, аяқтарының бауыр жағына орналасуы.
3. Анасының денесіңде дамуы үшін ұрықта арнайы мүше жетілді.
Түкті жамылғы пайда болды.
Қанайналымның үлкен және кіші жолы бөлінді, жылыкандылық пайда болды.
Газ алмасу қарқындылығын арттыратын көпіршікті өкпе пайда болды.
Ү. Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма беру: § 51оқу. Реферат.