Cабақ жоспары биологиядан Зәр шығару жүйесі (8-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 8 «ә» Күні:_________

Сабақ тақырыбы: «Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары».

Сабақ мақсаты:

 Білімділік:  Зәр шығару мүшелері, зәр шығару мүшелерінің ауруларының алдын алу маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру  мақсатында оқушылардың   

дүниетанымын тапсырма лар арқылы   дамыту;

Тәрбиелілік: Бүйрек аурулары, олардың алдын алу жолдарын айта отырып,  салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;                                      

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, топтық, жұптық ,жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, бүйрек суреті және макеті, доп, видеоматериал, перфокарталар, адам макеті.

Оқыту технологиясы: АКТ, АК, сын тұрғысынан ойлау, SWOT талдау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: медицина. 

Сабақтың барысы: 

 І. Ұйымдастыру:    Сәлемдесу. Түгелдеу. Шаттық шеңбері: «Тамаша екен!». Топқа бөлу: Балалар мен сіздерге мынадай сусындар алып келдім, бұл жай сусындар емес астында топ аттары «ЖАСУША», «ҰЛПА», «МҮШЕ» жазылған сол бойынша орындарыңа жайғасуларыңа болады.

Сарапшылар: балалар әр топта бір оқушының орындығына стикер жабыстырылған, кімнің орындығында стикер бар сол оқушы өз тобының сарапшысы, сабақ соңында өз тобының жұмыс нәтижесін айтып өтеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: дұрыс жауапқа бір смайликтен. «Мылқау сурет» С, А, В, D, PP, Лунин суреті- дәрумендер қызметін айту. Баалалар допты бір-біріне лақтыру арқылы «Сен бізді білесің бе?» витаминдер қызметі туралы бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Бейнематериал: Әр топ не көрді айтайықшы. Қалай ойлайсыздар бүгін біз не жайында әңгіме өрбітпекпіз? Иә, зәр шығару жүйесі және зәр шығару мүшелерінің ауруларын қарастырамыз.

ІV. Ассоцияция құру: «Зәр шығару мүшелерінің аурулары» дегенді естігенде бірден ойларыңа не келеді? Бүйрегім аурулары дегенде қалай ауырсынады ойларыңды жазыңдар. Топтық жұмыс. Орындап болған топ екі рет шапалақ ұрып тапсырманы аяқтағандарын білдіреді.Балалар білімдерін ортаға салады, ал енді осы білімдеріңді осы сабақта ары қарай толықтырып тереңдете түсейік.

V. Жаңа сабақ: Дәп терімізді ашып бүгінгі күнді жазайық. Тақырып: «Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары».

Біз күнделікті пайдаланатын тағам асқазанда қорытылып болған соң ағзамызға қажетті мөлшерде ғана тағам сіңеді де метоболизмнің соңғы ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады. Артық ас- ішек арқылы, көмірқышқыл газы- өкпе арқылы, фосфор қышқылы, несепнәр, ас тұзы,су тер бездері арқылы тер түрінде шығарылады, су, тұз, улы заттар бүйрек арқылы зәр түрінде шығарылады, сөйтіп ағзаны уланудан сақтайды.

Зәр шығару жүйесі: 2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі.
Бүйрек

Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел  [link]  XІІІ. Бағалау: Сарапшыларға сөз кезегін берейік. Енді әр топ неше смайликтен жинады санап жіберейік. Бүгінгі сабаққа белсене қатысып отырғандарыңызға рахмет.