Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Мазмұны


1 Кіріспе..........................................................................................................3


2.Негізгі бөлім...............................................................................................5

2.1. Алкогольдің пайда болуы және зиянды әсері.....................................5

2.2. Астық тұқымдастар.....................................................................................7

2.3. Мутация........................................................................................................8

3.Зерттеу бөлімі............................................................................................10


4.Қорытынды...............................................................................................16


5.Практикалық ұсыныстар........................................................................18


6.Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................19




Аңдатпа


Ғылыми жобаның тақырыбы: «Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері».

Қазіргі уақытта жер шарындағы халық санының өсуі мен ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуы, адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.


Ғылыми жобаның мақсаты


Бидай өсімдігі арқылы спирттің мутагендік әсерін қарастыру.

Қоғам мен табиғаттың арасындағы байланыс әр уақытта бірге дамып, бірге өрлеп, бірге құлайды. Мұның барлығы да адамзат қолында десек қате айтпас едік. Табиғаттағы және қоғамдағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру процестер ұзаққа созылады. Адамның қазіргі кезде зиянды әдеттері оның ішінде алкоголь, темекі және нашақорлық жас өспірім кезінде пайдалана отырып, оның нәтижелері бірден байқала коймайды. Дегенмен оны адамдар көбіне ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды да, түзету жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды. Міне осындай зиянды іс-әрекеттер әсерінен адам ұрпағының азып тозуына әкеледі.Осындай зиянды заттарды біз тірі табиғат иесі бидай өсімдігіне тәжірибе жасағанда спирттің мутагендік әсерін қарастыруды жөн көрдік.


Зерттеу материалдары мен әдістері


Зерттеу материалы – астық тұқымдастарының өкілі - бидай өсімдігі, әдістер – эксперимент, бақылау әдісі


Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы


Зерттеу жұмысының басты мақсаты – жасөспірімдерге спирттің зиянды әсерін көрсетіп, келешекте салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру. Өсімдікке спирттің әсерінен жүретін мутациялық процестерді айқындау, сондай-ақ спирттің адам ағзасына зиянды әсерін көрсетіп, мутациялық процестерді тудыратындығын қарастыру.

Болашақта мен осы іс-тәжірибелерді насихаттау арқылы адамзат ұрпағының таза, әрі қоғамға, мемлекеттің даму қарқынына өз үлесін қоса алатындай кемелденген жас ұрпақ тазалығына көптеп көңіл бөлу. Міне осыған орай, “Алкогольдің бидай өсімдігіне мутагендік әсері» тақырыбында әрбір организмге зияндылығын көрсете отырып , болашақта осы жұмыстарды кеңінен насихаттап, ұрпақ тазалығы – ұлт тазалығын сақтау мақсатында ұсыныс жасадым.





















І Кіріспе


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” халықына жолдауында “Біздің болашағымыздың сара бағыты, дені сау ұрпақ. Болашақ ғасыр иелері – дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы – біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті елдер қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз де үлес қосып аянбай еңбектенеміз. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту жолындағы басты міндет – салауатты өмір салтын қалыптастыру және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жаңа көзқарасты дамыту. Өскелең ұрпақ денсаулығының жағдайы үлкен алаңдаушылық туғызған шақта жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеудің мәні зор.

Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт.”Темекі шегуді тоқтату”

2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес».

3-бағыт.”Маскүнемдік пен алкогольге қарсы күрес”.

Бағдарламада былай делінген:

Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде дұрыс саясат жүргізуіміз керек.

Адамзат ерте кезден бастап химиялық жолмен әр түрлі есірткі заттарды қолдан жасады. Олардың ішіндегі жан-дүниеге тікелей әсер ететіні – алкогольді ішімдіктер. Есірткі заттарды қолданғанда, адам өзінің мінез-құлқын табиғи түрде реттеу мүмкіндігінен айырылады. Есірткі заттарды үнемі қолдану жан-дүниені ғана бұзбайды, сонымен қатар әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесін уландырады. Маскүнемдер көбінесе гастрит, қарынның және ұлтабардың жара ауруларынан зардап шегеді. Алкоголь гипертония ауруының және жүректамыр жүйесінің басқа да ауруларының дамуына себепші болады.

Статистика бойынша алкоголь адам өмірін 10-15 жылға қысқартады екен. Француз ғалымы Демменің тәжірибесі бойынша алкогольді көп пайдаланатын отбасында және олардан өрбіген ұрпақтарына жүргізген зерттеулері нәтижесінде 28 жыл ішінде бұл ұятаудай 57 бала дүниеге келеді, бірақ олардан 25-і бір жасқа жетпей өліп қалады. Тірі қалған 32 баланың бесеуі қояншық (эпилепсия) ауруынан, бесеуі гидроефалиядан (су ми), 12 бала инфаркт және инсулин ауруынан зардап шеккен, тек 10 бала ғана ақыл-ой дұрыс туылған екен.

Спирттің мутагендік әсері бар екені барлығымызға мәлім. Жылдан жылға алкогольге әуестенген адамдар саны көбейуде. Осы үлкен мәселені қарастыра отырып, салауатты өмір сүретін болашақ ұрпақ тәрбиелеуге үлесімізді қосайын деп біз зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Әлемдік деңгейде кең таралған алкогольге әуестену мәселесінің зиянды

әсерін қарастырып, бидай өсімдігі арқылы спирттің ағзаға тигізетін

мутагендік әсерін көрсету. Жасөспірімдерге спирттің зиянды әсерін көрсетіп, келешекте салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру.

Қойылған мақсатымызға байланысты біз алдымызға келесі

міндеттерді қойдық:

  1. Спирттің мутагенді әсерін анықтау;

  2. Спирттің ағзаға тигізетін әсерін астық тұқымдастарының өкілі

бидай арқылы қарастыру;

  1. Бидай дәндерін спиртпен өнделген, өскінінен препарат

дайындау, өзгерістерді қарастыру.

Ғылыми жаналығы: Ғылыми жобада бидай өсімдігінің дәндеріне спирттің әр түрлі концентрациясымен әсер етіп, өскіндерге түрлі мутациялық өзгерістерді тудыратынын көрсету.





























ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Алкогольдің пайда болуы және зиянды әсері


Таза спиртті VI-VII ғасырларда арабтар өндіре бастады да оны «алькоголь» (есеңгіреткіш) деп атады. Арақтың ең бірінші шишасын араб Рагез 860 жылы жасап шығарды.

Жалпы, спирт – еріткіш зат. Тамырдың ішіндегі қызыл қан түйіршіктерінің (эри­троциттер) сыртында әлсіз зарядталған екі қабат майлы қабыршық қаптап тұрады. Сол қабыршықты спирт ері­­теді де, ол эритроциттер бір-бірімен клей сияқты жабысады. Сол клей эритроциттер мидағы өте кішкентай капиллярлардан өтпей қалады, сол себепті ней­рондарға оттегі жетпей өле бастайды. Адамның миында 15 миллиардтан ас­там нейрон бар. Соның жартысы ға­на­ жұмыс істейді. Адамның денесіндегі +36,6 градус температура себебінен өл­ген­­­ нейрондар шіриді. Алла тағаланың құ­­діретімен денеміздегі су қан иммунитеті арқылы сол мидағы шіріген, өлген нейрондарды жуып шайып зәріміз арқылы­ сырт­қа төгіледі.

Ең әуелі еш қоспасыз таза арақтың өзі қазақтың ағзасына орасан зардап әкелетініне тоқталғанды жөн көрдік. Химиялық формуласы С2Н5ОН болатын спирт асқазанға түскен соң, ішектер арқылы қанға сіңіріліп, бірден бауырға барады. Бауырдың қызметі – ағзаны токсиндерден (улардан) тазартып тұру. Сондықтан онда әр түрлі уларды бейтараптайтын ферменттер (энзимдер) болады және әр уды жоюға белгілі бір фермент жауап береді. Арақтың құрамындағы этил спиртін ыдырататын ферменттің аты – алкогольдегидрогеназа. Өзге ұлтты былай қояйық, дәл осы қазақта энзим өте аз, тіпті кейбір қандастарымызда жоқ екенін медицина дәлелдеді. “Бұл фермент неге жоқ?” деген заңды сұрақтың туындары хақ. Оның себебі – біздің ата-бабаларымыз арақ-шарап деген затты көрмек түгілі, атын естімеген. Сондықтан олардың ағзасына этил спирті түспегендіктен, алкогольдегидрогеназа ферментіне мұқтаждық туындамаған. Осылайша, қазақтың генетикасында аталмыш ферментті синтездеп шығаратын арнайы гендер болмаған. Ондай гендер қазіргі ұрпақтың бойында да жоқ, болмайды да. Өйткені, генетикалық ақпарат атадан балаға берілгенде өзгеріске ұшырамайды.

Еш қоспасыз, таза арақтың өзін көтере алмаған қазақтың ағзасы өзге химиялық қосылыстар араласқанда қандай күйге түсетінін ішіңіз сезген болар. Қазіргі күндері саудадағы арақтардың бәрі мөлдіреп тұрса да химиялық тұрғыда таза емес! Оның құрамында этил спиртінен басқа метанол, пропанол, формалин, органикалық майлар, қышқылдар, әр түрлі альдегидтер, бензол, фенол, ацетон және т.б. көптеген өте улы химикаттар бар. Әрине, қазіргі арақтардың барлығы Қытайдан пластмассалық көк бөшкелер арқылы шекара асып келетін техникалық спиртке су араластырылып жасалатынын ескерсек, оны әлгі улы заттардан таза деп айта алмаймыз. Жалпы, этил спиртін екі жолмен алады. Біріншісі – табиғи, таза жол.

Оған шикізат ретінде бидай крахмалын, глюкозасын пайдаланады. Ал, екінші, жасанды жолдың шикізаты – мұнай және оның қалдықтары. Бидайдан алынған спирттің, әрине, сапасы да, соған байланысты бағасы да жоғары болатыны түсінікті. Себебі, оны жасаудың шығыны көп. Ал, мұнайдан біздің елде спирт жасалмақ түгілі, пластмасса да өндірілмейді. Әйтеуір, мұнайдан бензин айыратын үш зауытымыздың барына шүкір.

Арақ зауыттарының бидайдан этил спиртін өндіріп шығару шығыны оны өзге елдерден сатып алу шығынынан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан, қыбырлаған құрт-құмырсқаны да қажетіне жарата білетін қытайлардан дайын мұнай өнімі – техникалық спиртті сатып алып, оны фильтрациялап (сүзіп), адсорбциялап (сіңіріп), өздерінше тазартқансып, арақ жасап, халыққа сатады. Жұрт оны пайдаланады… мұнайдан, техникалық спирттен жасалған арзан арақты! «Білмеген у ішеді» дейді қазақ мәтелі.

Негізінен, есептеп қарасақ, жоғары сапалы бидайдан жасалған 0,5 литрлік шөлмектегі еш қоспасыз таза арақтың құны 1500 теңгеден кем болмауы керек екен. Өйткені, бидайдан спирт алу – бірнеше сатыдан тұратын, көп уақыт пен энергияны талап ететін, химиялық реакциялармен жүретін, оған бактериялар да қатысатын күрделі процесс. Бұған ең әуелі жоғары сортты бидай керек. Содан соң оны өңдейтін құрал-жабдықтар, альфа-амилаза ферментіне аналог химиялық катализаторлар, глюкозаны ыдыратуға қатысатын микрофлораға қолайлы жағдай қажет. Әйтеуір, таза арақтың жасалуы үшін өте көп қаражат пен уақыт жұмсалатынын халық біліп жүрсе болғаны.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!














6