Биология тест 6-11сыныптар үшін №15

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БИОЛОГИЯ


1. Өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, кеуіп

кетуден сақтайтын ұлпа

A) Өткізгіш

B) Негізгі

C) Жабын

D) Түзуші

E) Тірек

2. Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер:

A) Талшықтылар

B) Бунақденелілер

C) Тамыраяқтылар

D) Ішекқуыстылар

E) Кірпікшелілер

3. Тастарға жабысып өсетін қына

A) Қара қына

B) Жапырақ қына

C) Бұта қына

D) Қабық тәрізді қына

E) Ақ қына

4. Эпителий ұлпасы:

A) сүйектер, бездер, майлар.

B) сүйек, шеміршек, қан, лимфа.

C) ішкі мүшелер мен қаңқаның бұлшықеті.

D) денелер мен ішкі мүшелердiң жабындысы, бездер.

E) ми, жұлын, жүйке талшықтары.

5. Мойын омыртқаларының саны

A) 7

B) 4

C) 9

D) 14

E) 5

6. Биосфера туралы ілімді жазған

A) Н.И.Bавилов

B) B.И.Bернадский

C) C.C.Четвериков

D) И.И.Шмальгаузен

E) A.Н.Cеверцов

7. Сүзгілі түтіктердің қызметі

A) Беріктік қасиет береді

B) Сабақты өсуін қамтамасыз етеді

C) Органикалық заттарды өткізеді

D) Ауа өткізеді

E) Минералды заттарды өткізеді

8. Асбұршақ тұқымының өну температурасы

A) 0-10 С.

B) 0-20 С.

C) 1-50 С.

D) 0-40 С.

E) 0-30 С.

9. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарын бөлімі

A) 1

B) 4

C) 3

D) 5

E) 2

10. Жөтелге қарсы дәрі ретінде қолданылатын бұршақтұқымдас түрі

A) Түйежоңышқа

B) Қараған

C) Тентек мия

D) Жалаң қызыл мия

E) Бөрібұршақ

11. Толық түрленіп даму сатысы

A) жұмыртқа - ересек бунақдене

B) жұмыртқа - дернәсіл-қуыршақ

C) жұмыртқа - қуыршақ

D) жұмыртқа - дернәсіл-қуыршақ - ересек бунақдене

E) жұмыртқа - дернәсіл - ересек бунақдене

12. Қандауыршаның қаны

A) Түссіз

B) Көгілдір

C) Аралас

D) Көк

E) Қызыл

13. Тыныс алу мен шығаруды реттейтін ми бөлімі

A) ми көпіршесі

B) мишық

C) ортаңғы ми

D) сопақша ми

E) аралық ми

14. Қанның ұюы кезінде түзілетін ерімейтін ақуыз (нәруыз):

A) Гемоглобин.

B) Фибрин.

C) Фибриноген.

D) Глобулин.

E) Тромбоцит.

15. Ас қорыту безіне жататын

A) Бауыр

B) Гипофиз

C) Тер безі

D) Жас безі

E) Эпифиз

16. 1 грамм көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия

A) 17,6 КДж

B) 17,8 КДж

C) 21 КДж

D) 36 КДж

E) 37,2 КДж

17. Моносахаридтерге жататын:

A) Глюкоза

B) Ақуыз

C) Гликоген

D) Целлюлоза

E) Крахмал

18. Адамның шығу тегін, шежіресін зерттейтін генетикалық әдіс

A) генеологиялық

B) егіздік

C) биохимиялық

D) популяциялық

E) цитогенетикалық

19. Тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей

A) Молекулалық-генетикалық

B) Жасушалық

C) Ұлпалық

D) Мүшелік

E) Организмдік

20. Тамырдың бөліну аймағының ортаңғы қабатынан түзіледі:

A) Өңі.

B) Оймақшасы.

C) Цилиндр.

D) Барлық бөлімі.

E) Алғашқы қабық.

21. Алғаш рет «вирус» терминін ғылымға енгізді

A) 1896 ж. Луи Пастер

B) 1882 ж. А.Левенгук

C) 1892 ж. Д.Ивановский

D) 1899 ж. М.Бейерник

E) 1884 ж. Р.Кох

22. Жабық тұқымдылардың жер бетінде таралған саны:

A) 150 мың

B) 200 мың

C) 250 мың

D) 300 мың

E) 350 мың

23. Дыбыс сіңірлері ... орналасқан.

A) өңеш

B) бронхыда

C) ауыз қуысында

D) көмейде

E) өкпеде

24. РР витамині жетіспегенде кездесетін ауру.

A) Бери-бери.

B) Пеллагра.

C) Туберкулез.

D) Анемия.

E) Рахит.

25. Биогенетикалық заңның авторы

A) А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен

B) Ч.Дарвин

C) К.М.Бэр

D) В.О.Ковалевский мен Ю.А.Филипченко

E) Ф.Мюллер мен Э.Геккель


БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


3