Сыни тұрғыдан сұрақтар 1. Денесі бас, мойын, тұлғаға бөлінген. (+) 2. Құстардың терісі қалың, бездері өте көп. (-) 3. Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік.(+) 4. Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз.(+) 5. Құстар сырттай ұрықтанады (- іштей) 6. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда қуық болады.(-) 7. Құстардың тыныс алу ерекшелігін қосарлы тыныс алу дейді. (+) 8. Құстардың жүрегі төрт қуысқа бөлінген. (+) 9. Оң жақ қарыншадан өкпе артерия қантамыры түрінде үлкен шеңбер басталады. (- кіші) 10. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады.(+) 11. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі – сояуы деп аталады.(+) 12. Қаңқасын бассүйек, омыртқа жотасы, йық белдеуі мен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары, кеуде қуысы деп бөледі.(+) 13. Дене температурасы – тұрақты, жылықанды, әрі жоғары +41, +43ºС. (+) 14. Қазақстанда құстардың 500 - ден аса түрі мекендейді. (+) 15. Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология деп аталады. (+) 16. Бүркіт ұша алмайтын құс (-) 17. Құстарда өңештің кеңейген бөлігі ішек деп аталады (- жемсау) 18. Құстар қос жынысты (- дара жынысты) 19. Құстарда иіс сезу мүшесі нашар дамыған (+) 20. Құстар – жылықанды жануарлар (+) 21.Қазақстанда құстардың 650 түрі бар (- 500) 22. Құс өңешінің кеңейген бөлігі жемсау .(+) 23. Құстардың бұлшықеттері нашар жетілген (- жақсы) 24. Ең кішкене құс суық торғай. (- колибри) 25. Түнде ұшатын құс үкі (+) |