(W) Бір қоректік тізбекте орналасқан- бірнеше ағзалардың суреттерін сыныпқа көрсетіңіз. Оқушылардан қорек болатын ағзаларды оларды жейтін ағзалармен салыстыруларын сұраңыз. Сонан соң оларға өзара қоректік қатынастарды көрсету үшін қоректік тізбекті қалай құруды көрсетіңіз. Дискриптолар:........................... Қоректік тізбек ұғымына сипаттама беру алдында тірі ағзалардың қоректену типтері бойынша жіктелуін презентация көмегімен көрсету. Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар ұғымдарына түсінік беру. Продуценттер (лат. өндіруші) – фотосинтезді немесе хемосинтезді пайдалана отырып, бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге қабілетті автотрофты ағзалар(жасыл өсімдіктер және автотрофты бактериялар). Консументтер (лат. тұтынатын) – органикалық заттарды тұтынатын гетеротрофты ағзалар Редуценттер - өсімдік қалдықтары мен жануар өлекселерімен (детрит) қоректенетін сапрофиттер (әдетте бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтар). (G, P) Оқушылар суреттер мен ақпараты бар кеспе қағаздарды қолдана отырып өздерінің қоректік тізбектерін құру үшін жұптасып жұмыс жасайды. 1 тапсырма: қоректік тізбек құрыңдар (жұптық жұмыс) Қоректік тізбек ұғымына сипаттама, мысал. Экожүйе ішінде органикалық заттарды автотрофты ағзалар жасайды. Өсімдіктерді жануарлар азық етеді, олар өз кезегінде басқа жануарларға жем болады. Ағзалардың мұндай байланысы қоректік тізбек, ал тізбектің әр бөлігі трофикалық деңгей деп аталады (греч. trophos «қоректену»).
2 тапсырма: ең ұзын қоректік тізбек құрастыру. (топтық жұмыс) Оқушыларға әр түрлі ағзалардың суреттері ұсынылады. Осы суреттерді пайдаланып, олар қоректік тізбек мысалдарын құрастырады және қоректік тізбек компоненттерін атайды.
3 тапсырма: суреттегі ақпаратты пайдаланып, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы трофикалық деңгейінде қаршыға бар қоректік тізбекті тауып жазып алыңдар.
4 тапсырма: ашық тест. Қоректік тізбек – бұл..... Түзушілер – бұлар ...., оларға .... жатады. Тұтынушылар – бұл...., олар бөлінеді. ...... және......, оларға.... сияқты тірі ағзаларды жатқызуға болады. Ыдыратушылар – бұл ...., оларға ...... жатады. |