Баяндама:Бала тәрбиесіндегі халықтық дәстүр.
Еліміздің болашағы -жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса,екінші бесік білім беру мекемесі,Сондықтанда қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, мектептегі тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек.Өскелең жас ұрпақты рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр.Балаларға білім беруде адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.Баланы жан-жақты,дені сау үйлесімді болып өсуіне ата-анасы үлкен көңіл бөледі.Заман талаптарына сай бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие-тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпаған дұрыс.Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халқымыздың педагогикалық аса бай мұраларын ұрпаққа беруде алатын орны ерекше.Мектепте халқымыздың тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйрету-міндетіміз.Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында,ғасырларбойы жинақталған бай тәжірібиесінде бала,ұрпақ,жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде,отбасында ,тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа,әділдік пен адамдыққа, махабат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз тәрбиелеп отырған.”Үлкеннің алдын кеспе,бос шелекпен өтпе “ –деп баланы үлкендерді сыйлауға жол беруге тәрбиелеген.Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа ,әділдікке үндеп отырған.Орыс жазушысы А.П.Чеховтың мынандай тамаша сөзі бар :”Адам бойындағының бәрі де, бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киім-кешегі де әдемі болуы керек”.Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын,сұлу сымбатын, қасиетін үнемі басшылыққа ала отырып, халықтық педагогикамыздың бай мұраларын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек.