Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық
А) Алматы қорығы В) Ақсу-жабағылы қорығы
С) Барсакелмес қорығы Д) Наурызым қорығы
Е) Алакөл қорығы
Жапырақтағы газ алмасу, судың булануқызметін атқарады
А) тін ұлпасы В) жабын ұлпасы С) лептесік
Д) борпылдақ ұлпалар Е) жасуша аралығы
Тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен бір тұқымды жеміс
А) Тұқымша В) Қауашақ С) Дәнек Д) қанатты жеміс
Е) Жаңғақ
Саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп селбесіп тіршілік етуінен пайда болған ағза
А) Балдыр В) Қырықбуын С) Мүк Д) Плаун Е) Қына
Қарағайдың жапырақтары
А) Қабыршақ В) Қылқан С) Жебе тәрізді Д) Ромбы пішінді
Е) Тоспа
Раушангүлділер тұқымдастарында күлте жапырақшаның саны
А) 4 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 6
Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын
А) Түйнек бактериясы В) Шіріту бактериясы
С) Сүтқышқыл бактериясы Д) Ауру туғызатын бактериялар
Е) Цианобактериялар
Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа
А) Жабын В) Тірек С) Өткізгіш Д) Түзуші Е) негізгі
Паразит саңырауқұлақтар
А) қозықұйрық В) қаракүйе С) шыбынжұт Д) Арышқұлақ
Е) түбіртек
Қына денесінде саңырауқұлақ
А) Крахмал түзеді В) Органикалық зат түзеді
С) су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді
Д) Өскен жеріне бекініп тұруына көмектеседі
Е) ерекше қышқыл бөледі
Шырмалғыш сабағы бар өсімдік
А) жолжелкен В) Қарбыз С) қауын Д) бақбақ Е) құлмақ
Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері
А) Гүл табаны В) Аналық С) Тостағанша Д) Гүл сағағы
Е) Күлте жапырақша
Күрделігүлділер тұқымдасына сәйкес келетін белгілер
А) гүлшоғыры- себет, жемісі құрғақ тұқымша
В) Гүлшоғыры- шашақ, жемісі-құрғақ бұршаққын және бұршаққынша
С) гүлшоғыры-шоқпарбас, жемісі-құрғақ бұршаққап
Д) гүлшоғыры-собық, жемісі-құрғақ дәнек
Е) гүлшоғыры-шашақ, жемісі- сүйекті шырынды
Сәндік үшін өсірілетін лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік
А) Лапыз В) Пияз С) Қызғалдақ (жауқазын)
Д) Қырлышөп Е)Тамырдәрі
Қағаз алуға қолданылады
А) Шырша В) Балқарағай С) Қайың Д) терек Е) Самырсын
Балдыр жасушасына түс береді
А) Хлорофилл В) Хромопласт С) Хлороформ Д) Хромотофор
Е) Лейкопласт
Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдік
А) Күнбағыс В) Сұлы С) Асқабақ Д) Бақ-бақ Е) Үрмебұршақ
Беденің гүлшоғыры
А) Шашақ В) Шоғырбас С) Қалқанша Д) Шатыр Е) Масақ
Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі
А) негізінен топ-топ болып өседі
В) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды
С) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды
Д) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар
Е) Қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті
Бір үйлі, қос жынысты мүк
А) Шымтезек мүгі В) Жасыл мүк С) Көкек мүгі
Д) Көкек зығыры Е) Қына
Орамжапырақ гүліндеріндегі аталықтың саны
А) алты В) Төрт С) Он Д) сегіз Е) Екі
Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта орналасқан ұлпа
А) түзуші В) тірек С) негізгі Д) жабын Е) су жинаушы
Көпжасушалы балдырлар болды
А) Архей В) Кайнозой С) Палеозой Д) Мезозой
Е) Протерозой
Биология ғылымы зерттейді
А) Өсімдіктердің көбеюін В) Өлі табиғатты
С) Жыл мезгілі бойынша тірі табиғат өзгерістерін
Д) Өсімдіктердің таралуын Е) Тірі ағзаларды
Өсімдіктерге түс беретін органойд
А) Пластид В) Ядро С) Цитоплазма Д) Қабықша
Е) Митохондрия