Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама.
Білімділік мақсаты: Жорғалаушылар класының тіршілік әрекеттерімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен таныстыру, олардың негізгі ерекшеліктерін талдап түсінік беру.
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, шығармашылыққа, ғылыми жұмыстануға баулу, топпен жұппен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ептілікке, жұптасып жұмыс жасауға, жорғалаушыларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі және ТОҚ: Жорғалаушылар суреттері, флипчарттар, үлестірмелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, топтық жұмыстар,
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгелдеу
Ә) сабаққа назар аударту
Б) топқа бөлу
ІІ. Сенесіз бе? Сенбейсіз бе? (Егер сенетін болсаңыз қолдарыңдағы белгінің жасыл жағын, сенбесеңіз қызыл жағын көрсетіңіз)
1. Қосмекенділердің 1000 - нан астам түрі бар.
2. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болды.
3. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегі және безді болып келеді.
4. Қосмекенділердің дернәсілі – итшабақ
5. Қосмекенділер - қос жынысты.
6. Жүрегі – 4 бөлікті
7. Қанайналу шеңбері – екеу
8. Дернәсілі – өкпемен тыныс алады
9. Ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болды.
10. Дернәсілдерінде – бүйір сызығы болады.
ІІІ. Ой қозғау.
Біздің жерімізде қандай жорғалаушылар тіршілік етеді? Олардың өзіне тән белгілері қандай?
ІҮ. Ассоциация
Ү. Төрт орталықпен жұмыс.
1. Дүниетану орталығы
2. Ғылыми ізденіс орталығы
3. Сарамандық орталық
4. Шығармашылық орталық
1 - орталық: «Инсерт» әдісі: Алдарына берілген үлестірме материалдан мәтінмен танысу, бұрыннан білетінін жасыл түспен, білмейтінін қызыл түспен белгілеп, талдау, түсіндіру.
2 - орталық: Бауырымен жорғалайтын жануарлар туралы не білесіңдер? Аттарын атау, тіршілік әрекеттері, сыртқы құрылысы, қоректенуі туралы түсіндіру.
3 - орталық: Кесіртке мен бақаның қаңқа құрылысын салыстыру, айырмашылықтарын ажырату, суретін салу.
4 - орталық. Бауырымен жорғалаушылардың әртүрлілігі туралы хабарлама, шағын жобалық жұмыс.
ҮІ. Кестемен жұмыс: (кестені толтыру).
ҮІІ. Жұптық жұмыс:
І жұп:
1. жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек?
2. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
ІІ жұп:
1. Жорғалаушылардың омыртқа жотасының сызбанұсқасын құрыңдар.
2. Жорғалаушыларды қаңқасының қосмекенділер қаңқасынан ерекшелігі қандай?
ІІІ жұп.
1. Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас бірақ қандай ерекшелігі бар?
2. Қолтырауынның жүрек құрылысы қандай?
ІҮ жұп:
1. жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата.
2. Жыланның көзбен арбау ерекшелігі неде?
Ү жұп:
1. Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?
2. Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?
ҮІ жұп:
1. Жорғалаушылардың екі бүйрегі қайда орналасқан?
2. Жыланның уынан не алуға болады /
ҮІІ жұп:
1. Жүйке жүйесінің күрделену себебі?
2. Есту мүшесі неден тұрады?
ҮІІІ жұп:
1. Ауа өтетін тыныс мүшелері неден тұрады?
2. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
ІХ жұп:
1. Қосмекенділерге қарағанда мишығы қалай дамыған?
2. Жорғалаушыларды ата.
Х жұп:
1. Жорғалаушылардың зәр шығару мүшесі?
2. Жаңа Зеландияда мекендейтін үшкөзді жорғалаушы?
ҮІІІ. Тест жұмысы.
ІХ. Сабақты қорытындылау
Х. Үйге тапсырма: §54, жергілікті жерде мекендейтін жорғалаушылар туралы хабарлама.
ХІ. Бағалау
Жаңаөзен қаласы
№19 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Өткізген: Амирханова Шынар