Сабақ – 2 Сынып – 7 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жасушасыз тірлік құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жасушасыз ағза – вирус туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылығы: лездеме сұрақтар беру арқылы оқушыны оқулықпен тез жұмыс жасауға үйрету арқылы білім, білік дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі Оқушыларға вирустардың ерекшелігін түсіндіре отырып, адам, жануар, өсімдік өміріндегі зияндылықтарды ажырата білуге үйрету арқылы аурулардың алдын алуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Баяндама, әңгімелесу,
сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, презентация материалдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
1 Оқушымен амандасу
2 Оқушының назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар 15 мин.
Жаңа сабақ түсіндіру 20 мин
Вирус – латынша «у» деген мағынаны береді.
Вирус – жасушасыз ағзаға жатады, яғни анциттер. 1899 жылы М.В.Бейерник «вирус» терминін ғылымға енгізді.
1. Негізгі бөлім: « Білімге қажет дерек »
Ғаламшарымызда – 1,5 млн. жануар;
Бунақденелілер - 700 000 түр;
Жәндіктер – 232 000 түр;
Біржасушалылар – 70 000 түр;
Омыртқалылар – 45 600 түр;
Балықтар – 20 000 түр;
Қосмекенділер – 4 000 түр;
Жорғалаушылар -8000 түр.
Құстар – 8600 түр;
Сүтқоректілер – 5000 түр.
Вирустар: - омыртқалыларды уландыратын – 500 түр.
- Өсімдіктерді уландыратын – 400 түрі бар.
Мекен ету ортасы. Вирустар тек тірі ағзаның жасушаларында ғана өмір сүре алады. Олар тірі ағзалардың барлығын уландырады. Олардың өлшемі – 0,0000002 см.
Құрылысы: әрбір вирус нуклеин қышқылдарынан тұрады.
Көбеюі: 30 мин. 1 вирустан 100-деген жаңа вирустар пайда болады.
Вирус [link] саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар.
Оқулықпен жұмыс « Лездеме сұрақтар...»
Бактериофаг дегеніміз не?
Бактериофагтың құрылысы қандай?
Бактериофаг атауы неліктен берілген?
3. Вирустар тарататын аурулар. Тірек-схемамен жұмыс:
Сабақты бекіту:
Темекі теңбілі өсімдіктің қай органоидін зақымдайды?
Фаг-тің көбею сатысының ұзақтығы?
Вирустар басқа жасушада қалай дамиды?
Иммунитет дегеніміз не?