Бір жасушалы жәндіктер дүние тармағы немесе қарапайымдылар.
Жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру:
а) жіктеу, ә) жүйелеу, б) топтау, в) іріктеу
Жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру:
а) топтау, ә)сәйкестендіру, б)іріктеу, в) жіктеу
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша.............. болып бөлінеді:
а)омыртқасыздар, ә) омыртқалылар, б) қарапайымдылар, в) омыртқалылар,
омыртқасыздар.
Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік:
а) туыс, ә)түр, б) дүние, в)тұқымдас.
Республикамыздың жануарлар дүниесін ғылыми тұрғыда зерттеуге ХҮІІ-ХҮІІІғ үлесін қосқан ұлы ғалым:
а)М.Қашқари , ә) Л.Берг, б)Ш.Уәлиханов , в) барлығы да
Жануарлар мен өсімдіктерді табиғи сұрыпталу арқылы пайда болатынын зерттеп, эволюциялық ілімнің негізін қалаған ғалым:
а ) К.Линней, ә) Г Гольдфус, б) Ч Дарвин. В) барлығы да
Жалған аяқтарын дененің кез келген жерінен созып шығарады, сондықтан оларды ....... деп атайды.
а) өрмекаяқтылар, ә) талшықтылар, б) жалғанаяқтылар, в) тамыраяқтылар.
Жұмырылған дене сыртындағы тығыз қорғаныш қабат:
а) ұлпа, ә) циста,б) плазма, в) жасуша
Дербес әрекет ететін дара жасушалы тірі ағза:
а)саркодиналар, ә) кірпікшелілер , б) споралылар, в) қарапайымдылар.
Қарапайымдардың сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат:
а) пелликула, ә) қауыз, б) тері, в) жасуша
Өсімдіктекті талшықтар:
а) хламидомонада, ә) эвглена, б) домаланғы, в) барлығы да.
12. Бақаның артқы ішегінде болатын талшықты жәндіктің паразитті түрі:
а) опалина, ә) талшықты амеба , б) мөрже , в) кебісше.
Тұщы лас суда өмір сүретін талшықты жәндік түрі:
А) сувойка, ә) бодо, б) лейшмания , в) барлығы да.
14. Безгек ауруының қоздырушысы:
А) қантұрғын, ә) спорозит, б)қараталақ, в) лямблия.
15. Нағыз жәндіктерде............. болмайды.
А)ұлпа, ә) спора, б) хроматофор, в) жасуша
16. Кірпікшелілермен ........... қоректенеді:
А) балық шабақтары, ә) балықтар, б) қосмекенділер, в)жәндіктер.
17. Адам мен жануарлар жасушасының ішінде паразиттік тіршілік ететін
талшықтының түрі:
а) бода, ә) лейшмания, б) талшықты амеба, в) сувойка.
18. Жыныстық жолмен көбею кезінде екі ағза бір- біріне жанасу арқылы қосылатын
жәндіктер.
А)споралылар, ә) талшықтылар, б)кірпікшелілер, в)барлығы да.
19. Тамыраяқтылардың өкілі:
А) сәулелі күнқұлақ, ә)күншар, б) бақалшақты амеба, в) барлығы да.
20. Талшықты жәндіктер:
А) лямбия, ә) бодо, б)лейшмания, в) барлығы да.
21. Амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы сағатына қанша.
А)1 см, ә)2 см, б)5см, в) 10 см.
22. Безгек паразиті қантұрғынды және оның адам қанында дамуын кім зерттеді.
А) И.Мечников, ә)Д. Лямбль, б) Ш.Лаверан, в) барлығы да.
23. Ішекқуысты жәндіктің ең ірісі:
а) цианеа капиллата, ә)аурелия, б) медуза, в) барлығы да.
24. Актинияларды не деп атайды.
а) сұлу гүлі, ә) теңіз гүлі, б) ару гүлі, в)шоғыр гүлі.
25. Құлақты медуза қандай жынысты.
А) қос, ә) дара, қос. б)дара, в) жыныссыз.
26.Ішек қуыстылардың барлығында............ жасушалар болады.
А) атпа, ә) аталық, б) сезім, в) жыныс.
27. Медузалар денесінде қандай бөлігі жоқ:
А) бас, ә) табан, б) бүршік, в) қуысы
28. Зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі:
А) регенерация, ә) түзілу, б) жасалу, в) бүршіктену.
29.Ішек қуыстылардың аузының айналасында ............. орналасады:
А) атпа жасушалар, ә)қармалауыштар, б) жасалу, в) барлығы да.
30. Гидратәрізділерге жұмыртқадан дернәсіл ............ түзіледі:
А) планула, ә) дарақ, б) обелия, в) ағза.
Жауаптары.
1ә, 2в, 3в, 4ә, 5б, 6б, 7в, 8ә, 9в, 10а, 11в, 12а, 13ә, 14а, 15б, 16а, 17ә, 18б, 19в, 20в, 21а, 22б, 23а, 24ә, 25б, 26а, 27ә, 28а, 29ә, 30а