Case-study технологиясын өсімдіктер физиологиясы пәнінде қолдану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Мазмұны:

Кіріспе ......................................................................................................................3

I Сase - study технологиясының ерекшеліктері ...................................................5

1.1 Сase-study технологиясының мазмұны, құрылымы ......................................5

1.2 Сase-study технологиясының түрлері .............................................................8

1.3 Технологияның педагогикалық потенциясы ...............................................10

II Өсімдік пигменттері .........................................................................................12

2.1 Жасыл өсімдік пигменті - хлорофилл ..........................................................12

2.2 Антоциандар, фикобиллиндер және каратинойдтар ...................................15

III Өсімдіктер физиологиясы пәнінен «Пигменттер» тақырыбына сase-study технологиясымен жасалған зертханалық жұмыс жоспары .............................18

3.1 Power Тoon бағдарламасы бойынша жасалған жоба және «Фотосинтез процесі» бейнеролигі ...........................................................................................18

3.2 «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингі ..................................................................21

3.3 Пигменттер тақырыбына арналған зертханалық жұмысты “Бағдаршам” тест арқылы бекіту .............................................................................................. 23

3.4 PowerPoint бағдарламасымен бағалау .........................................................25

Қорытынды ...............................................................................................27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ...................................................................29























КІРІСПЕ


Пигменттер (латыша pіgmentum — бояу), биологияда — ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін [link] процесінде маңызы зор. Оларға хлорофилдер, каротинойдтар, фикобилиндер, антоциандар, флавиндар жатады. Хлорофилл – жапырақтағы ең басты және ең күрделі пигмент. Хлорофиллдің (грекше: хлорос – жасыл, филон – жапырақ, жапырақтағы жасыл пигмент деген ұғымды білдіреді) түсі жасыл. Ол жапыраққа да жасыл түс береді.

Хлорофилдің химиялық құрамын зерттеу жұмыстары XX ғасырдың басынан басталды. 1818 жылы француз ғалымдары Ж.Пельтье және Ж.Кванту өсімдік жапырағынан бірінші рет жасыл пигментті бөліп алды. Оны олар хлорофилл деп атады. Хлорофилдің химиялық құрамын зерттеген ғалымдар – Р.Вильштеттер, Г.Фишер.

Каротинойдтар. Каротинойдтар – өсімдік жапырақтарында күрделі сары пигменттер бар.Оларда каротинойдтар (латынша:каротин – қызғылт немесе сарғыш деген мағынаны білдіреді) деп атайды.Мұны алғаш осылай атаған ғалым – М.С.Цвет.

Антоциандар. Антоциандар (грекше:антос – гүл, цианос – бояу деген мағына білдіреді) - гүл бояуы. Антоцианды өсімдіктің клетка шырынынан бөліп алып,оның химиялық құрамын зерттегенде, оның құрамы өте күрделі екені анықталды.

Сase-study технологиясы – биологиядан алған теориялық білімді практикалық тұрғыда қолданатын құрал. Білімгерлердің өзіндік ойлауын дамытып, өзге ойды тыңдай білуге және альтернативті көзқарасты таңдай білуге, өзінің ойын аргументті жеткізуге үйретеді. Биологияны оқыту барысында білімгерлер аналитикалық және бағалау дағдыларын көрсетіп, топпен бірге ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды, қойылған мәселені шешуде оңтайлы шешімін табуға тырысады.

Сase-study – сабақ барысында фактылардың негізінде құралатын, соңында талданатын оқытудың нақты жағдаяттары. Ситуацияларды талдау нәтижесінде оқушылардың "топтық" жұмыс жасауы және материалға сараптама жасап, басқару шешімдерін қабылдауды қажет етеді. Демек, case-study ситуациялық оқытудың технологиясы деп айтуға болады

Сase - study технологиясы интерактивті әдістің  бір түрі ретінде білімгерлер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен білімгерлер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Білімгер ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.

Сase-studу технологиясы – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Сase-studу - технологиясы оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Сase-studу технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

  • Әдістемелік нұсқаулар.

  • Жұмыс дәптері.

  • Анықтама.

  • Оқу, аудио, бейне материалдар.

  • Бақылау және емтихан материалдары.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: бүгінгі оқу үрдісінде тұлғаға жан-жақты білім беру жолдары қарастырылғанымен, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қазіргі қоғамның белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаға тәрбие беру үрдісінде шығармашылықпен жұмыс жасауды қажет етері анық. Қазіргі таңда дәстүрлі технологиялардан айырмалышығы бар, заман талабына сай білім беретін әдістер мен тәжірибе нәтижелері қолданылуда. Соның бірі- сase - study технологиясы.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: өсімдіктер физиологиясы пәнінде саse-study технологиясын оқу процесінде қолдануы.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: өсімдік пигменттерінің кешенін зерттеу және саse-study технологиясын оқу процесінде қолдану.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- өсімдіктерге пигменттердің әсерін зерттеу;

-алынған нәтижелерді оқу процесіне саse-study әдісі арқылы қолдану;

-саse-study технологиясы арқылы өсімдіктер физиологиясы пәнінде «Пигмент» тақырыбына зертханалық жұмыс жасау.

Ғылыми жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы: теориялық жиналған білім білімгерлердің өсімдіктердің онтогенезіне түрлі биологиялық белсенді заттардың әсерін білуін және олардың жалпы биологиялық дүниетанымын кеңейтуіне әсер етеді.

Ғылыми жұмыс пигменттердің өсімдіктерге әсері, сонымен қатар жасыл өсімдік организмдеріндегі пигмент түрлері, жалпы қасиеттері, олардың әсер ету механизмі және биосинтезі, оқу процесінде нәтижелерді тиімді қолдану сұрақтарын қарастыруға арналған.




























І Сase-study технологиясын өсімдіктер физиологиясы пәнінде

қолданудың ерекшеліктері

    1. Сase-study технологиясының мазмұны, құрылымы


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты–жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жақсарту. Еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатында болуы үшін білім жүйесінің маңызы зор. “Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]:

  • оқытудың мақсаты;

  • білім берудің мазмұны;

  • педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;

  • оқушы, оқытушы.

Бүгінгі оқу үрдісінде тұлғаға жан-жақты білім беру жолдары қарастырылғанымен, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қазіргі қоғамның белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаға тәрбие беру үрдісінде шығармашылықпен жұмыс жасауды қажет етері анық. Қазіргі таңда дәстүрлі технологиялардан айырмалышығы бар, заман талабына сай білім беретін әдістер мен тәжірибе нәтижелері қолданылуда. Соның бірі- сase - study технологиясы.

Сase-study – сабақ барысында фактылардың негізінде құралатын, соңында талданатын оқытудың нақты жағдаяттары. Ситуацияларды талдау нәтижесінде оқушылардың "топтық" жұмыс жасауы және материалға сараптама жасап, басқару шешімдерін қабылдауды қажет етеді. Демек, case-study ситуациялық оқытудың технологиясы деп айтуға болады [2].

Сase-study технологиясын:

1) пәндер мен мәселені оқытуда қойылған сұрақтарға біртекті жауап берілмей, жауаптың бірнеше нұсқалары беріліп, ақиқатқа қайшы келетін жауаптар қарастырылады. Оқытудың міндеті өзгереді: ақиқаттың бірнеше нұсқасын анықтайды;

2) оқытудағы басты салмақ дайын білімді игеруге емес, оны өндіруде білімгер мен оқытушының бірге жұмыс жасауын қажет еткендіктен, кейс-стадидің дәстүрлі оқытудан негізгі айырмашылығы осында;

3) технологияның қорытындысы ретінде алған білім ғана емес, кәсіптік білімнің қызметі де есептеледі;

4) сase-study-ң технологиясын ретінде: айқындалған ереже бойынша өмірде болған нақты жағдаяттың моделі құралып, оны шешуде білімгерлерге қажетті кешенді білім мен практикалық білікті қалыптастырады. Осы орайда оқытушы сұрақтарды іріктеуші жетекшінің қызметін атқарып, дискуссияны қолдап отырады. Бірге жасалатын жұмыстың диспетчері болады;

5) ситуациялық анализдің қадір-қасиеті ретінде тек қана білімгердің қалыптастыратын білімі мен практикалық білігі ғана емес, олардың құндылықтары мен кәсіби позициясын анықтауға көмектеседі;

6) сase-study технологиясы дәстүрлі оқытудың классикалық ақауларын жеңіп шығады. Оқыту барысында жай ғана сөзбен емес, эмоциялық көңіл-күй беріліп, шығармашылық конкуренция болып, талас-тартыс пікір алысу арқасында театрландырылған спектальге ұқсайды.

Сase-study технологиясы – алған теориялық білімді практикалық тұрғыда қолданатын құрал. Білімгерлердің өзіндік ойлауын дамытып, өзге ойды тыңдай білуге және альтернативті көзқарасты таңдай білуге, өзінің ойын аргументті жеткізуге үйретеді. Оқыту барысында білімгерлер аналитикалық және бағалау дағдыларын көрсетіп, топпен бірге ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды, қойылған мәселені шешуде оңтайлы шешімін табуға тырысады.

Сase-study технологиясы шын  және ойдан  шығарылған  жағдайларға  негізделген қысқа мерзімді  оқытуға  арналған интерактивтік технология. [3].

Сase-study технологиясының  негізгі  мақсаты:

  • оқушылардың  бойында  жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді   қалыптастыру;

  • әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту;

  • ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету.

Инцидент әдісі - тындаушының өз бетінше шешім қабылдауы үшін  ақпарат іздеуі; ақпаратпен жұмыс жасауды  /беру, жүйелеу,  талдау/   үйрету; оқушы  белгілі бір  мекемеде немесе  елде  болған инцидент туралы  ақпарат алады; оқушылар ақпараттың аздығына қарамастан  проблеманы және оны шешу үшін  нені білу  керектігін анықтайды.

Технологияның мазмұны – нақты жағдаят мысалында жалпы заңдылықтарды сараптау.

Сase - study қолданудың артықшылықтары:

  • шынайы өмірмен танысу;

  • шешім қабылдауда терең ойлануды қажет етеді;

  • білімгердің жағдаятқа тез шешім қабылдауын жаттықтырады;

  • ұқсастықтарды береді;

  • дәлелдеу немесе аргумент арқылы өз ойын дәлелдеуге машықтандырады;

  • жеке жағдаяттарда заңдылықтар мен үрдістердің дамуы тездетеді;

  • стратегиялық ойлаудықалыптастырады [4].

Сase - study құрылымы - көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес сase келесілерден тұрады:

  • Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға,
    жағдайдың контексті  -  хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

  • Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

  • Сase - study жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Қосымшалар. 

Сase - study құрастыру сатысы: Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

  • Жағдай моделін құру немесе таңдау.

  • Сипаттауды құру.

  • Қосымша ақпараттарды жинау.

  • Ақырғы мәтінді даярлау.

  • Сase - study тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.

Сase - study технологиясы интерактивті әдістің  бір түрі ретінде білімгерлер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен білімгерлер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Білімгер ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады [5].























1.2 Сase-study технологиясының түрлері


Сase - study – ақпаратты кешен. Ереже бойынша ол 3 бөліктен құралады: сase - study сараптама жасау үшін қосалқы ақпарат, нақты жағдаяттың сипаттамасы және кейске арналған тапсырмалар.

Баспа түріндегі кейсте графика, кесте, диаграмма, көркем құралдар құрап, оны көрнекі етіп көрсетеді.

Мультимедиялы кейс соңғы уақытта кеңінен танымал әдіс, оқу орынның техникалық жабдықталуына бағынышты болады. Видео кейсте фильм, аудио және видео материалды қолдануға болады. Оның бір кемшілігі – қайталап көре алмау.

Сase-study-ң негізгі қызметіне білімгерлерге аналитикалық жолмен шешілуі қиын нақты қойылған күрделі жағдаяттарды шешу. Кейс білімгерлерде белсенділік қабілетін дамытып, аналитикалық және коммуникативті қасиеттерінің дамуына жағдай жасайды [6].

Технологияны қолдану жалпы ақпаратты беруде Қазақстан мен ТМД елдерінде оңтайлы шешім болғанымен, алайда жоғарғы оқу орындарында лекцияда қолдануда бірқатар кемшіліктері болады. Америкалық бизнес және экономика институтының (AIBEc) Мәскеудегі оқытушысы Питер Эксманның пікірі бойынша, уақытты тек қана нақты жағдаятты шешуді жіберуге болмайды. Үнемі нақты жағдаятты шешкен сайын білімгердің ойлау ауқымы кеңеймей, ол қарым-қатынастың жоғарғы сатысына шыға алмайды. Кейстер пәндегі теориялық білімнің практикалық қолданысын көрсетіп, жаттығулардың құндылығы мен теориялық «қаймақтың» айырмашылығын көрсетеді.

Дәстүрлі оқытудағы берілген тапсырмаларда семинар мен практикалық сабақтарды өту барысында дайын материалды алып, бір ғана теория, әдіс, принципті қолданады. Тапсырмалар ереже бойынша бір шешім мен шешу жолын ғана көрсетеді. Сase - study арқылы оқыту білімгерлерде кең ауқымды ойлау қабілетін дамытып, жан-жақты дағдыны қалыптастырады. Сase - study көптеген шешімдер мен бірнеше альтернативті жолмен шешу жолдарын қамтиды.

Сase-studу қазіргі уақытта алға жылжыған ең белсенді технология ретінде қолданылып келеді, себебі:

  • топтық жұмыс кезінде дағды үйрену (Team Job Skills);

  • қарым-қатынас жасау кезінде жаңа дағдыларға үйрену;

  • презентация жасауға үйрену;

  • пресс-конференциялар ұйымдастырып, сұрақ құрастырып, нақты жауап беруге дағдыландырады.

Оқыту процесінде технология білімгерлердің дайындығын қажет етеді, өзіндік жұмыс жасай алу қабілетін талап етеді. Керісінше, сабаққа дайындықсыз келген оқушы жағдаятты шешуде жеңіл қарауы мүмкін.

Технологияны қолданылу аясы елімізде нақты белгіленген жоқ. Оның стратегиялық принциптерін жасап, еліміздің білім беру процесіне енгізуге болады.

Сase-studу технологиясы – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Сase-studу - технологиясы оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Сase-studу технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

  • Әдістемелік нұсқаулар.

  • Жұмыс дәптері.

  • Анықтама.

  • Оқу, аудио, бейне материалдар.

  • Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған сase өзіндік сапалық қасиеттері болады:

  • Сase-studу құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

  • Білімгер оқулықтың кез - келген бетін қағазға шығара алады.

  • Білімгер оқу материалдарына кез - келген әдіспен қол жеткізе алады.

  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

  • Оқулық бетінен интернет ресурстарына қол жеткізуге болады [7].






















1.3 Технологияның педагогикалық потенциясы


Технологияның педагогикалық потенциалы дәстүрлі оқытудан жоғары. Себебі, ақпаратты талдау, дискуссия, фактымен сөйлеу білімгердің талдау қабілеті мен қарым-қатынастың қарапайым ережелерін үйретеді.

Оқытушы оқу процесінде мейлінше эмоционалды болуын талап етеді, білім алушылар арасында талас-тартыс өршіп кетпеуіне, арадағы ынтымақтастық және серіктестікті дамыту, жеке тұлға ретінде білімгердің құқықтарын қорғалуын қадағалауы тиіс.

Сase-study технологиясын педагогикалық практикасында қолданған оқытушы өз сабағында төмендегі принциптерді сақтауы жөн:

  • алуантүрлілік принципі: құрал-жабдықтың толық қолдануы, дидактика мен ережелерін, тәсіл, әдістерін, мақсаттылығын қатаң сақтау;

  • "дайын ақпатаратты шайнап беру" арқылы мұғалімнің ғана оқу процесінде субъект ғана болмай, екі жақты процесстің, мұғалімнің бағыттаушы тұлға ретінде ғылым әлеміне білімгерлерге бағдар беруі;

  • педагогика мен психология негізінде ғылымның нәтижелері мен тәжірибемен алмасу, тәрбиелей отырып, білім беруге сүйенеді. Әдістемені ұстанған мұғалім дәстүрлі методиканы ұстанған оқытушылардан айырмашылығы жер мен көктей;

  • шығармашылық принципі, кейстің сабақ барысында шығармалықты талап етеді, жеке тұлғалық шығармашылық жұмыспен айналасуын қажет етеді де, оқу процесін проект ретінде қарастырады. Оқытушының технологияны дамытып, шығармашылықтың импровизациясын жасайды;

  • прагматизм принципі, мәселені шешудің қабылдау жолдары, сараптама жасау арқылы нақты жауабын жоспарлау.

Технологияның категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Сase - study технологиясының қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «сараптама», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады [8].

Технологияда білімгерлер аналитикалық талдау жасайды. Сase - study технологиясын қолдану кезіндегі әр түрлі сараптама түрлері көрсетілген.


Кесте 1 – Case-studу технологиясын қолданылатын сараптама түрлері


Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі

Сипаттамасы

Негізгі түрлері

Проблемалық сараптама

Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы

  • жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау;

  • жағдайдың проблемалық шарттарын талдау;

  • жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау

Жүйелі сараптама

Құрылымымен  және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру

  • дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады;

  • конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады

Праксеологиялық сараптама

Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру

  • қызметті оптимизациялау жолдарын талдау;

  • қызметтіалгоритимизациялау  және үлгілеу

Прогностикалық сараптама

Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру

  • жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау;

  • тренингтік модельдер құру арқылы  болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті  прогностикалық талдау


Case-studу технологиясы интерактивті әдістің  бір түрі ретінде білімгерлер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен білімгерлер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Білімгер ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Case-studу технологиясы – білімгердің креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Елбасымыздың биылғы жолдауында: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» демекші, сase-study технологиясы қазіргі таңдағы заман талабына сай азаматтар тәрбиелеуге тигізер үлесі мол [9].


11