Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:42

Тема/Тақырыбы: Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы.

Цели/Мақсаты: қосбуданды шағылыстыру туралы білімді игеру дәрежесін тексеру, конъюгация (қосылу), тендер және хромосомалар туралы ұғымды пысықтау, тіркес тендер ту­ралы ұғындыру, кез келген белгі және жыныс хромосомаларына байланыстылығы ретінде жыныс белгісінің тұқым қуалайтынын көрсету, оқулықпен жұмыс іскерлігін баянды ету, негізгі қорытынды жасай білу, өздігінен ойлай білуді дамыту, өз пікірін қорғай білуге үйрету, еркек және әйел жынысының түзілуін ғылыми тұрғыдан қарай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықпар: «Жыныс генетикасы» кестесі, айқасудың суреті, жауаптар мен баға өлшемдерінің нақтылы үлгісі бар карточкалар, қосбуданды шағылыстыруға тап­сырмалары бар карточкалар.

Түйінді сөздер: тіркес гендер, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы, тұқым қуалау, жынысқа тіркес, аутосомалар, жыныстық хромосомалар, гомогаметалық, гетерогаметалық.

Тип: 1) урок изучения нового материала; 2) урок актуализация; урок обобщения и систематизации знаний; 3) урок комплексного применения знаний(л/р); 4) комбинированный урок; 5) контрольный урок.

Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) репродуктивный; 2)метод проблемного обучения; 3) объяснительно-иллюстративный; 4) частично-поисковый.

Форма организации познавательной деятельности/формалар:1) фронтальная; 2) парная; 3) индивидуальная

Формы/формалар: вводная лекция; тематическая лекция; беседа; рассказ; самостоятельная работа с учебником; лабораторная работа; зачет;рассказ с элементами беседы.

Ход урока/Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

Қосбуданды шағылыстырудың игерілуін анықтау үшін бүкіл генетикалық терминология бойынша жаппай пікіртерім өткізіледі. Осыған жарыстыра Мендельдің үш заңының генетикалық формулалары жазылған тапсырмалары бар каточкалар бойынша жазбаша тексеру жұмысы тақтаға жазылады. Берілген жауаптардың барлығын кенесшілер және өзара тексеру (мұғалімнің қалауы бойын­ша) арқылы баға қойылады.

Карточкалар тапсырмаларының үлгі нұсқалары.

1. Зиготалығына атау беру: ААвв, АаВв, АаВВ, ааВа,аавв.

2. Генетикалық формулаларды фенотипі бойынша жазу:

Өсімді асбұршақ түсі бойынша гетерозиготалы.

• Сары бұршақ және қызыл күлтесі бар асбұршақтың екі белгісі бойынша гомозиготалы.

Қошқыл шаш және көк көз.

Қошқыл бұйра шаш.

Жаңа тақырыпты мына сұрақтармен оқып үйренуге

болады:

- Адамда қанша хромосома бар?

- Хромосомалардың жұбы қанша?

- Гендер қайда болады?

- Олардың хромосомадағы саны қанша?

- Бір хромосомада болатын гендер қалай тұқым қуалайды? Оқушылардың жынысты алдын ала анықтау тақырыбына дейін §41 бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылады. Мұнда берілген сұрақтарға жауап қайтару, мына ұғымдарға құрылымдық-қисынды сызбанұсқа құрастыра білуі керек:

- Генетикалық зерттеу үшін неге дрозофила тамаша

зерзат болады?

- Тіркес гендер деген не?

- Тіркес тұқым қуалауды кім және қашан ашқан?

- Т. Морган қай теорияны жасады?

- Хромосомалық тұқьшқуалаушылық теориясының негізгі қағидасы.

Оқушылардың жауабының қателерін мұғалім түзетіп, толықтырады. Сызбанұсқалар тексеріліп, тақтаға ен дәлмедәл сызбанұсқа сызылады.

Жыныс анықтауды проблемалық сұрақтан бастауға бо­лады.

Жыныстық белгілер қалай тұқым қуалайды?

- Бұл тамақтануға, тіршілік ортасына, өз қалауына тәуелді ме?

Мұғалім «Жыныс генетикасы» кестесін пайдаланып, қысқаша түсіндіреді. Кесте толтырылады. Жаңа ұғым қосылады.

Аутосома және жыныстық хромосомалардың салыстырмалы сипаттамасы

Хромосомалар

Саны

Жыныстық белгілер

Теңдік белгілер

Аутосомалар

2п-2

бірдей

жоқ

Жыныстық

2

әр түрлі

бар

Оқулықтан «Адамда жыныс жасушаларының түзілуі сызбанұсқасын анықтап қараған кезде гомогаметалық және гетерогаметалық құбылыс түсіндіріледі.

№148-тапсырма жұмыс дәптері бойынша ауызша пысықтау.

Бұдан соң тақырып бойынша есептер беру.

1. Егер адамда 46 хромосома болса, қанша аутосома, қанша жыныс хромосомалары болады?

2. Дрозофилада 8 хромосома бар. Сонда жұмыртқажасушаларда, сперматозоидта қанша аутосомалар және жы­ныс жасушалары болады?

3. Картопта 48 хромосомалар бар. Зиготада барлығы қанша хромосома бар? Тозаңда қанша хромосо­ма бар?

4. Теңдік жасушаларда жыныс хромосомасы бола ма? Егер бар болса, қанша?

Жыныс генетикасын және жыныспен тіркесуді түсіндірген кезде №4 «Жыныс генетикасы» сызбанұсқасы пайдаланылады. Бұл сызбанұсқа оқушылардың парталарына да қойылған, сондықтан олар сол бойынша түсіндіруді қадағалайды, пысықтап, айтысып, дәптерге жазып алады.

[pic]

Оқушылардың жыныс хромосомаларының жыныс белгілерін жеткізіп қана қоймай, теңдік хромосомаларды да жеткізетін анықтап алуы қажет. Жынысқа тіркес генетикалық жазба X немесе У хромосома түрінде, ал дәрежесі теңдік белгінің геніне сәйкес жазылады. Мысалы, дальто­низм - Ха, қалыпты керу X15 түрінде жазылады. У хромосомада балама ген жоқ. Екінші рет пысықтау - ауызша есеп­тер, жұмыс дәптеріндегі № 149 тапсырма.

Үйге берілетін тапсырма: §41, параграф бойынша жауабымен 10 сұрақтан тест құрастыру.